Бағалау - Оқушылардың үйренгенін, материалды меңгергенін тексеруді қалай жоспарлайыз?
Сабақ барысында оқушылардың тақырыпты қаншалықты меңгергенін дескрипторлар арқылы, бағалау критерийлары негізінде тексердім. Тақырыпты болжау мақсатында жетекші сұрақтар беріліп, оқушылардың жауаптары тыңдалды. Сол арқылы тақырыпты болжады. Тыңдалым материалы бойынша жаңа сөздермен жұмыс жүргізіліп, мағыналас сөздерді сәйкестендіріп, сөйлемдер құрастырды. Сабақтың мақсатына сай бағытталған тапсырмаларды орындап, шығарманың мақсатты аудиториясын болжап, автордың негізгі ойы мен көзқарасын анықтады. Кері байланыс болды, сол арқылы оқу мақсатының орындалғаны айқын болды.
Сабақ бойынша рефлексия Сабақтың оқу мақсаты шынайы ма?
Бүгін оқушылар не білді?
Сыныптағы ахуал қандай болды?
Мен орындаған саралау шаралары тиімді болды ма?
Мен бүкіл уақыт ішінде үлгердім бе?
Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?
Сабақтың оқу мақсаты шынайы. Тапсырмалар негізінде оқу мақсаттары толықтай орындалды. Тыңдаған материал бойынша шығарманың идеясын, кейіпкерлерін тауып, сюжет құрылымын сақтай отыра тапсырмаларды орындады. Тарихи романның мақсатты аудиториясын анықтап, оған дәлелдер келтірді.
Сыныптағы ахуал бірқалыпты болды, оқушылардың барлығы белсене сабаққа араласып отырды.
Қолданылған әдіс-тәсілдер тиімді болды. Уақыт тапсырмалар көлеміне нақты жоспарланып, өлшемге дәл сыйды. Сабақтың ортасы 28 минут.
Тапсырмаларды дайындау барысында тыңдалым материалын өзгерттім. Себебі тарихи романның сюжеті күрделі, тілі ауыр болғандықтан осы романға негізделіп түсірілген фильмді қысқартып, ықшамдадым. Оқушы деңгейін басты назарға ала отырып, сюжеттік құрылымы қарапайым, оқушының қызығушылығын оятатындай етіп таңдауыма топ пен тренердің ықпалы тиді. Сабақты жоспарлауда тренердің, топтың қолдауларымен, кеңестерімен түзете отырып, көп нәрсені үйрендім. Жүргізетін сабақтың сәтті әрі тиімді өтуі - сабақ мақсатының дұрыс жоспарлануы арқылы жүзеге асатынын нақты ұқтым.