Сабақ тақырыбы: Жәңгір хан тұсындағы Бөкей хандығы. Сабақтың мақсаты



Дата14.04.2017
өлшемі17,79 Kb.
#13806
түріСабақ
  • Қазақстан тарихы. 8 сынып.
  • Сабақ тақырыбы:
  • Жәңгір хан тұсындағы Бөкей хандығы.
  • Сабақтың мақсаты:
  • Бөкей орда билеушісі Жәңгір ханның кезіндегі халықтың әлеуметтік саяси жағдайы және Жәңгір ханның өз заманында білімді - білікті тұлға екендігіне сипаттама беріп, талдау жасау.
  • “Өз тарихын білмеген халық, өзін де сыйламайды” (Н.Ә.Назарбаев)
  • ҰЙЫМДАСТЫРУ КЕЗЕҢІ
  • Психологиялық ахуал
  • Топ ережесі
  • Барлық пікірді мұқият тыңдау.
  • Әр адам өз ойын айтуға құқылы.
  • Уақытты тиімді пайдалану.
  • Топтағы жұмысқа кедергі жасамау.
  • Айтқан өз ойыңды дәлелдей білу.
  • Жұмыс орнын таза ұстау және жұмыстан кейін тәртіпке келтіру.

Өрмекші торы

  • Үй тапсырмасы

Топқа бөлу

  • Жәңгір тобы
  • Исатай тобы
  • Махамбет тобы

Миға шабуыл

  • Жәңгір хан (1801-1845)
  • Әбілхайыр ханның шөбересі,
  • Нұралы ханның немересі,
  • Бөкей ханның ұлы
  • Генерал-майор
  • шын аты – Жиһангер.
  • Қазан университетінің құрметті мүшесі

Жаңа сабақ

  • Жәңгір - шын есімі Жиһангер Бөкейұлы. 1801 жылы дүниеге келіп 1845 жылы қайтыс болған. 1815 жылы мұрагерлікпен Жәңгір хан болады, алайда ол жас болғандықтан билікті Бөкейдің інісі Шығай жүргізді. 1823 жылға дейін Жәңгір Астрахань губернаторы Андреевскийдің үйінде тәрбиеленді. Еуропалық білім алып, орысша тәрбиеленеді, хандықты әкімшілік жағынан басқару тәсілдерін үйренеді. Ол орыс, татар, неміс тілдерін білген. Жәңгір билік еткен кезде Бөкей ордасында Исатай мен Махамбет бастаған шаруалар көтерілісі болды. Оған Жәңгірді кінәлі деп санап, наразылық білдірді.Бұл көтерілістің негізгі сипаты Ресей отарлаушылары мен феодалдар саясатынан жасалған қарсылық еді. Жәңгір хан көтерілісті Ресей әскерінің көмегімен басып тастайды. Орыс губернаторынан әкімшілік басқару әдістері бойынша алған дәрістері Жәңгірдің жүргізген саясатына үлкен ықпал етті.

Жәңгір ханның мәдени-ағарту саласындағы қызметі

  • Хан өзінің қол астындағы халықтың сауатын ашу, Еуропа мәдениеті мен білімін енгізу
  • саласында қыруар көп жұмыстар атқарды.
  • 1835 жылы Жәңгір ханның тікелей нұсқауы
  • бойынша мұсылман мешіті ашылды. Хан қазақ ауылдарындағы молдалардың санын арттырды. Олар хатшылық және рухани ұстаз міндеттерін қоса атқарды. 1841 жылы Жәңгірдің өз бастамасы бойынша алғашқы зайырлы мектеп ашылды.
  • Жәңгір ханның прогресшіл мемлекет қайраткер ретінде сіңірген еңбектері елеусіз қалмады. Ол Бөкей хандығын басқару ісіндегі жетістіктері үшін 1-дәрежелі Қасиетті Анна орденімен марапатталды. Жәңгір хан 42 жасында генерал-майор шеніне ие болды, ал 43 жасында Қазан университеті Ғылыми кеңесінің құрметті мүшесі болып сайланды.

Жәңгір ханның қайтыс болуы

  • Жәңгір қайтыс болғаннан кейін Еділ мен Жайық арасына хан тағайындау тоқтатылды. Патша үкіметі Ішкі Орданы Ресейдің отаршылдық басқару жүйесіне енгізу саясатын жүргізе бастады. 1846 жылы Ішкі Орданы басқару үшін Әділ сұлтан (Бөкейдің ұлы) төрағасы болып тағайындалғанУақытша Кеңес құрылды. Оның құрамына сұлтандар тобынан екі өкіл және мемлекеттік мүлік министрлігінен бip кеңесші енді. Кейіннен Уақытша кеңесті басқару үшін Ресей шенеунігі тағайындалды. Сөйтіп патша үкіметі бұл аймақтағы отаршылдық әкімшіліктің жағдайын нығайта түсті. 1872 жылы Ішкі Орда Астрахан губерниясының құрамына берілді.

Исатай Тайманұлы.

  • Исатай Тайманұлы.
  • 1791 жылы дүниеге келіп, 1838 жылы қаза болған. Бөкей хан 1812 жылы Исатайды Жайықтағы беріш руына старшын етіп тағайындаған. Бөкей қайтыс болып, Шығай билігі кезінде Исатай екеуінің арасында бас араздық туады.
  • 1817 жылы Орынбор шегара комиссиясы Исатайды старшын Өтеміс Құлманизұлын шаптың деген кінә тағып, Сарайшық түрмесіне жабады. Ел - жұрты 20 мың сом ақша жинап босатып алады. Шығай 1823 жылы жаламен екінші рет түрмеге қаматады. Жәңгір хан кезінде Исатайдың жағдайы біршама түзеледі. Тек Каспий жағалауындағы рулардың қайынатасы Қарауылқожа басқарып озбырлық көрсеткенде ханнан Исатай қатаң талап қойды. Исатай мұнымен тынбай Орынбор генерал - губернаторына да шағым жазды. Бірақ оның талаптары ескерусіз қалды. Исатай 3,5 мыңдай қол жинап ашық көтеріліске шықты. 1838 жылы Ақбұлақ өзені түбіндегі шайқаста қоршауда қалып, қаза тапты.

Махамбет Өтемісұлы.

  • Махамбет Өтемісұлы.
  • Махамбет - ақын, күйші, батыр. 1804 жылы Ішкі Ордада Бекетай аймағында дүниеге келіп, 1846 жылы қазіргі Атырау облысы Махамбет ауданына қарасты Қараой деген жерде қаза болған. 1836 -1838 жылдары болған көтерілістің көсемі әрі жалынды жыршысы. Бала кезінен мұсылманша, орысша оқыған. Әкесі Өтеміс елге ықпалды би болған. 1824 - 1828 жылдары Орынбор қаласында Жәңгір ханның ұлы Зұлқарнайын қасында болды. 1834 жылы Исатай батырмен тізе қосады. Алайда көтеріліс жеңіліс табады. 1838 жылы Исатай қаза болған шайқастан Махамбет аз ғана серіктерімен қашып құтылады. Ол Хиуа хандығына барып тағыда жасақ жинауға күш салады. Бұдан нәтиже шықпаған соң Бөкей ордасына жасырын өтіп ел ішін паналайды. Мұны естіген Жәңгір 40 адамнан қаралған жасақ жібереді. Махамбетті ұстап екі апта түрмеде ұстап Орынборға айдатады. Тұтқыннан босаған соң өмірін Жайықтың бергі бетінде ел ішінде өткізеді.

Махамбеттің Жәңгір ханға айтқан өлеңінен:

  • Махамбеттің Жәңгір ханға айтқан өлеңінен:
  • Хан емессің, қасқырсың, Хас албасты бақырсың. Достарың келіп табалап, Дұшпаның сені басқаұрсын.
  • Хан емессің, ылаңсың,
  • Қара шұбар жылансың.
  • Хан емессің, ылаңсың,
  • Айыр құйрық шаянсың. - деп айтқан өлеңі дәлелдейді.

Ойлан! Жұптас! Бөліс!

  • Топ: Жәңгір хан жеке тұлға және қазақ хандығының саяси қайраткері
  • 1.Шыққан тегі
  • 2.Жеке басының қасиеттері
  • 3. Мәдени-ағарту саласындағы қызметі
  • II. Топ: Жәңгір ханның әлеуметтік-экономикалық реформалары
  • 1.Басқару тәртібі
  • 2.Отаршылыққа көшу себептері
  • 3.Сауданың дамуы
  • III.Топ: Жәңгір ханның мәдени-ағарту саласындағы реформалары
  • 1.Мұрағат,іс — қағаздарын жүргізу
  • 2.Діни және зайырлы  білім беру
  • 3. Денсаулық сақтау саласы жаңалықтары
  • Кітаппен жұмыс:
  • Ішкі Орда- Бөкей Ордасы
  • Зайырлық-Мемлекетке діннің ешқандай қатысы жок
  • Жәрмеңке-сауда-саттық ұйымдастырылып отыратын орын.
  • Мұрағат-Құжаттар сақтайтын орын (архив)
  • Мағананы тану:
  • Дәптермен жұмыс

Тұлғаны таны

  • Ақбұлақ өзені түбіндегі шайқаста қоршауда қалып, қаза тапты.
  • Тұтқыннан босаған соң өмірін Жайықтың бергі бетінде ел ішінде өткізеді.
  • 1823 жылға дейін ол Астрахань губернаторы Андреевскийдің үйінде тәрбиеленді.
  • Исатай Тайманұлы
  • Махамбет Өтемісұлы

Сабақты бекіту сұрақтары:

  • Жылдар сөйлейді:
  • 1815 жылы 12 мамыр
  • 1823жылы
  • 1818жылы
  • 1791-1838жж
  • 1804-1846жж

Жауаптары

  • 1815 жылы 12 мамырда Бөкей хан қайтыс болды.
  • 1823жылы Жәңгір хан тағына отырады
  • 1818жылы патша үкіметі қазақтардың Жайық өзенінен өтіп, Бөкей ордасына көшіп келуіне тыйым салынады
  • Исатай Тайманұлы (1791-1838жж)
  • Махамбет Өтемісұлы (1804-1846жж)

Қорытынды.

  • Қорытынды.
  • Жәңгір ханның еліне жасаған жақсылығы, қамқорлығы кез - келген ханның қолынан келмеген істер екен. Ресей губернаторының қысымына шыдап, хан ордасына шіркеу салуға христиан дінінің таралуына мүмкіндік бермеді. Суылдаған Нарын құмына су сеуіп, гүл бақшаға айналдыруға, халқын мәдениетті, білімді, таза дінді, ұлттық намысы бар қасиетті қазақты тәрбиелеуге бар ақылы мен күшін жұмсаған қайраткер екендігіне ден қоюға болады. Жәңгір хан кемеліне келген шағында жұмбақ өлімнен күз жұмды. Әйелі мен екі баласының өлімі де құпия болды. Жәңгір хан халқы үшін қабырғасы қайысқан қайраткер екендігін тарихи деректер дәлелдейді.
  • Жәңгір хан - өз заманының білікті тұлғасы болды десек қателеспейміз.
  • Тәуелсіздік жылдарында Жәңгір ханға кесене орнатылды. Ол ашқан мектептің 150 жыддығы, Бөкей ордасының 200 жылдығы аталып өтті. Жәңгірдің жеке басының қасиеттері мен игі бастамалары туралы архив құжаттарына, өз тұсындағы басылымдар деректеріне ден қойылды.

Рефлексия

  • Шабадан-Сізге не ұнады? Өзіңізге не алдыңыз?
  • Себет-
  • Сізге әлі де не түсініксіз? Тағы неге оралу керек?
  • Ет тартқыш-
  • Сізге не түсініксіз болды?
  • Сізге не ұнаған жок?
  • Үйге тапсырма:
  • Жәңгір хан өмірімен байланысты қосымша мәліметтер оқып келу.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет