Адамдар әр түрлі әлеуметтік –экономикалық және құқықтық қарым-қатынасқа түскенде бір-бірімен сенімділікті қалай қалыптастырады?
Мысалы сіз бір адамнан жылжымайтын мүлікті сатып алсаңыз, оның құжаттарының заңды екеніне көзіңізді қалай жеткізесіз?
Білім алушылардың репликалары тыңдалады. Сабақ тақырыбы, оқу мақсаттары және бағалау критерийлері жарияланады.
Сыныптық талқылау сұрақтары:
Міндеттемелік құқықтың анықтамасы және оның құрамдас бөліктері қандай?
Міндеттемелік құқықты шынайы өмірде қалай жүзеге асыруға болады?
Оқушылар пікірлері тыңдалады.
Академиялық түсіндірілім: Азаматтық-құқықтық жауапкершілікке түсініктеме:
Азаматтық-құқықтық жауапкершілік дегеніміз -шартта немесе заңда көрсетілген ретте жүктелген міндеттемені бұзған субъектіге қолданылатын мүлікті өндіру жауапкершілігі.