с лайд Жабайы қызғалдақ
Жабайы қызғалдақ Қазақстанның далалары мен шөлдеріне сән береді. Қазақстан қызғалдағы дүниежүзі елдерінің қала көшелері мен саябақтарын көркейтіп тұрған қызғалдақ гүлдерінің арғы тегі болып саналады. Демалушылар оларды ретсіз жұлып әрі таптап кетеді. Жабайы қызғалдақтың біраз түрі Қызыл кітапқа енгізілген.
Деңгейлік тапсырмалар:
І деңгей тапсырмалары
1. Қызыл кітап не үшін керек?
Жойылып кеткен немесе жойылуға қауіп төніп тұрған жануарлар мен өсімдіктерді енгізу үшін керек.
2. Жұмбақты шеш:
Көлдің көркі, еркесі,
Қанаттары – көрпесі.
Бойын күтіп, баптайды,
Ешкім оны атпайды. (Аққу)
3. Қазақстанда неше қорық бар? Тоғыз
4. Құлан қандай жануарларға ұқсайды? Жылқы мен есекке
5. Қызыл кітапқа енген
жануарлар мен өсімдіктердің аттарын не үшін білу керек?.
Оларды қорғап, қамқор болу үшін
6. Елімізде жануарлар мен өсімдіктерді қорғау үшін қандай шаралар жасалады?
«Табиғатты қорғау» туралы Заң бар, қорықтар мен ұлттық саябақтар құрылған
7. Жұмбақты шеш:
Тұрқы, күрі
Жылқы тектес жалы бар,
Шөп жеп түрлі,
Түзде өскен жануар. (Құлан)
Достарыңызбен бөлісу: |