Сабақ тақырыбы Газ алмасу Өкпе мен ұлпадағы газ алмасу миханизмдерін сипаттау



бет4/7
Дата17.12.2021
өлшемі1 Mb.
#102119
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
docx1596402784

Тынысалу қозғалыстарытынысалу және тынысшығару арқылы жүзеге асады. Демді ішке алғанда қабырғалар сәл көтеріліп, көкет тегістеледі. Кеуде қуысы кеңейеді. Көкет - диафрагма кеуде қуысын құрсақ қуысынан бөліп тұратын күмбез тәрізді бұлшықетті перде. Тыныс алғанда кеуде қуысының көлемі үлкейеді. Сыртқы қабырғааралық бұлшықеттердің жиырылуынан қабырғалар көтеріледі.Тынысалуға көкет пен қабырғааралық бұлшықеттерден басқа кеңірдек пен ауатамырлардың шеміршек арасындағы бұлшықеттер де қатысады.

Тыныс шығарғанда кеуде қуысы мен өкпенің көлемі кішірейеді. Көкет күмбезденіп, қайта қалпына келеді. Өкпе көпіршіктеріндегі қысым артып, ауа өкпеден ауа жолдары арқылы сыртқа шығарылады. Жиі тыныс шығарғанда ішкі қабырғааралық және құрсақтың бұлшықеттер қысылып жиырылады. Тынысалуға қабырғааралық еттер белсенді қатысса – «көкіректі» тынысалу типі ал көкет белсенді қатысса «құрсақты» тынысалу типі дейді.

Өкпедегі газ алмасу –тыныс алғанда атмосфералық ауаның құрамында 79 % - азот, 21% - оттек, 0,03 % - көмірқышқыл газы және т.б. болады. Тынысалу актысы кезінде өкпе көпіршіктерінен оттегі – қанға, көмірқышқыл газы өкпеге өтеді. Оттегін тасушы – гемоглобин.

Ұлпалардағы газ алмасу – ұлпа жасушаларындағы оттегінен артерия қанындағы оттегінің мөлшері көп болады. Оттегі қылтамырлардың қабырғаларынан жасушаларға өтеді де, оландың тіршілік әрекеттеріне жұмсалады. Ұлпаларда қан оттегін беріп, көмірқышқыл газына қанығады.

Өкпедегі және ұлпалардағы газ алмасу үш кезеңнен тұрады :

  • сыртқы (өкпелік)

  • газдардың қан арқылы тасымалдануы.

  • ішкі (ұлпалық) газ алмасу деп аталады.


Есептер шығару. №1. Егер бір оқушы минутына 16 рет тыныс алып, 500 см3 ауаны жұтатын болса, 45 минуттық сабақ бойында сыныптағы 20 оқушы қанша см3 ауа жұтады? №2. Адамның қанындағы гемоглабиннің жалпы мөлшері 750г. Бір грамм гемоглабин 1,34 см3 оттегімен байланыса алады. 0,5 мин қан бір айналып шығады. Бір сағат ішінде бір адам қанша (О2 мен) демалатынын есепте: 1г Нb – 1,34 см3 750 г Hb – х см3 Х= 750 2)0,5 м – 60 мин – х Х= 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет