(G) тапсырма 2. Жұппен есеп шығару:
Массасы 30 т вагон 1,5 м/с жылдамдықпен қозғалып, автоматты түрде массасы 20 т тыныштықтағы вагонмен тіркеледі. (осындай әрекеттесуді серпімсіз дейді) қандай жылдамдықпен олар тіреклуден кейін қозғалады?
Массасы 400 г футбол добына пенальтида 25 м/с жылдамдық беріледі. Егер вратарь допты қолымен қағып алса, доптың жылдамдығы нольге дейін 0,04 с ішінде жетеді. Допты тепкендегі күшті анықтаңдар. .
Массасы m1 = 800 кг зеңбіректен горизонталь бағытта атады. Зеңбіректің кері тебілу жылдамдығы қандай болады, егер массасы m2 = 1 кг ядро 400 м/с жылдамдықпен ұшатын болса?
0= m2v2— M1v1
M1v1=m2v2
v1=m2v2/m1=0,5м/с
4. Жүгіріп келе жатқан бұқаға арқан салған ковбой бұқаның жұлқып қалғанынан 5 м/с жылдамдықпен алға құлады, ал бұқаның жылдамдығы 9 м/с-тан 8 м/с-қа дейін кеміді. Егер ковбойдың массасы 70 кг болса, бұқаның массасы қанша?
М – бұқаның массасы
m- ковбойдың массасы
V1 – ковбойдың әрекеттесуге дейінгі жылдамдығы
V2 - бұқаның әрекеттесуге дейінгі жылдамдығы
V3 - ковбойдың әрекеттесуден кейінгі жылдамдығы
V4 - бұқаның әрекеттесуден кейінгі жылдамдығы
Импульстің сақталу заңы бойынша:
mV1+MV2=mV3+MV4
сандарын қойып аламыз
70*0+M*9=70*5+M*8
Теңдеуді шешіп жауыабын : M=350 кг
5. Мұздың үстінде құмы бар жәшік тұр. Жәшіктің массасы 25 кг. Егер оған массасы 10г жылдамдығы 500 м/с оқ тиіп ішінде қалса, жәшік орнынан қозғалады ма?. Егер қозғалса қандай жылдамдықпен қозғалады?
Импульстің сақталу заңы бойынша:
м/с
6. Массасы m1 = 120 кг арба v1 = 6 м/с жылдамдықпен қозғалады. Қарсы V2= 2,5 м/с жылдамдықпен жүгіріп келіп адам арбаға секіріп мінеді. Егер адамның массасы m2 = 60 кг болса, осыдан кейін арба қандай V жылдамдықпен қозғалады?
m1v1- m2v2=( m1+ m2)v
v= (m1v1- m2v2)/ ( m1+ m2)=3,2м/с
Шығарылған есептерді талдау.
(I) жеке жұмыс. Қосымша есептер:
383 (С) Аңшы қайық үстінде тұрып мылтық аттады. Қайық осы кезде қандай жылдамдық алады егер аңшы мен қайықтың жалпы массасы 70 кг, бытыраның массасы 35 г және бытыраның бастапқы орташа жылдамдығы 320 м/с? Аңшы мылтықты горизонталь ұстады деп есептеңдер.
401 (С) 10 м/с горизонталь жылдамдықпен ұшқан граната жарылып екі массалары 1 кг және 1,5 кг бөлікке бөлінді. Үлкен бөліктің жылдамдығының бағыты өзгермейді бірақ жылдамдықтың мәні 25 м/с-ке дейін артты. Кіші бөліктің жылдамдығының мәні мен бағытын анықтаңдар.
СМ: дене арасындағы серпімді және серпімсіз соқтығысуларды қоса алғанда импульстің сақталу заңын қолдану.
Жетістік критерийлері:
|
баға
|
Есеп шартын жазамын
|
|
Есеп бойынша суретін саламын, суретте барлық кинематикалық сипаттамаларын әрекеттесуге дейін және кейін көрсетемін
|
|
Импульстің сақталу заңын векторлық түрінде жазамын
|
|
Таңдалған оське қатысты импульс сақталу заңын проекциялар түрінде жазамын.
|
|
Белгісіз шаманы шығарамын
|
|
Есептеуді дұрыс орындаймын.
|
|
2 және одан көп есептерді өзім шығарамын
|
|
|
арба, жүктер жиынтығы демонстрацияға
Алгоритм инструктивті карта
|