Күні: Тобы:
Пән атауы: Кәсіптік қазақ тілі
Сабақ тақырыбы: Жаңғыш пайдалы қазбалар
Сабақтың мақсаты: білім алушылардың пайдалы қазбалар классификациясы туралы білімін толықтыру, сөздік қорын молайту, сөйлеу қабілетін арттыру.
Білімділік: танысу:
1) Пайдалы қазбалардың жалпы сипаттамасы.
2) Мұнай.
3) Табиғи газ.
4) Тас көмір.
Дамытушылық: пайдалы қазбалардың ел экономикасындағы маңызы.
Тәрбиелік: Қазақстандағы пайдалы қазбалар қорларына ұқыпты қарау және Отанға деген сүйіспеншілік.
Көрнекі құралдар: интерактивті тақта (слайдтар), Қазақстан картасы, таратпа материал.
Сабақтың типі: аралас
Пәнаралық байланыс: география, химия
Ұйымдастыру түрлері: жеке жұмыс, топтық жұмыс.
Әдістері: түсіндіру, әңгіме, картамен жұмыс жасау, түсіндірмелі-иллюстративті.
Сабақ жоспары
1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі (блиц-сұрақтар, тапсырма орындау)
3. Жаңа сабаққа кіріспе кезеңі (фонетикалық жаттығу жұмбақ шешу)
4. Жаңа тақырыпты түсіндіру кезеңі (түсінік беру, әңгімелесу, сөздік жұмысы, мәтінмен жұмыс)
5. Жаңа сабақты пысықтау кезеңі (ауызша, жазбаша тапсырмалар орындау)
6. Жаңа сабақты бекіту кезеңі (кесте толтыру)
7. Рефлексия
8. Қорытынды кезеңі, үй тапсырмасын беру, бағалау.
Сабақ барысы
1.Ұйымдастыру кезеңі (сынып дайындығы)
Сабақ тақырыбын, мақсатын айту
- Сәлеметсіздер ме! Бүгінгі сабақта біз Қазақстанның пайдалы қазбаларын еске түсіреміз, кейін жаңа тақырыппен танысамыз.
2.Үй тапсырмасын тексеру кезеңі.
Пайдалы қазбалар деген не?
Пайдалы қазбалар қандай түрге бөлінеді?
Біздің облысымызда қандай пайдалы қазбалар бар?
Біздің ауданымызда қандай пайдалы қазбалар бар?
Тапсырма Сөздердің дұрыс аудармасын тауып сызықша арқылы қосыңыз
Достарыңызбен бөлісу: |