Сабақ тақырыбы: §2. Физика –табиғат туралы ғылым. Физика және техника.
Сабақ мақсаты:
Оқушыларға физикалық құбылыстар, физиканың мақсаты, физика заңдары, физикалық ұғымдар, қазіргі заманның ғылыми-техникалық жетістіктерінің ерекшеліктері туралы түсінік алуға жағдай жасау.
Оқушылардың ой-өрісін, ойлау қабілетін жетілдіру. Пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Жауапкершілікке, еңбекқорлыққа тәрбиелеу
.
Аристотель (көне грекше:Ἀριστοτέλης; б.з.б. 384 ж., Стагира (Орталық Македония), Халкидики түбегі — б.з.б. 322 ж. 7 наурыз], Халкида, Эвбея аралы) — ежелгі грек философы, Платонның шәкірті, Ескендір Зұлқарнайынның (ұлы Александр) ұстазы, «адамзаттың бірінші ұстазы» деген құрметті атаққа ие].
Ол ғылым мен парасаттың көптеген тақырыптарын жүйелі әрі жан-жақтылы зерделеп, жаратылыс пен өмірдің түрлі құбылыстарына нақты ғылыми зерттеулер жасап, артына сүбелі еңбектер жазып қалдырды. Аристотель ғылымның көптеген саласының алғашқы негізін қалады, олардың арасында физика, метафизика, поэтика,театр, музыка, логика,
(шешендік өнері), саясат, этика, эстетика, биология, зоология және экономикақатарлылар айрықша аталады. Ол қалдырған философиялық пайым жүйесі мен ғылыми зерттеу дәстүрі кейінгі мұсылмандық және христиандық мәдениетке, шығыс-батыс өркениетіне айрықша ықпал етті. Қазақтың ұлы ойшылы Абай Құнанбайұлы өзінің «Ескендір» поэмасында Ескендірдің көзтоймастығына салыстырмалы Аристотельдің ғажайып даналығын айқын сипаттайды.
Әбу Насыр Әл-Фараби (араб.: أبو نصر محمد الفارابي ) Әбу Насыр Мұхаммад ибн Мұхаммад Тархан ибн Узлағ әл-Фараби (870 - 950 ж. ш.) - әлемге әйгілі ойшыл, философ, социолог, математик, физик, астроном, ботаник,лингвист, логика, музыка зерттеушісі. Абайдың Фараби еңбектерімен таныстығы жөнінде нақтылы мәліметтер жоқ. Дегенмен Сағдидық: «... философияға, даналыққа зор мән берген Абай әл-Фараби, ибн Синалармен таныс болуымен бірге осы ғақпиялар кітаптарынан да мағлұматы бар еді» (Абайдың республикалық әдеби-мемориалдық музейі. Инв. №172, 17-6.), - деп айтылған пікірі Абайдың Фараби еңбектерімен таныс болғандығын анықтай түседі. Абай өз шығармаларында нәр татқан рухани бұлақтар төркінін жасырмайды, ол қайта: «Ғылымды іздеп, Дүниені көздеп, Екі жаққа үңілдім..,» - деп ескертуінде мәні терең сыр жатыр. Фараби мен Абай шығармаларындағы пікір сабақтастығын, ақын шығармашылығы нәр алған рухани көздерінің түп-төркінін қарастырғанда, алдымен екі ұлы ойшылға ортақ «жан қуаты» немесе Абайдың өз сөзімен айтқанда «өзін танымақтық» жөніндегі көзқарасына айрықша назар аудару қажет
Михаил Васильевич Ломоносов (1711-1765) - орыстың ұлы ғалымы, жаратылыстанушы, ақын, философ,суретші, тарихшы, ағартушы.
(1741-1750 ж.) өзінің корпускулалық (атом-молекулалық) ілімінің негізін жариялады, ол тек 100 жылдан кейін ғана дамыды;
(1744-1748 ж.) жылудың кинетикалық теориясын ұсынды;
(1747-1752 ж.) химиялық құбылыстарды ұғындыру үшін физиканың қажеттігін түсіндірді және химияның теориялық бөлімі үшін «физикалық химия», тәжірибелік бөлімі үшін «техникалық химия» атауларын ұсынды.
Кибернетика мен электрондық есептеуіш техникасының дамуы.
ХХ ғасырда адамзат физика мен техникаға жетістіктерінің арқасында ғарышқа көтерілді
Табиғат пен адамның бірлігін білдіретін қандай нақыл сөздерді, мақалдар мен мәтелдерді білесіңдер?
Физиканың мақсаты неде?
Физика заңдары қалай ашылды?
Физикалық теориялар қалай жасалды?
Физикалық терминдар мен ұғымдар дегеніміз не?
Ғылыми –техникалық жетістіктерді ата.
Пысықтау.
§3,§4. Астрономия – аспан денелері туралы ғылым Орта Азия ғалымдарының ғылымды дамытуға қосқан үлестері. Ерте дүниедегі халық астрономиясы.
Астрономия
(көне,,грекше: ἄστρον «жұлдыз» + νόμος (номос), «заң» ) - ғарыштық денелердің құрылысы, дамуы, олар құрайтын ғарыштық жүйелер және тұтас Ғалам туралы ғылым.
Галактикалар – жұлдыздар жүйесі мен олардың шоғырлары.
Галактикалар – жұлдыздар жүйесі мен олардың шоғырлары.
Біздің ғалам – шексіз әлемнің біздер орналасқан бөлігі.
Космонавтика әлем кеңістігіндегі ғарыш аппараттарының қозғалысын талдап, зерттейді.
Космогония аспан денелерінің пайда болуын және дамуын зерттейді.
Космология - бүкіл әлем туралы, оның жалпы қасиеттері туралы ілім.
Пысықтау.
Пысықтау.
1.Астрономия ғылымының дамуына қандай қажеттілік себеп болған?
2. Астрономия ғылымы нені зерттейді?
3. Астрономияның қандай салалары бар?
4. Ертедегі Орталық Азия елдері ғалымдарынан кімдерді білесің? Олардың қандай еңбектері бар?
5. Аспан денелері туралы астрономиялық атаулар қалай қалыптасқан?