Коучинг сабақ жоспары
Сабақ тақырыбы:
|
Функционалдық сауаттылықты дамытудың әдіс-тәсілдері
|
Жалпы мақсат:
|
Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту бойынша шаралар жүйесін іске асырудың тетіктерін анықтау;
Оқушылардың білім сапасын арттыру үшін қолданылатын жаңаша әдіс-тәсілдерді меңгеру, игеру.
Сын тұрғысынан ойлау технологиясының стратегияларын қолдану арқылы оқушылардың өз бетінше ізденудің тиімді жолдарын анықтау.
|
Сілтеме:
|
Мұғалімдерге арналған нұсқаулық.
|
Оқу нәтижесі
|
Мұғалімдер сабақта функционалдық сауаттылықты дамытудың әдіс-тәсілдерін тиімді жүргізе алады;
Оқушылардың сөйлеу шеберлігін арттырады;
Өз пікірін дәлелдей алуға үйренеді;
Басқаның пікірін бағалай алады.
|
Түйінді идеялар:
|
Функционалдық сауаттылықты қалыптастыру –заман талабына сай өскелең ұрпақтың өмірге бейімділігі, халықаралық стандарт деңгейінде сапалы білім мен тәрбие алуының негізгі құралы.
|
Сабақта қолданылатын материалдар:
|
Интерактивті тақта, флипчарт қағаздары, стикер, презентация, маркер,бейнесюжет
|
Оқыту әдістері:
|
ОҮБ
АКТ
СТО
|
1.Топтық жұмыс
2.Диалог
|
Дерек көздері:
|
Үлестірмелі материалдар, А3 қағазы, стикер, АКТ,түрлі-түсті магниттер, флипчарт, маркер, үлестірмелі парақшалар
|
Тапсырмалар:
|
Сұрақтарға жауап беру,салыстыру,талдау,өзара пікірлесу
|
Сабақ бойынша коуч пен мұғалімдердің іс-әрекеті:
Сабақтағы іс-әрекеттер
|
Коучтың іс-әрекеті
|
Мұғалімдердің іс-әрекеті
|
Ұйымдастыру:
(5 мин)
|
Коучинг сабақтың қатысушылармен сәлемдесу.
1.Жағымды психологиялық хал-ахуал қалыптастыру. Сергіту сәті: «Мен кіммін?» Қатысушылар бір сөйлеммен өздерін таныстырады
Мысалы: Мен самал желге ұқсаймын, себебі.....
|
Сабаққа деген көңіл-күйлері көтеріңкі болады.
|
Топқа бөлу және топ ережесін құру
(5 мин)
|
Мұғалімдерге әр түрлі түсті таңдау арқылы топқа бөлінеді. Сабақтың мақсаты мен нәтижесін таныстыру.
“Маған айтып берсең –
ұмытып қаламын,
Көрсетсең – есте сақтармын,
ал өзіме жасатсаң – үйренемін” Конфуций
|
Қойылған сұрақ арқылы сабақтың тақырыбын анықтайды,топқа бөлінеді.
|
Видео көрсетілім
(10 минут)
|
Миға шабуыл әдісі арқылы Ашық сұрақтарға жауап алу функционалдық сауаттылықты дамытудың әдіс-тәсілдері туралы өздерінде қандай ақпараттар бар екенін білу
«Қазіргі тез өзгермелі әлемде функционалдық сауаттылық – оқушының әлеуметтік мәдени, саяси және экономикалық қызметтерге белсенді қатысуына, сондай-ақ өмір бойы білім алуына ықпал ететін базалық фактор. Сұрақты қою арқылы нені білгіңіз келеді?
|
Мұғалімдер ой қозғайды, сұрақтарға жауап береді. Топ мүшелері бейнефильмді көреді. Бейнефильм мазмұны бойынша ой бөліседі.
|
1 -тапсырма
(15 мин)
Қорғауға 5 минут
|
Кубизм стратегиясы арқылы берілген тапсырманы орындау.
Суреттеңіз. Функционалдық сауаттылықты дамытудың қандай әдіс-тәсілдерін білесіздер?
Салыстырыңыз.
Зерттеңіз.
Болжаңыз.
Қолданыңыз.
Талдаңыз.
Баяндаушы-әңгімені мазмұндайды;
Сынаушы- баяндаушының жіберілген қателерін айтады;
Талдаушы- баяндаушының жақсы жақтарын айтатып, қорғап шығуы керек;
Сұрақ құрастырушы-сұрақтар даярлайды.
|
Топтық жұмыс барысында бағалаудың мәнін талқылайды,ынтымақтастық орнайды,бірлесіп жұмыс жасайды.Бір-бірімен ой бөліседі.
|
Рефлексия
5 минут
|
Өткір сұрақтар:
1. Функционалдық сауаттылықты дамытудың әдіс-тәсілдері бойынша не білдіңіз?
2.Бүгінгі үйренгеніңіз сіз үшін болашақта қажет болады деп ойлайсыз ба?
3.Сіз үшін қиын болған сәттеріңіз қандай?
4.Бұл тәсіл оқушылардың қандай білік-дағдыларын қалыптастырады?
5. Бұл тәсілді сабақта пайдалануға тиімді болады ма?
|
Топтар бір-бірінің жұмыстарын өзара бағалайды.
|
Ақпарлама
(15 мин)
|
Презентация таныстыру
Функционалдық сауаттылықты дамытудың төрт құзіретілігі:
1. білім мазмұнын түбегейлі жаңарту.
2. оқу нәтижелерін бағалау жүйесін жаңарту
3. балаларды оқыту мен тәрбиелеуге ата-аналардың белсенді қатысуы
4. қосымша білім беру жүйесін дамыту
|
Таныстырылымды тыңдайды
|
Сергіту сәті
5 минут
|
Психологиялық тренинг – «Жунглидағы жаңбыр».
|
Мұғалімдердің көңіл- күйі көтеріледі, аз да болсын денесі шынығады
|
Қорытынды Топтық жұмыс
3-тапсырма
(15 минут)
|
«Мектепте Функционалдық сауаттылықты дамытудың әдіс-тәсілдерін қолдану.
1.Ой толғау.
2. «Ішке және сыртқа» әдісі бойынша талдау жұмысы.
3. Блум түймедағы
4. «Болжау» әдісі арқылы талдау.
|
Мұғалімдер өз ойларын дәлелдерімен жеткізеді,тұжырымдайды,қорытындылайды.Сұраққа байланысты оң және теріс пікірлерін айтады.
|
Кері байланыс
(5 мин)
Бағалау
(5 минут)
|
Бүгінгі өткен коучинг бойынша өз ойларыңызды білдіріңіздер.
1. Сіздің бүгінгі коучинг-сабақтан алған әсеріңіз?
2. Ұтымды жақтарын атаңыз?
3. Қай тапсырма түрі сізді қанағаттандырмады?
4. Келесі коучинг сабақта қандай мәселелерді қозғағанды қалайсыз?
5.Сіз үшін не маңызды болды?
6.Ұйымдастырушыларға ұсыныстарыңыз бен тілектеріңіз?
«Бағалау ағашы».
маған бәрі ұнады,түсінікті.
-маған сабақ ұнады,бірақ мен толық түсінбедім.
мен түсіндім,бірақ мені қызықтырмады
мен ештеңе түсінбедім
|
Әрқайсысы өз пікірлерін білдіреді.
Стикерлер арқылы өз ойларын жазады.
Рефлексия жазу (Стикерлер арқылы өз ойларын жазып, айтады.)
|
«Жай мұғалім хабарлайды,
Жақсы мұғалім түсіндіреді.
Керемет мұғалім көрсетеді,
Ұлы мұғалім шабыттандырады» - деген Уильян Уордтың даналығын есте сақтай отырып, қазіргі таңда бәсекеге қаблетті,алған білімін өмірде қолдана алатын жеке тұлға қалыптастыруда ұстаздардың еңбегі биіктерден көріне берсін!
Мен...........кезде жолбарысқа айналамын.
Мен самал желге ұқсаймын,себебі..........
Мен кейде ......өзімді құмырсқадай сезінемін.
Мен стакандағы сумын,өйткені..............
Мен әдемі гүлмін,себебі............................
Мен шамшырақпын..................
Мен О әрпі секілдімін,себебі......................
Мен кейде тышқанға ұқсаймын...................
Мен балыққа ұқсаймын, өйткені.................................
Мен дәмді таңғы аспын....................
Мен қызық кітаппын,себебі.....................
Мен биік жартаспын,өткені.....................
Мен айсбергпін,себебі.....................................
Мен сүрлеу жолмын, себебі.........................
Мен әнмін,өйткені...........
Ататүрік атындағы №4 мектеп-лицейі
Коучинг тақырыбы:
«Функционалдық сауаттылықты дамытудың әдіс-тәсілдері»
Өткізген: Исаева М.
2016-2017 оқу жылы
Достарыңызбен бөлісу: |