Жаңа сабақты меңгеру Топтық жұмыс Оқушылар төрт топқа бөлініп зертханалық жұмыс орындайды.
тәжірибе:
Қызыл фосфордың жануы (сіріңке)
тәжірибе:
Сутек асқын тотығының ыдырауы
тәжірибе:
Темірдің мыс тұзы ерітіндісімен әрекеттесуі
тәжірибе:
Мыс сульфаты ерітіндісіне аздап натрий гидроксиді ерітіндісін қосу
Әр оқушыға бақылау нәтижесін жазу үшін кесте ұсынылады. Оқушылар өз тобымен ақылдаса отырып, тәжірибе нәтижесін талдайды.
Содан соң әр топтан бір оқушыдан шығып, жасаған тәжірибелерінің тиісті реакция теңдеулерін тақтаға жазады: 1-топ бірінші тәжірибе, 2-топ екінші тәжірибе т.с.с.
Оқушылардан жасаған тәжірибелерінің қорытындысы мен реакция теңдеулеріне қарай отырып, реакция типтерін табуларын сұрау. Қиындық туындап жатырса, реакция типтерінің схемасын ұсыну
Оқушылардың болжамдарын қорытындылап, жалпы химиялық реакция типтері туралы ақпарат беру. Орынбасу реакцияның ерекшелігіне тоқталып кету.
Мұғалімнің түсіндіруі
Жаңа білімді бекіту Жұптық жұмыс (1)
«Сәйкестендіру кестесі» Химиялық реакция типтерін анықтамасымен сәйкестендіріңіздер
Реакция типтері
Анықтамалары
Қосылу
қүрделі заттың жай заттарға ыдырауы
Айырылу
жай зат пен күрделі зат арасында,атомдарының орнын ауыстыруы арқылы жүретін реакция
Орынбасу
екі күрделі заттың арасында жүретін , атомдарының алмасуы арқылы жүретін реакция.
Алмасу
екі немесе бірнеше жай заттан бір күрделі заттың түзілуі