ІІ Жаңа сабаққа шығу жолы.
Сипаттамасы: Мұғалімнің үстелінде асқазан, бауыр, ішек моделдері қойылған. Оқушыларға осы моделдерге қатысты келесі сұрақтар қойылады:
Сабақ не жайында болмақ? Бұл бөліктерді не біріктіреді? Қандай органикалық заттар болады? Органикалық заттардың адам үшін маңызы қандай? Берілген мүшелерді біріктірсек қандай мүшелер жүйесінің қызметін сипаттауға болады?
Оқушылар өз жауаптарын ұсынады.
Күтілетін жауаптар: Асқорыту жүйесі. Асқорыту мүшелеріне ауыз қуысы, жұтқыншақ, өңеш, қарын, ас ішек және тоқ ішек жатады.
Сабақ тақырыбы, оқу мақсаты айтылады. Бағалау критерийлері талқыланады.
|