Сабақ тақырыбы Жарық кванттары туралы Планк гипотезасы



бет2/2
Дата01.05.2020
өлшемі1,21 Mb.
#65321
түріСабақ
1   2
Байланысты:
Планк гипотезасы

Тілдік мақсаттар

Оқушылар өздерінің түсініктерін көрсететін жаңа сөздерді пайдаланулары керек. Олар терминдерді түсіну және қолдану керек.

Арнайы пәндік лексика мен терминология:

Сөздік

Қазақша

Орысша

Ағылшынша

Фотоэффект

Фотоэффект

Photo Effect

Абсолют қара дене

Абсолютно черное тело

Ideal black body

Жылулық сәулелену

Тепловое излучение

Thermal radiation

Электромагниттік сәуле

Электромагнитная волна

Electromagnetic wave

Электронның шығу жұмысы

Работа выхода электрона

The work function of the electron

Фотоэффектінің қызыл шекарасы

Красная граница фотоэффекта

Photoelectric threshold

Фотон

Фотон

Photon

Фотон энергиясы

Энергия фотона

The photon energy




Құндылықтарды дарыту

  • Оқушыларды академиялық адалдыққа тәрбиелеу (тапсырмаларды орындау барысында өз бетімен жұмыстануға үйрету)

  • Оқушыларың бойында жауапты азаматтық ұстанымды қалыптастыру.

  • Өмір бойы білім алу құндылығын сыни тұрғыдан ойлау арқылы білімге деген құштарлығын қалыптастыру

  • Оқушылар арасында ынтымақтастық ортаны қалыптастыру.

Пәнаралық

байланыстар

Математика, химия

АКТ қолдану дағдылары

Есептер мысалын АКТ көмегімен ұсыну

Бастапқы білім

Жарықтың толқындық қасиеті

Сабақ барысы


Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Ой шақыру

5 мин


Оқушылармен амандасу, түгендеу

  1. Сәуле шығару туралы не білеміз?

  2. Сәуле шығарудың неше түрі бар?

  3. Абсолют қара дене дегенімізді қалай түсінесіңдер?

Оқушылар хабарламасы

Ойлану/

Ақпарат


30 мин

Кванттық оптика   -  жарықтың корпускалалық қасиетін (бөлшек) зерттейтін оптиканың бөлімі.

Жылулық сәулелену кезіндегі электромагниттік инфрақызыл толқындардың ұзындыңы көзге көрінетін қызыл түс жарығының толқын ұзындығынан кіші болғандықтан инфрақызыл толқындар деп аталады. Инфрақызыл толқындар адам көзіне көрінбейді.



Пішіні мен түсіне тәуелсіз жылулық сәуле шығару теориясын жасау үшін ғалымдар абсолют қара дене деген ұғымды енгізген. Бұл дене олардың толқын ұзындықтарына қарамастан оған түсетін барлық электромагниттік сәулелерді түгелімен жұтады. Басқаша айтқанда, қара дене сәулеленбейді.

Пішіні мен түсіне тәуелсіз жылулық сәуле шығару теориясын жасау үшін ғалымдар абсолют қара дене деген ұғымды енгізген. Бұл дене олардың толқын ұзындықтарына қарамастан оған түсетін барлық электромагниттік сәулелерді түгелімен жұтады. Басқаша айтқанда, қара дене сәулеленбейді.

Абсолют қара денеден таралған қуат, дененің абсолют температурасының төртінші дәрежесімен өзгереді. бұл қатынас Стефан-Больцман заңы деп аталады және мына теңдеумен анықталады:            немесе S абсолютті қара дененің ауданы, σ  = 5,67×10−8 Вт/м2 K4, Стефан-Больцманнның тұрақтысы, RT - интегралдық энергетикалық жарқырауы

Абсолют қара дене өзіне түскен электромагниттік сеулеленуді жұтады, сәулеленген толқын ұзындығына тәуелсіз, және берілген температура үшін қажетті максималды энергия таратады. Егер әр толқын ұзындығы үшін қуатты өлшейтін болсақ, олардың бір-бірінен айырмашылық барын байқаймыз.

Абсолют қара дененің температурасы қандай болса да, пайда болатын зат температурасы мен  λmax максимум толқын ұзындығына байланысты болып тұрақты болмай, шамамен 2,898 . 10-3 мК-ға тең болады. Бұл заң неміс физигі Вильгельм Венмен ашылып, сол себепті Вин заңы деп аталады.





Жұлдыздың электромагниттік сәулеленуінің спектрін талдау- бұл жұлдыздарды зерттейтін тек жалғыз жол. Мысалы, Винның ығысу заңы, жұлдыздар  абсолютті қара денелер сияқты сәулеленетін болса ғана, жұлдыздың температурасын шамамен анықтауға болады. Астрономиялық бақылау кезінде, әр түрлі температурадағы жұдыздардың сәулелену қуатының графигіндегі төбелері әр түрлі жерде болады.
Егер біз  жұлдыздан таралған  қуаттың төбесіне сәйкес толқын ұзындығын білетін болсақ, Винның  ығысу  заңын қолданып жұлдыздың температурасын анықтай аламыз

Фотоэффект деп түскен жарықтың әсерінен заттан (металдар мен сұйықтардан) элеткрондардың ұшып шығу құбылысын айтамыз.

Құбылысты 1887 жылы Г.Герц ашты,Фотоэффект құбылысын тәжірибе жүзінде зерттеген Столетов болды.





I ток күшін нөлге дейін кеміту үшін анод пен катодтың арасына Uж теріс потенциалдар айырымын түсіру керек. Оны тежеуші кернеу немесе жабушы потенциал деп атайды.



 

Фотоэффект заңдары:



б) Жарық ағынының интенсивтілігін (Ф) (ν−const) өзгертеміз



в) Сәуле шығарудың жиілігін (ν) өзгертеміз (Ф−const)



Фотоэффектінің қызыл шекарасы:

Жарықтың жиілігі белгілі бір минимал мәнімен кем болса, онда кезкелген затта фотоэффект бақалмайды



Фотоэффектінің теориясы:

1901 жылы М.Планк  Планк гипотезасы: жарық жеке «порция» ‒ квант (фотон) түрінде жұтылады және шығарылады



Фотоэффектінің қолданылуы:





http://www.bilimland.kz/index.php/kz/

https://www.youtube.com/watch?v=YQL2Q5ZArjs&feature=related

https://www.youtube.com/watch?v=ubkNGwu_66s

http://www.itest.kz/lekciya_fotoehffekt


Практикум

43 мин


1.Берілген тұжырымдамалардың қайсысы дұрыс, қайсысы бұрыс?

  • Қара дене қара түсті деп аталады

  • Қара дене өзіне түскен сәулелерді толығымен жұтып, электромагниттік сәуле шығармайды

  • Қара дене электромагниттік сәулелерді шығарады, жұтады

  • Қара денелер әр түрлі толқын ұзындықтағы элетромагниттік толқындар шығарады

2.Сәулелену қуаты мен толқын ұзындықтарының қатынасын көрсететін графтарды абсолют қара дененің ең жоғары температурасы мен ең төмен температурасына қарай орналастырыңыз.

3.




4.



  1. 5. U=3B потенциалдар айырымында толығымен тежелетін электрондарды жұлып шығаратын жарықтың жиілігі (Фотоэффект басталатын жиілік v0=6·10 14Гц,          h="6,63"·10 -34Дж·с,  е=1,6·10 -19Кл)

  2. 6. Калий үшін электрондардың шығу жұмысы 3,62·10-19 Дж. Калийге толқын ұзындығы  4·10-7 м  жарық түссе, фотоэлектрондардың  ең үлкен кинетикалық энергиясы (h=6,62·10 -34Дж·с, с=3·10 8м/с)

  3. 7. Теріс зарядталған мырыш пластинка толқын ұзындығы 300 нм жарық сәулесімен жарықталынған. Мырыш үшін қызыл шекара λ0=332 нм, мырыш пластинкасының потенциалы (h=4,136·10-15 эВ·с,  с=3·10 8 м/с, е=1,6·10-19 Кл)

  4. 8. Толқын ұзындығы  3·10-7 м  жарық затқа түседі, ол зат үшін фотоэффектінің қызыл шекарасы 4,3·10 14Гц. Фотоэлектрондардың кинетикалық энергиясы (h=6,63·10 -34Дж·с, с=3·10 8 м/с)

  5. 9. Толқын  ұзындығы 450 нм  сәуле әсерінен цинкте фотоэффект байқала ма?  Цинктен электрондардың шығу жұмысы  А=4,2 эВ   (h=4,136·10 -15 эВ·с,  с=3·10 8 м/с)

Слайд

Рефлексия
2 мин


Не білемін?

Не білдім?

Не білгім келеді?


Стикерлер



Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Барлық оқушылар:

Тақырыпқа байланысты мәліметтерді дәптерге түсіреді



Оқушылардың көпшілігі:

Тақырыпқа байланысты тапсырмаларды орындайды



Кейбір оқушылар:

Есептер шығарады




Тексеру парақтары

Шапалақтау

Бағалау парақтары

Сабақ барысында қолдау, қолпаштау көрсету жетістік критерийлері арқылы



Интерактивті тақтаны сабақ барысында қолдану уақытын 10 минуттан асырмау

Көз жаттығуларын орындау

Кабинетті желдету

Кабинетте приборлармен жұмыс жасау барысында қауіпсіздік ережесін сақтау (су қолмен жұмыс жасамау)



Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба?

Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?



Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?





Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:
2:
Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:
2:
Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет