Сабақ тақырыбы: Жақшаларды ашу. Коэффициент. Ұқсас қосылғыштарды біріктіру



Дата06.01.2020
өлшемі64,1 Kb.
#55480
түріСабақ
Байланысты:
3. Жақшаларды ашу. Нұсқа 1.


Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

6.2В Алгебрлық өрнектер



Мектеп: № 15 орта мектеп


Күні: 12.12.2019 ж.

Мұғалімнің аты-жөні: Құрақбаева Нұрсұлу

Сынып: 6

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы:

Жақшаларды ашу. Коэффициент. Ұқсас қосылғыштар. Ұқсас қосылғыштарды біріктіру

Осысабақтақолжеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

6.2.1.5 жақшаны ашу ережелерін білу;

6.2.1.6 коэффициент, ұқсас мүшелер ұғымдарының анықтамаларын білу;

6.2.1.7 алгебралық өрнектерде ұқсас мүшелерді біріктіруді орындау;


Сабақ мақсаттары

Оқушылар:

  • жақша алдында «+» таңбасы болса, жақшаны ашу;

  • жақша алдында «-» таңбасы болса, жақшаны ашу;

  • көбейтудің үлестірімділік қасиетін білу;

  • ортақ көбейткішті жақша сыртына шығару.

Бағалау критерийлері

Оқушылар:

  • жақша алдында «+» таңбасы болса, жақшаны ашады;

  • жақша алдында «-» таңбасы болса, жақшаны ашады;

  • көбейтудің үлестірімділік қасиетін қоданып, жақшаны ашады;

  • жақша ішіндегі қосылғыштар екіден көп болғанда көбейтудің үлестірімділік қасиетін қоданып, жақшаны ашады;

  • ортақ көбейткішті жақша сыртына шығарады.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

Пәнге тән лексика мен терминология:

- айнымалы;

- алгебралық өрнек;

- тепе-теңдік;

- айнымалының мәні;

- айнымалының мүмкін мәндері;

- коэффициент;

- әріпті бөлігі;

- ұқсас мүшелер;

- әріпті өрнектің мәні;

- өрнектерді тепе-тең түрлендірулері;

- өрнектерді ықшамдау.



Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

- егер жақшаның алдында «минус» таңбасы тұрса, онда ...;

- егер жақшаның алдында «плюс» таңбасы тұрса, онда …;


Құндылықтарды дарыту



Өзара пікір алмаса отырып, бір-бірлерінің ойларын бағалап, жауапкершілікті сезіну, өзара сыйластықпен бір командада жұмыс жасау. Құндылықтарды дарыту жұптық және топтық жұмыстар арқылы жүзеге асырылады.

Пәнаралық байланыстар

Оқушыларға алған математикалық білім мен дағдыларды практикада қолдану арқылы ғылыми дүниетанымның қалыптасуына ықпал етеді.

Бастапқы білім

Әріпті өрнек туралы түсінігі бар. Есептің шарты бойынша әріпті өрнекті құрастыра алады. Әріпті өрнектердің мәндерін таба алады. Бүтін өрнектерді түрлендірулерді орындай алады.


Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар




Сабақтың басы

Сабақтың ортасы


Ұйымдастыру кезеңі.

Бүгінгі сабақ тақырыбы, мақсатымен таныстыру.


Өтілген материалдарды еске түсіру мақсатында «Миға шабуыл» стратегиясы арқылы арқылы шолу сұрақтары қойылады:

  • қандай өрнек алгебралық өрнек деп аталады?

  • қандай сандар өрнектегі айнымалының қабылдайтын мәндері деп аталады?

  • көбейтудің үлестірімділік қасиетін тұжырымдаңыз;

  • мысал келтіріңіз.

Үйге берілген тапсырма тексерілед.

Ой ширату жаттығуы: «Логикалық тапсырмалар».

1) Үстелдің 4 бұрышы бар. Егер, бір бұрышын кесіп тастағанда, оның неше бұрышы болады?



2) Екі таяқшаны алып тастау арқылы екі шаршы шығарып ал.

Бұл тапсырмалардың жауаптарын сынып болып талқылауды ұсыныңыз.



Топтық жұмыс: Өрнектерді ықшамдаңыз:

1) -(1 - x)- (5,1 + x)= ;

2) - (a - x - 3)- (x - a + 2)= ;

3) (a + 3,3 - a)- (3,3 + x)= ;

4) - (2,43 + x - b)- (2,43 + b - x)= ;

5) - (1,53 - x + 1)- (x - a - 2,53)= ;

6)-(a - x)- (5,1 + x)+ a - 5,1 = ;

7) (b - x)- (a - x)+ (a - b)= ;

8) -(a + 3,3) - (x - a) - 3,3 + x =

9) (2,43 + 1,1)- (b + 2,43)+ (b - 1,1)= ;

10) - (1,53 - x + a)- (x - 1,53 - a)- a = .

Жұптық жұмыс:



Тапсырма

жауаптар

дұрысы

1



2n

1 – 3

2



a – 2b

2 – 5

3



2x – 3y

3 – 1

4



14x

4 – 2

5



-7x + 13y

5 - 4

Оқулықпен жұмыс: №663,664,665,667 (1)

Рефлексия: Екі жұлдыз, бір тілек әдісі

Үйге тапсырма: №667 (2,3,4)


Математика. Жалпы білім беретін мектептің 6-сыныбына арналған оқулық, 2- басылымы


Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?


Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы




Саралау оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктелді. Әрбір тапсырма оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес, әрі оқу бағдарламасына сай дайындалды.

Сабақ үрдісінде оқушы өзін-өзі және бірін-бірі, сонымен қатар жұпта өзара бағалау іске асырылады.



Сабақ барысында оқушылардың өзін еркін сезінуіне назар аудару.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет