«№16 И.В.Панфилов атындағы орта мектеп»
мемлекеттік мекемесі
АШЫҚ САБАҚ
Тақырыбы: «Интернет мүмкіндіктерін игеруді қорытындылау»
11-Ә сынып
Информатика пәнінің мұғалімі Камалдин Р.Т.
Көктерек елді мекені
Сабақтың тақырыбы: Интернет мүмкіндіктерін игеруді қорытындылау.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды «интернет» ұғымымен, интернеттің негізгі қызметімен, адресімен, жұмыс істеу ережесі мен таныстыру.
Дамытушылық: Интернет туралы түсінік бере отырып, оқушылардың информатика пәнінен алған білімдерін толықтыру, ой - өрістерін дамыту, өзіндік іс әрекетін, шығармашылығын, пәнге деген қызуғышылығын арттыру.
Тәрбиеліклік: Оқушыларды жан-жақты болуға, өз бетімен жұмыс жасауға, сауатты жазуға, ізденімпаздыққа, компьютерлік сауаттылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: ДК, мультимедиалық проектор, электронды оқулық.
Сабақтың түрі: қайталау.
Сабақтың барысы:
І-кезең. Білім – тест (қайталау).
ІІ-кезең. Білік – электрондық оқулық.
ІІІ-кезең. Ақыл – Web камераны қолданып сұрақ қою.
ІV-кезең. Іскерлік – оқушыларға деңгейлеп тапсырма беру.
V-кезең. Қорытынды. Үйге тапсырма. Бағалау.
І-кезең. Білім. Тест.
1) Бір немесе бірнеше мемлекет аумағында орналасқан желілер қалай аталады?
А) формалды
Ә) жергілікті
Б) жаңашыл
В) ғаламдық
2) Internet-тегі Қазақстанға тиесілі жоғарғы деңгейлі үйшік атауын көрсетіңіз.
А) .kz
Ә) .ru
Б) .org
В) .kaz
3) Төмендегі аталғандардың қайсылары Браузер бағдарламасы болып саналады?
А) Microsoft Excel
Ә) Outlook Express
Б) Internet Explorer
В) Windows Messenger
4) Интернет желісіне қосылу үшін қажетті құрылғыны атаңыз:
А) басып шығарғыш
Ә) тінтуір
Б) модем
В) джойстик
5) Internet-Чат қызметінің міндеті - ...
А) файлдарды жөнелту
Ә) нақты уақыт аралығы режімінде қатынас жасау
Б) ауа райын болжау
В) тестілеу
6) Skype бағдарламасының көмегімен ... болады.
А) электронды беттерді қарап шығуға
Ә) қажетті ақпаратты іздеуге
Б) электронды поштаны қарап шығуға
В) достармен сөйлесіп, хабарлама алмасуға
7) Модем – бұл ... арналған құрылғы.
А) ақпаратты сақтау
Ә) ақпаратта басып шығару
Б) берілген уақыт мезетінде ақпаратты өңдеуге
В) телефон байланысы арнасы бойынша ақпаратты жеткізу
8) Провайдер – бұл ...
А) Компьютерлерді орнату және баптау қызметінорындайтын компания
Ә) Internet дүкендері қазметін ұсынушы компания
Б) Internet қызметін ұсынушы компания
В) компьютерлер үшін шеткері құрылғыларды өндіруші компания
9) Internet желісінің электронды пошта жәшігіне кіру үшін ... білу керек.
А) пайдаланушының есімі мен үйшігін
Ә) пайдаланушының логині мен құпия сөзді
Б) сервердің құпия сөзі мен атауын
В) логин мен пошта серверінің типін
10) Хаттарды әзірлеуге және жөнелтуге арналған бағдарлама -
А) Microsoft Excel
Ә) Outlook Express
Б) Internet Explorer
В) Windows Messenger
ІІ-кезең. Білік.
SIN_kaz электрондық оқулықтағы 11-модульдегі 10 тапсырманы орындау.
ІІІ-кезең. Ақыл.
Web камераны қолданып сұрақ қою.
Сұрақтар:
1) www.mail.ru сайтындағы www нені білдіреді?
2) Электронды үкімет дегеніміз не?
3) Internet – Банкинг деген не?
ІV-кезең. Іскерлік.
Оқушыларға деңгейлеп тапсырма беру.
1) OPERA браузерін ашып, www.mail.ru сайтының бетін ашыңдар.
2) Жаңадан электрондық пошта ашыңдар (Регистрация в почте).
3) Жаңадан ашылған электрондық поштаның «Мой Мир» бөлімін толтыр.
4) Электрондық пошта арқылы kamaldin_rf@mail.ru мекен жайға мына «Ислам ақидасы дінімізде өте күрделі мәселелердің бірі болып саналады. Ислам шариғаты – діннің тәні, ал Ислам ақидасы – діннің жаны. Ақидасыз дін жоқ.» мәтінді жіберіңдер.
5) Mail.Ru Агент бағдарламасын қосып, kamaldin_rf@mail.ru электрондық поштаны тізімізге қосыңыз.
V-кезең. Қорытынды.
Сабақты қорытындылай келе. «Білмегенін сұрап, үйренген – ғалым, арланып сұрамаған - өзіне залым» демекші, кімде қандай сұрақтар бар? Бүгін біз не білдік не үйрендік?
Үйге тапсырма. Бағалау.
Достарыңызбен бөлісу: |