Сабақ тақырыбы Ғылымның рөлі Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты


(К) Әңгімелесу кезінде молекулалардың үздіксіз және ретсіз қозғалысының дәлелі иістің таралуы екендігі жайлы қорытынды жасаңыз. (Д)



бет51/126
Дата07.02.2022
өлшемі11,6 Mb.
#93283
түріСабақ
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   126
Байланысты:
5-сынып жаратылыстану мж

(К) Әңгімелесу кезінде молекулалардың үздіксіз және ретсіз қозғалысының дәлелі иістің таралуы екендігі жайлы қорытынды жасаңыз.


(Д) Су құйылған ыдысқа бояғыш заттың бірнеше тамшысын тамызыңыз. Өзгерістерді бақылай отыра, бояғыш заттың бөлшектері қозғалып, су бөлшектерінің арасына таралатындығын оқушылармен талқылаңыз.


(М) Диффузия ұғымына түсініктеме беріңіз және алдыңғы тәжірибелердің негізінде газдар мен сұйықтықтарда бөлшектердің тарау жылдамдығын салыстыруларын сұраңыз.


(Д) Түрлі түсті ермексаздың екі кесегін бірінің үстіне бірін қойып, қатты басыңыз. Оқушылармен талқылаңыз: қатты заттарда диффузия бола ма? Диффузияның жүруіне температураның артуы қалай әсер етеді?


(К) Оқушылардан қатты заттардың, сұйықтықтардың және газдардың құрылымы қандай болатындығы жайлы ойлануларын сұраңыз. Оқушылар талқылау барысында заттар бір-бірінен әртүрлі қашықтықта орналасқан өте ұсақ бөлшектерден тұратыны және осыған олардың агрегаттық күйлері тәуелді болатыны туралы қорытындыға келеді.


(Э) а) Оқушыларға газдардың қасиеттерін зерттеуді ұсыныңыз. Тәжірибе жүргізіп, келесі сұрақтарға жауап беріңіз:
1. Шарды үрлеңіз. Шардың қай бөлігін ауа алып тұр? Газдың пішіні қандай?
2. Қолыңызбен шарды қысыңыз (шардың формасын өзгертіңіз). Ауаның көлемі сақталды ма? Оның пішіні сақталды ма?
3. Шприцтің поршенін тартып, оны ауамен толтырыңыз. Тесігін саусағыңызбен жауып, сыға бастаңыз. Газды сығу оңай ма?


б) Оқушыларға сұйықтықтардың қасиеттерін зерттеуді ұсыныңыз. Тәжірибе жүргізіп, келесі сұрақтарға жауап беріңіз:
1. Мензурканың көмегімен сұйықтықтың көлемін өлшеңіз.
2. Суды пішіні әртүрлі ыдыстарға құйыңыз. Ыдыстың қай бөлігін сұйықтық толтырып тұр? Сұйықтық өз пішінін сақтайды ма?
3. Сұйықтықтың көлемін қайта өлшеңіз. Оның көлемі өзгерді ме?
4. Шприцті сумен толтырыңыз. Тесігін саусағыңызбен жауып, сыға бастаңыз. Сұйықтықты сығу оңай ма?


в) Оқушыларға қатты денелердің қасиеттерін зерттеуді ұсыныңыз. Тәжірибе жүргізіп, келесі сұрақтарға жауап беріңіз:
1. Қатты денелердің пішіні бар ма?
2. Өз көлемін сақтайды ма?
3. Қолыңызбен денені басыңыз. Оны сығу оңай ма?


(Қ) Орындалған тәжірибелердің негізінде оқушылар келесі кестені толтырады:
Қатты денелердің, сұйықтықтардың және газдардың құрылысы

Салыстыру критерийлері

Газ

Сұйықтық

Қатты дене

Молекулалардың орналасуы










Молекулалардың қозғалу сипаты










Молекулалардың әсерлесуі










Негізгі қасиеттері












(М) Бөлшектердің кинетикалық теориясыныңнегізгі қағидаларын тұжырымдау арқылы қорытынды жасаңыз

http://bilimland.kz/.

http://go-url.ru/iq4l


http://structuresubstan.narod.ru/6.htm


http://structuresubstan.narod.ru/3.htm




http://festival.1september.ru/articles/529652/

http://festival.1september.ru/articles/593288/


http://festival.1september.ru/articles/569168/


Құралдар: үрленетін ауа шары, медициналық шприц.


Құралдар: су құйылған ыдыс, өлшеуіш цилиндр, 2-3 түрлі пішінде ыдыстар, медициналық шприц.
Құралдар: әртүрлі заттардан жасалған қатты денелердің жиынтығы (металл, ағаш, пластмасса және т.б.)



Рефлексия

Рефлексия: Оқушыларға түсті шарларды ыдыстарға жабыстыру арқылы «ыдыстарды толтыруды» ұсыныңыз.

«Ыдыстарды толтыр»





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   126




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет