Сабақ тақырыбы: Химиялық реакцияның теңдеуі қандай қатынастарды көрсетеді? Сабақ мақсаттары



Дата01.02.2022
өлшемі60 Kb.
#130401
түріСабақ
Байланысты:
01.02.2022 9 кл ХЕШӘ


Бөлім:

Стехиометриялық есептеулер

Педагогтың аты-жөні:

Кундаев Санат Туремуратович

Күні:

01.02.2022 ж.

Сынып: 9

Қатысқан: қатыспаған:

Сабақ тақырыбы:

Химиялық реакцияның теңдеуі қандай қатынастарды көрсетеді?

Сабақ мақсаттары:

- қосылыстың молярлық массасын есептей біледі;

- реакцияны жаза және теңестіре біледі;

- осы типті есепті шығарудың алгоритмін құрастырады;

- химиялық реакция теңдеуі бойынша зат мөлшерін, зат массасын есептейді;



Сабақ барысы

Сабақтың кезеңі/уақыт

Педагогтың әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

1-4 минут


5-10 минут



Ұйымдастыру кезеңі

1-тапсырма. Сұрақ-жауап. Өткенді қайталау

Оқушылар жауаптарын ақ қағазға жазады, мұғалім бақылайды.



  • Зат мөлшерінің таңбасы

  • Зат мөлшерінің өлшем бірлігі

  • Авогадро тұрақтысы

  • Зат мөлшерін анықтауға арналған 3 формула.

2-тапсырма. Жеке жұмыс

Коэффициенттерді (стехиометриялық коэффициенттер) қойып, химиялық реакция теңдеуін теңестіріңіз.

Әр зат формуласының астына стехиометриялық коэфициентке сай келетін зат мөлшерін (моль санын) көрсетіңіз.

Әр заттың молярлық массасы мен массасын есептеңіз.

  ____Al2O3 +___H2SO4 =___Al2(SO4)3 +___H2O

n = _ моль n = _ моль n = _ моль n = _ моль

M = __ г/моль M = __г/ моль M = __ г/моль M = __г/ моль

m = __ г m = __ г m = __ г m= __ г

Жасалынған жұмыстың нәтижесінде сабақтың мақсаты мен тақырыбы нақтыланады.


Оқушылар ақ қағазға тапсырма орындайды

Оқушылар дәптерлеріне тапсырма орындайды



Мұғалімнің бағалауы

Өзара бағалау жүзеге асырылады.




Ақ қағаздар

презентация



Сабақтың ортасы

11-30 минут

31-37 минут



Оқушыларға тапсырма беріп, орындау барысын қадағалап, бағалайды

3-тапсырма. Жеке жұмыс

  1. 13 г мырыш тұз қышқылымен реакцияға түсті. Реакцияға жұмсалған қышқылдың массасын, түзілген тұздың массасын және бөлінген газдың көлемін анықтаңыз.

  2. Зат мөлшері 8 моль алюминий оксидін алу үшін қажет алюминийдің зат мөлшері мен массасын есептеңіз

Дұрыс жауабы тақтада көрсетіледі.

Қосымша есептер:

№3 есеп. Нәтижесінде 4 моль су алу үшін қанша грамм сутек қажет болады?

№4 есеп. 8г метан жанғанда түзілетін көмір қышқыл газының массасы қанша?

Тапсырма орындайды, әр тапсырманы тексеріп, түсіндіреді





Мұғалімнің бағалауы

Өзара бағалау



Тапсырмалар

Сабақтың соңы

38-40 минут



Рефлексия

  1. Бүгінгі сабақта мен білдім....

  2. Мен білгім келеді....

  3. Мен ... түсінбедім





Тапсырма №1

1. Н2SO4 мольдік массасын есептеңіз.

2. 2,5 моль Н2SO4 масссын анықтаңыз.

Тапсырма №2


  1. Масса және зат мөлшері арасындағы байланысты көрсететін формуланы жазыңыз.

  2. 2 моль, 0,25 моль, моль кальций карбонатының, 3,01*1023 көміртегі атомы массасын есептеңіз.

  3. Натрий сульфатының молярлық массасын табыңыз.

Тапсырма №3 True / False

1.Зат мөлшері – физикалық шама.

2.Зат мөлшері мольмен өрнектеледі.

3.Заттар өзара әртүрлі қатынаста әрекеттеседі.

4.Бір моль суда да, 1 моль темірде де бөлшектер саны бірдей.

5.Авогадро саны жер бетіндегі барлық адамдардың шашының санынан де көп.

6. Әрбір заттың молінің массасы тұрақты шама емес.

7.Алюминийдің 4 атомы мен оттектің 3 молекуласы әрекеттесіп, алюминий оксидінің 4 молекуласын түзеді.

8.А.Авогадро XVIII ғасырда өмір сүрген ағылшын ғалымы.

9.Молярлық масса зат массасының оның мөлшеріне қатынасы.



10.Зат массасы молярлық массаның зат мөлшеріне қатынасы.

Оқу мақсаты:


- масса, зат мөлшері және құрылымдық бөлшектер санын есептеу

Дағдылар:

Дескрипторлар

Түсіну

Білу

Қолдану


-масса және зат мөлшері арасындағы өзара байланысты формула арқылы көрсете алады

-заттың мөлшері арқылы массаны анықтайды

-белгілі зат мөлшері арқылы әр элементтің атом санын есептейді


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет