Сабақ тақырыбы Гибридтену түрлері: (sp, sp ,sp )



Дата07.02.2022
өлшемі284,72 Kb.
#97424
түріСабақ
Байланысты:
1 gibridtenu


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:



Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 10

Қатысқандар саны:
Қатыспағандар саны:




Сабақ тақырыбы

Гибридтену түрлері: (sp, sp2,sp3)

Осы сабақта қолжеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

10.1.4.4 Атом орбитальдарының гибридтену түрлері.
10.1.4.5 Заттардың құрылымы мен қасиеттері арасындағы байланыс.

Сабақ мақсаттары

  • атом орбитальдарының гибридтену түрлерін түсіндіру

  • заттардың құрылымы мен қасиеттері арасындағы байланысты түсіндіру;

Жетістіккритерийлері

-гибридтену түрлерінің айырмашылығын түсіндіре алады.
- заттың қасиеттеріне тәуелділігін түсіндіреді.

Тілдікмақсаттар



Оқушылар гибридтену түрлері туралы айтады және кеңістіктегі бейнеленуін сызады.
Пәнге қатысты лексика және терминология: иондық, ковалентті, металдық, делокализацияланған кристалдық торлар, макромолекулалық, донорлы акцепторлы, диполь, электртерістілік, валенттілік, тетраэдрлі, пирамидалы, үш бұрышы, октаэдрлі, сызықты байланыстар.


Диалог пен хатқа арналған пайдалы сөйлемшелер жиынтығы:
Гибридтену бұрыштары қай аралықта жатады?
sp3 және sp кеңістікте қалай орналасады?
sp2 және sp гибридтену бұрыштары арасындағы бсты айырмашылық?sp

Құндылықтардыдарыту

Нақтылық, шынайылық, тазалық, ұқыптылық, жан-жақтылық

Пәнаралықбайланыстар

Химия пәнінің маңызын түсіндіру барысында физика және өнер пәндерімен байланыс орнатылады.

АКТ қолдану дағдылары

Power point, бейнематериалдар.



Бастапқы білім

10.1A Атом құрылысы
7.3В Химиялық элеметтер және периодтық кесте
8. 1B Атомдардағы электрондардың қозғалысы
8.3С Бейорганикалық қосылыстардың негізгі класстары Генетикалық байланыс
9.1С Химиялық элементтер және периодтық кесте



Сабақбарысы

Сабақтыңжоспарланғанкезеңдері

Сабақтағыжоспарланғаніс-әрекет



Ресурстар

Сабақтың басы



Ұйымдастыру.


Салемдесу. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Окушылардың үй тапсырмасын тексеру






Сабақтың ортасы


1.Алмаз, графит, алкандар, алкендер және алкиндер молекулаларының мысалын қолданып, олардың молекулаларының құрылымы олардың қасиеттеріне қалай әсер ететінін түсіндіріңіз.
2. Қанықпаған қосылыстар заттардың қасиеттеріне қалай әсер етеді ( метан қанықпаған байланысқа жатпайды)
(К) Эвристикалық әңгіме. Органикалық заттардың (көмірсутектердің) және бейорганикалық заттардың (аллотропты көміртектің модификациядаланған қосылыстарын ) молекулалалық құрылымы мысалында мұғалім «гибридизация» түсінігін және молекулалардың геометриясының гибридизацияға тәуелділігін және заттардың молекулалық геометриялық сызбасын көрсетеді және қасиеттерін түсіндіреді. Әңгімелесу барысында оқушылар бейорганикалық заттардың молекулалық геометриялық пішінін және олардың жалғыз электрондық жұптардың қасиеттеріне әсерін түсінеді және біледі.
Сұрақтар:

  1. Көміртектің қалыпты жағдайдағы электронды және графикалық формуласын салу?

  2. Көміртектің қозған күйдегі электрондық және графикалық формуласын салу?

№1 Лабораториялық жұмыс Заттардың модельін құрастыру ( N2. O2 алмаз)


Мақсаты:
Гибридтену түрлері: sp-, sp2-, sp3-.
(У) Гибридтену - пішіндері әр түрлі, энергиялары шамалас орбитальдардың араласып, пішіні, энергиясы, байланыс бұрышы, т.б. сипаттамалары бірдей гибридтенген жаңа орбитальдар түзілуі.
Гибридтену түрлері:

(F) Оқушылар гибридтену түрлерін кеңістікте орналасуын сұрап, процесті біртіндеп қиындатады, гибридтенудің осы түрлерімен заттардың мысалдарын сұрайды.


Оқушылар сұраққа жауап береді.
Гибридтену дегеніміз не?
Гибридтенудің қандай түрлері болады?
Көміртек атомдарын қандай электрондық бұлттар қоршайды?
Кім жүйрік” ойыны
Оқушыларға интербелсенді тақтадан мынадай тапсырмалар беріледі. Әр топ тапсырманы бір-бірімен жарыса орындайды.
Тапсырма № 1.


І топ:
СО2, ССІ4 молекулаларының кеңістіктік формуласын құрастыр.
ІІ топ: SO3, BeH2 молекулаларының кеңістіктік формуласын құрастыр.
ІІІ топ: POCI3, BCI3 молекуласының кеңістіктік формуласын құрастыр.


Бағалау. Бағалау парағына топ басшысы жауап берген оқушыларды бағалайды.
Тапсырма № 2.
Деңгейлік тест тапсырмасы
A деңгей
1.Әр деңгейшелердегі орбитальдардың пішіні мен энергиясының теңесу процесі не деп аталады?
a) Электрон жұбының ығысуы;
б) гибридизация;
с) иондану;
д) химиялық байланыстың түзілуі.


2. Атом орбитальдарының гибридизациясы ұғымын алғаш енгізген кім?
a) А.М.Бутлеров;
б) Л.Полинг
с) Э.Резерфорд
д) Д.И.Менделеев


3. BCI3 молекуласындағы гибридизация типін көрсетіңіз:
a) sp
б) sp2
с) sp3
д) dsp


4. sp2 гибридизациясы бар молекулалардың геометриясы қандай?
a) тетраэдр
б) бұрыштық
с) белгілі пішіні жоқ
д) сызықтық


В деңгей


5. Ацетилен молекуласындағы а) гибридтену типін, б) геометриясын көрсетіңіз:
a) sp – сызықтық;
б) sp2 – бұрыштық;
с) sp3 – бұрыштық;
д) sp3 – бұрыштық.


6. Молекуланың кеңістіктегі құрылысы ковалентті байланыстың қандай қасиетіне негізделген?
a) бағытына
б) беріктігіне
с) қаныққандығына
д) байланыс энергиясына
7. BF-4 ионының кеңістіктегі пішіні қандай?
a) сызықтық
б) бұрыштық
с) тетраэдр
д) үшбұрыштық
8. Мына қатарда гибридтену типі қалай өзгереді?
a) sp → sp2 → sp3
б) sp → sp3 sp2
с) sp2 → sp3 → sp
д) sp3 → sp → sp2


С деңгей


9. 220 г 7%-тік күкірт қышқылы ерітіндісімен құрамында 2 моль барий хлориді бар ерітінді әрекеттескенде түзілген тұнбаның массасы
a)36,2 г
б) 35,25 г
с) 37,28 г
д) 35,52 г
10. Массасы 32 грамм мыс (ІІ) оксиді мен темір (ІІІ) оксидінің қоспасын термиялық тотықсыздандырғанда 9 грамм су түзілгендігі белгілі болса, осы қоспадан неше моль темір алуға болады?
a) 0,2 моль
б) 2 моль
с) 0,1 моль
д) 1 моль


Тест кілті:
1 - б, 2 -б, 3 - б, 4 - б, 5 - а, 6 - а, 7 - с, 8 - а, 9 - с, 10 - с

Презентация, слайд
А-3 парақтары, маркерлер.











Сабақтың соңы



1)Бекіту сұрақтары:

  • Атом орбитальдарының гибриденуі дегеніміз не? Түрлері қандай?

  • Сызықты, бұрышты, пирамидалы молекулаларға мысалдар келтіріңдер және оларды ковалентті байланыстың бағытталу негізінде түсіндіріңдер.

  • Метан, аммиак және су молекулаларына ортақ не бар? Құрылысы бойынша олар немен ерекшеленеді?

2)Бағалау: Сабақ барысындағы жұмыстары бойынша, сабақ критерийлеріне сәйкес оқушыларды бағалап отырған топ басшылары өз бағаларын айтады, сыныппен кеңесе отырып бағалаймын, бағаға түсініктеме беріп, жетілу жолдарын айтамын.
3)Үйге тапсырма: Тақырыпты оқу, интернет материалдарынан қосымша мәліметтер жинақтап әкелу.
Ә.Темірболатова Есептер жинағынан
тақырыпқа байланысты есептер шығару.


4)Рефлексия:
Бүгін мен сабақтан --------------------------білдім.
Бүгін мен сабақтан-----------------------үйрендім.
Бүгінгі сабақтан кейін мен------------------------------------------------------------білуім керек.


(рефлексия парақтарына түсіреді)






Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы




Барлық оқушылар:
-гибридтену түрлерін біледі.
-гибридтену бұрыштарын жатқа біледі.
Көптеген оқушылар
- гибридтену түрлерінің жазықтықта орналасуын және қандай бүрыш аралығында киылысатынын біледі.
Кейбір оқушылар:
-гибридтену түрлерін толықтай кеңістікте сызып бере алады, геометриялық пішінін біледі.

Сабақ кезінде сұрақ қоюларды кеңінен талқылау. Мұғалім өзі алатын жауаптар сапасымен оқушылар білімін бағалайтын болады.

Жеке жұмыстар әр оқушының жеке түсінуін толық бағалау үшін мүмкіндік береді.





Гибридтену түрлері жазықтықта қалай орналаады? деген сауалдар арқылы талқылауға
кең мүмкіндік алады.
Сабақта денсаулық пен қауіпсіздік ережелері ескертіледі

Сабақ бойы оқушылар мен мұғалім арасында, оқушылардың өздері арасында талқылаулар жүреді, бұл тілдесу дағдысын дамыту және басқалардың пікіріне сыпайы болуы үшін кең мүмкіндіктер береді.





Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба?


Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?
Жеткізбесе, неліктен?
Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?
Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?
Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Ж алпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?






Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет