Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:
5.1 A Ғылым әлемі
|
Мектеп:
|
Күні:
|
Мұғалімнің аты-жөні:
|
Сынып: 5
|
Қатысқандар саны:
Қатыспағандар саны:
|
|
Сабақ тақырыбы
|
1.5. Деректерді талдау
|
|
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
|
5.1.5.1 қайталанған өлшеулер кезіндегі арифметикалық орташа шаманы есептейді және тенденцияларын анықтайды
|
Сабақ мақсаттары
|
Сабақ барысында оқушылардың топтық жұмысын ұйымдастыру
Теорияда алған білімдерін практикада қолдануға үйрету
Зертханалалық құралдармен жұмыс жасау дағдыларын одан ары дамытады
|
Бағалау критерийлері
|
Өлшеу аспаптары көмегімен өлшеулер жүргізе алады
Арифметикалық орташа мән ұғымын біледі
Алынған мәліметтерді пайдаланып, арифметикалық орташа мәнді анықтай алады
|
Тілдік мақсаттар
|
Пәнге тән лексика мен терминология:
Сызғыш- ruler
Өлшеуіш таспа- tape-line
Секундомер – stopwatch
Арифметикалық орташа мән- Аrithmetic mean
Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:
Бірнеше санның арифметикалық ортасы деп сол сандардың қосындысын қосылғыштар санына бөлгенде шығатын бөліндіні айтады
|
Құндылықтарды дарыту
|
Топпен жұмыс жасау барысында оқушыларды ауызбіршілікке тәрбиелеу.
Жасалған жұмыстарды талдау барысында сыныптастарының пікіріне құрметпен қарау қасиеттерін бойына сіңіру
Шығармашылық қабілеттерін дамыту, ұқыптылыққа үйрету
|
Пәнаралық байланыстар
|
Санның арифметикалық орташа мәнін анықтау барысында математика пәнімен кіріктіріледі. Ол мұғалімнің түсіндіруі арқылы жүзеге асады.
Дифференциациялық тапсырмалар беру барысында медиана, мода және өзгеріс ауқымын анықтау барысында математика пәнімен байланыс жасалады
|
АКТ қолдану дағдылары
|
http://www.bilimland.kz/ Сандардың арифметикалық ортасы тақырыбында бейнематериал қарайды
http://www.bilimland.kz/kk/content/lesson/11174-sandardyng_arifmetikalyq_ortasy_ozgeris_auqymy_modasy сайты арқылы оқушылар тапсырмалар орындайды
|
Бастапқы білім
|
Өлшеуіш таспа, секундомер және сызғыш сияқты өлшеу аспаптарымен өлшеулер жүргізе алады. Өзінде бар білімдерді пайдаланып, жаңа сабақта эксперименттік тапсырмалар орындай алады.
|
|