Тобы: дио-11к Студент: Рахметова А. Ш. Тапсырма: Архив ісісаласындағытерминдер мен анықтамаларғатүсінікберіңіз. Архив



Дата03.10.2022
өлшемі14,18 Kb.
#151492
Байланысты:
архивтану 2 тапсырма


Тобы: ДИО-11к
Студент: Рахметова А.Ш.
Тапсырма: Архив ісісаласындағытерминдер мен анықтамаларғатүсінікберіңіз.


Архив –архивтік құжаттарды жинауды, сатып алуды, жинақтауды, ретке келтіруді, сақтауды, есепке алу мен пайдалануды жүзеге асыратын заңды тұлға немесе оның құрылымдық бөлімшесі.
Ресми құжат – жеке немесе заңды тұлға жасаған, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ресімделген және куәландырылған құжат
1) тиісті жолмен ресімделген нотариалдық акт; 2) мөрлер, бұрыштамалар, тіркеу туралы белгілер, мөртабандар мен құжатқа түсірілген мөр бедері; 3) мемлекеттік орган бланкісіне шығарылған не лауазымдық тұлға қол қойған құжат; 4) мемлекеттік немесе муниципалдық орган, ұйым, мекеме және кәсіпорын берген немесе құжат айналымында жүрген және бекітілген талаптарға сай құжат. Ресми құжаттармен іс қағаздарын жүргізу деп аталатын қызмет саласы айналысады.
Архивтық құжат қоғам мен мемлекет үшін маңыздылығына қарай сақталатын немесе сақталуға жататын, сол сияқты меншік иесі үшін құндылығы бар құжат
Мемлекеттік архив -Ұлттық архив қорының құжаттарын жинау, сатып алу, жинақтау, ретке келтіру, тұрақты сақтау, мемлекеттік есепке алу мен пайдалану құқығы берілген мемлекеттік мекеме
Ведмоствалық архив -архивтік құжаттарды жинауды, ретке келтіруді, уақытша сақтауды, есепке алуды, пайдалануды және Қазақстан Республикасы Ұлттық архив қорының құжаттарын мемлекеттік есепке алуды жүзеге асыратын мемлекеттік заңды тұлғаның мекемесі немесе құрылымдық бөлімшесі

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет