Сабақ тақырыбы Ғылымның рөлі Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты



бет50/110
Дата21.05.2024
өлшемі10,07 Mb.
#202679
түріСабақ
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   110
Байланысты:
5-сынып жаратылыстану қмж-1


Ұзақ мерзімді жоспардағы тарау:
5.2A Заттар және материалдар .



Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:



Сынып: 5

Сабақта қатысқаны:

қатыспағаны:

Сабақ тақырыбы

5.2В Заттардың жіктелуі



Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына
сілтеме)

5.3.2.3 құрамы белгілі ерітіндіні дайындау
5.3.2.4 еріген заттың массалық үлесін есептеу
5.3.2.5 заттарды ерігіштігі бойынша, металдар және бейметалдарға жіктеу



Сабақ мақсаттары

– бөлшектер теориясының негізгі қағидаларын білу

Бағалау критерийлері

Оқушы оқу мақсатына жетеді, егер:
– бөлшектердің сұйық және газтектес заттарда таралуының ерекшеліктерін түсіндіреді
– бөлшектер теориясына сәйкес заттардың қатты, сұйық және газ күйіндегі құрылымын түсіндіреді

Тілдік мақсаттар

Лексика мен фразаларды қоса, тілдік мақсаттарды анықтаңыз.
Оқушылар орындай алады:
бөлшектердің сұйық және газтектес заттарда таралуының ерекшеліктерін, сонымен қатар, бөлшектер теориясына сәйкес заттардың қатты, сұйық және газ күйіндегі құрылымын түсіндіру арқылы топта/жұпта ауызша хабарлама жасау
пәнге қатысты лексика мен терминология:
газдар, сұйықтықтар, қатты заттар, диффузия
Диалог/жазылымға арналған пайдалы сөздер/сөздер тіркестері/фразалар:
Заттардың бір бірімен араласып, біріне бірі өтуі құбылысын Х деп атайды.
Әсіресе Х … жылдам жүреді, баяуырақ – …, өте баяу – ... .
Температураны арттырғанда Х құбылысы ... жүреді.

Құндылықтарды дарыту

Топта/жұпта жұмыс жасау арқылы ынтымақтастық.
Сыни тұрғыдан ойлаудың дамуы.
Талдау, қорытынды жасай алу дағдыларының дамуы.

Пәнаралық байланыс

химия–физика: молекулалық-кинетикалық теорияның негізгі қағидалары

АКТ дағдылары

Видео көру

Алдыңғы білім



Бастауыш мектептің «Жаратылыстану» пәнінен оқушылар заттардың агрегаттық күйлері бойынша жіктелуін біледі және оларды сипаттай алады.

Сабақ барысы

Сабақтың
кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Ой қозғау

(М) (Д) Қоңырауда (оқушылардың көңілін аудартпай) жағымды, хош иісті заты бар құты/флакон ашып қойыңыз (әтір немесе кофе). Оқушылардың біреуі жағымды хош иісті сезген соң кабинеттегі ауада иіс қалай таралатыны жайлы әңгімені бастаңыз. Әңгіме бірқалыпты сабақтың басталуына әкелуі тиіс. Күнделікті бақылаударының негізінде оқушыларға келесі сұрақтарға жауап беруді ұсыныңыз:

  • Егер әтір құйылған құтыны ашса, онда …;

  • Егер марганцовканың түйіршігін суға салса, онда …;

  • Егер мұзды қыздырса, онда …;

  • Егер бір тамшы майды суға тамызса, онда …;

Біздің сабағымыздың мақсаты болып жатқан осы құбылыстарды бөлшектердің кинетикалық теориясы тұрғысынан түсіндіру.

Әтір құйылған құты/флакон немесе басқа да жағымды хош иісті зат

Мағынаны тану



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   110




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет