Стабилитрон - ондағы ток өзгерседе, бірқалыпты мөлшерде өзгертпей ұстап тұра алатын аспап. Құрылысы жағынан тура сол диод. Тек қана схемаға қосылу тәртібінде өзгешеліктер бар. Стабилитронның қосылу схемасы диодқа керісінше болады. Аод минусқа қосылса , катод плюсқа жалғанады.
Стабилитрон өзімен тесілу кернеуіне дейін кері кернеуде жұмыс істейтін жалпақ диодты көрсетеді,тесілуге дейін диодта өте жоғарғы кедергісі болады, ал тесілуден кейін – өте аз динамикалық кедергісі болады.Осылайша тесілу кернеуінің деңгейлерінде кернеудің шектелуі болады және стабилитрондардың вольт – амперлік сипаттамаларында электрлік тесілу облысы пайда болады, яғни тесілу стабилитрон жұмысының қалыпты режимі болып табылады.
Стабилитронның төменгі вольтты және жоғарғы вольтты түрлері бар.
Төменгі вольтті деп аталатын стабилитрондар кремнийдің қоспасынан жасалады. Бұндай стабилитрондардың p- n ауысуының ені аз және туннельдік тесілу болады.
Жоғары вольтті стабилитрондарға 6 В жоғары стабилизация кернеуі бар стабилитрондар жатады.Стабилитрондардың негізгі параметрлері болып: дифференциалды кедергі, статикалық кедергі, стабилизация кернеуі басталатын минималды ток, стабилизация кернеуінің температуралық коэффициентті.
Стабилитронды жасау кезінде қолданылатын жартылай өткізгішті материал ретінде кремниий қолданылады, сондықтан кремнийлік диодтар ауысуында аз ток болады, p-n ауысуында жоғарғы реттелген температурасы болады. Германийді стабилитрондарды жасау үшін қолданбайды, өйткені германийлік диодтарда кері ток көлемі өте үлкен, кремнийлікке қарағанда және жылулық тесілу ықтималдығы өте үлкен.
IV. Жаңа сабақты бекіту
Пысықтауға арналған сұрақтар:
Стабилитронның неше түрі бар? Төменгі вольтті және жоғарғы вольтті
Анод, катод қалай жалғанады? Анод минусқа катод плюсқа жалғанады
Диод дегеніміз не? Екі электродты электр тоғының бағытына байланысты әр түрлі өтімділігі бар электронды аспап
Диод электр өткізгіштігі n-p ауысуы бар, n-p дегеніміз не? Электронды өткізгіштігі бар қоспа, n – negative. Бос орындық өткізгіштігі бар қоспа, p – positive
Стабилитрон дегеніміз не? Ондағы ток өзгерседе, бір қалыпты мөлшерде өзгертпей ұстап тұратын аспап
Германийді стабилитрондарды жасау үшін қолданбайды не үшін? Себебі германийлік диодтарда кері ток көлемі өте үлкен және жылулық тесілуі ықтималдығы өте жоғары
Айнымалы токты жиілігін өзгертпей басқа кернеулі айнымалы тоққа түрлендіретін статикалық электромагниттік құрылғы: Трансформатор
Шала өткізгіш монокристалды негізінде жасалған шалаөткізгіштік аспап: Тиристор
Электр машинаның айналмайтын бөлігі: Статор
1979 – 1955 жылдары өмір сүрген ғалым, басты еңбегі – салыстырмалылық теориясы, физик – теоретик: Альберт
Екі электроды бар, электр тоғының бағына байланысты әр түрлі өтімділігі бар электронды аспап: Диод
Электромагниттік индукция процесі нәтижесінде пайда болатын индукциялық ток бағытын анықтайды.Бұл кімнің ережесі: Ленц
Электр тізбегінің әртүрлі тармақтарындағы ток күшін кернеуді шектеу немесе реттеу үшін қолданылатын аспап: Резистор
Электр зарядын анықтайтын құрал: Электроскоп
Токтың өлшем бірлігі: Ампер
Электр машинаның айналатын бөлігі: Ротор
Электр сөзі қай сөзден шыққан
IV.Оқушылардың алған білімін бағалап, жаңа тақырыпты бекіту
Жаңа сабақты бекіту сұрақ-жауап арқылы оқушының өтілген тақырыптан түсінгенін қорытындылау.
V.Үй тапсырмасы
1) Қосымша әдебиеттерді пайдалана отырып, Жартылай өткізгіштегі электр тоғы туралы жазып келу
2) Интернет желісінен қосымша материалдар іздену
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1)Исаханов М. Электр машиналары және транформаторлар . 2013ж
2)Мұхити И. Электротехника. 2012ж
3)Робинович А.А Крановок. Электржабдық М.Энергия .1979ж
4)Ракутов Б.М Металлургиялық крандардың Электржабдығы М.1979ж
Оқытушының қолы:
Достарыңызбен бөлісу: |