Өткізгіштердегі электр тоғы – салыстырмалы түрде қосатын қоспамыз өте аз болғанымен , оның алған материалымыздағы абсолюттік шоғырлану шамасы жеткілікті. Жартылай өткізгіштер деп өзінің меншікті электрлік кедергісінің шамасы бойынша металлдар мен изоляторлардың ортасында орын алатын заттардың тобын айтамыз. Жартылай өткізгіштерге германий, кремний, селен, элементтері жатады. Қазіргі заттың құрылысы туралы теория бойынша әрбір атом электрондар бұлтына оранған ядродан тұрады. Энергиялары белгілі қабаттарда ядродан біршама қашықтықта электрондар айналып жүреді. Бұл көзге көрінбейтін атомды қатпар – қатпар қабаттардан тұрады.Әрбір энергиясының шамасы белгілі қабат энергетикалық деңгей немесе энергия деп аталады. Электрон рұқсат етілген бір деңгейден алыстау орналасқан энергиясы үлкен басқа деңгейге ауысқан кезде энергияның жұтылу процесі жүреді де , ал егерде электрон энергиясы жоғары деңгейден энергиясы төмен деңгейге көшсе энергия сыртқа бөлініп шығады.Өткізгіштің екі түрі бар: кері өткізгіш, тура өткізгіш.
Жартылай өткізгіштегі диод – екі электродты, электр тоғының бағытына байланысты әр түрлі өтімділігі бар электронды аспап.Жалпы вольт – амперлік сипаттамсы дегеніміз диодқа болсын басқада берілетін кернеу өзгергенде соған байланысты токтың қалай өзгеретінін көрсететін графикті шама. Диод электр өткізгіштігі екі түрлі қоспаны заттарын бір – біріне беттескенде «n-p» өтілімі пайда болу арқасында бір жақты өткізгіш қасиетіне ие болатын радиодеталь.
Электронды өткізгіштігі бар қоспа , сызбада «n» белгіленген (negative)
Бос орындық өткізгіштігі бар қоспа, сызбада «p» белгіленген (positive)
Екі түрлі қоспаны электр өткізгіштігі келесідей түсіндірмесі бар:
« Егер табиғатта кездесетін барлық химиялық элементтерден электр өткізгіштігіне сай тізбек жасайтын болсақ, өзімізге белгілі өткізгіштер мен диэлектриктер екі жақ шетінде орналасқан болар еді. Олардың арасында өткізгіштерде де , диэлектриктерде де тән қасиеттері бар: графит, селен, германий, кремний,теллур т.б ондаған элементтер сап түзейді. Бұлар шала өткізгіштер деп аталады. Солардың ішінде радиоэлектроникада ең көп қолданылатындары – германий мен кремний.
Қандай элемент болмасын ол атомнан тұрады.Ал жеке атом оң зарядты ядродан тұрады да, оны қабат – қабат болып қоршаған теріс зарядты электрондар айналып жүреді. Электрондардың зарядтарының жалпы шамасы қалыпты жағдайда атом ядросының зарядына тең.