Сабақ тақырыбы Ғылымның рөлі Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты



бет9/110
Дата21.05.2024
өлшемі10,07 Mb.
#202679
түріСабақ
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   110
Байланысты:
5-сынып жаратылыстану қмж-1

АКТ қолдану дағдылары

Сабақ барысында Power Point презентациясын және Интернет желісін қолдану

Бастапқы білім



Ғылыми жаңалықтардың айқындаушы рөлін және олардың адамның күнделікті өміріне әсерін, ақпарат көздерінің түрлерін және зерттеу әдістерін: бақылау және тәжірибені біледі.
Тәжірибе жүргізу жоспарын құрастыруды, қоршаған әлемге бақылау жүргізуді және диаграммалар түрінде құрастырылған жоспар бойынша жүргізілген тәжірибе нәтижелерін белгілеуді, қорытындылар тұжырымдауды біледі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет



Ресурстар

Сабақтың басы



Сабақты ұйымдастыру
Ынтымақтастыру атмосферасын құру
«Шаттық шеңбері» оқушылар бір-бірімен қол ұстасып, шеңбер бойымен тұрады. Бір – біріне қарап, жақсы тілек айтады.

Оқушыларға түрлі іс-әрекеттер бейнеленген карточкаларды беріп, оларды рет-ретімен орналастыруды сұрау.




Жетелеуші сұрақтар арқылы оқушыларды жоспарлау туралы ұғымға әкелу
Мысалы:

  • Кейіпкерге ат қойыңыздар

  • Бұл суретті қалай атауға болады?

  • Ол не істеп жатыр?

  • Осы әрекеттер ретін сақтау маңызды ма?

  • Әрекеттер реті сақталмаса не болар еді?

Оқушыларға сабақтың тақырыбы хабарланады.
Оқушылармен бірлесе отырып, сабақтың мақсаты мен жетістік критерийін құрастыру.

Power Point презентациясы, карточкалар

Сабақтың ортасы

Оқушыларды әр түрлі геометриялық фигуралар арқылы 5 топқа бөлу.
Әр топ оқушылары сынып бөлмесінің қабырғаларына жапсырылған тақырыптық суреттерді таңдайды.
Суреттер мазмұны:

Оқушыларға тапсырма:

  • Суретке ат қою;

  • Тақырып бойынша әркеттердің жоспарын құру;

  • Мүмкіндігінше көрініс (инсценировка) көрсету

Оқушыларға тапсырманы түсіндіргеннен кейін бағалау критерийін бірлесе отырып құрастыру.


(Жж) Оқушылар берілген тақырыптар аясында жоспарлау жүргізеді:

Жоспарлауды аяқтағаннан кейін оқушылар өздерінің жоспарлау кезеңдерін атайды, сыныппен талдайды.


Өздері құрастырған критерийлер бойынша бірін –бірі бағалайды.
Осы тапсырма оқушыларға өз қызметін жоспарлай білу дағдысын бағалауға мүмкіндік береді
(Т) Күнделікті тұрмыста қолданылатын қарапайым заттарды пайдалана отырып, оқушылардың зерттеу жүргізу дағдысын қалыптастыру мақсатында тәжірибелер орындау (оқушылар бастапқы топтарында жұмыс жасайды)
Алдарыңызда өсімдік майы, су, стақан, ыдыс жуатын құрал берілген. Осы заттарды пайдалана отырып, қандай тәжірибе орындауға болады, ойланыңыз? Келесі кезеңдер бойынша зерттеу жүргізіңіз:

  • Бақылау жүргізіңіз;

  • Гипотеза жасаңыз;

  • Кітаптарды зерттеңіз;

  • Тәжірибені орындаңыз;

  • Деректерді талдаңыз;

  • Өз жаңалықтарың туралы хабарлаңыз



(Б) Алдын ала таратылған критерийлер негізінде топтар бірін-бірі өзара бағалайды. Бағалау критерийлері:

  • Зерттеу сұрағының ғылымилығы;

  • Болжамның түсінікті әрі тексеруге мүмкін болуы;

  • Зерттеу кезінде қауіпсіздік шараларының қадағалануы;

  • Әрекет ретінің сақталуы;

  • Деректердің нақты әрі шынайы жинақталуы;

  • Зерттеу бойынша қорытындының дұрыс, сауатты тұжырымдалуы.

Геометриялық фигуралар, суреттер

өсімдік майы, су, стақан, ыдыс жуатын құрал





Сабақтың соңы

Сабақ соңында оқушылар «Аргумент» әдісі арқылы
рефлексия жүргізеді:

Менің бүгінгі сабақтағы көңіл күйім................болды, себебі...................


Мен сабақта ......................жұмыс жасадым, себебі..............
Тақырып мен үшін.................болды, себебі






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   110




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет