Сабақ Тақырыбы: «Жемқорлықсыз қоғам бейнесі»



бет2/3
Дата21.11.2023
өлшемі193,5 Kb.
#192662
түріСабақ
1   2   3
Байланысты:
Сыбайлас 15.11

І. Ұйымдастыру кезеңі: оқушыларды мозаика арқылы үш топқа бөлу.
-Сыбайлас-жемқорлық деген не?
(оқушылардың пікірлері тыңдалады)
ІІ. Миға шабуыл: сыбайлас жемқорлыққа байланысты «СТОП Коррупция!» видеоролигі көрсетіледі(роликтегі жағдайды ортаға салып талқылайды, сыбайлас жемқорлыққа анықтама береді)
Ассоциация:

“Сыбайлас-жемқорлық” деген “параға сатып алу”, “пара” ретінде, "corruptio" деген латын сөзін алып, анықтауға мүмкіндік береді. Рим құқығында сондай-ақ "corrumpire" түсінік болған, ол жалпы сөзбен айтқанда “сындыру, бүлдіру, бұзу, зақымдау, жалғандау, параға сатып алу” деген түсінік берген де, құқыққа қарсы іс-әрекетті білдірген. Орыс тілінің түсіндірме сөздігі сыбайлас-жемқорлықты пара беріп сатып алу, лауазымды адамдардың, саяси қайраткерлердің сатқындығы ретінде сипаттайды. 

1-жүргізуші: Сәлеметсіздер ме құрметті ұстаздар мен оқушылар. Бүгінгі біздің «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» атты ашық тәрбие сағатымызды бастауға рұқсат етіңіздер!!!


2-жүргізуші: Бүгінгі біздің ашық тәрбие сағатымыздың мақсаты оқушыларды адал жолмен жүруге, адалдыққа үйрету. Сыбайлас жемқорлық туралы қысқаша мағлұматтар беру. Өз мемлекетіне жауапкершілікпен қарау және әділдікке тәрбиелеу.


1-жүргізуші: «Сыбайлас жемқорлық» деген не?


“Сыбайлас-жемқорлық” деген түсінік мағынасына этимологиялық қарау мұны “параға сатып алу”, “пара” ретінде, "corruptio" деген латын сөзін алып, анықтауға мүмкіндік береді. Рим құқығында сондай-ақ "corrumpire" түсінік болған, ол жалпы сөзбен айтқанда “сындыру, бүлдіру, бұзу, зақымдау, жалғандау, параға сатып алу” деген түсінік берген де, құқыққа қарсы іс-әрекетті білдірген.
Орыс тілінің түсіндірме сөздігі сыбайлас-жемқорлықты пара беріп сатып алу, лауазымды адамдардың, саяси қайраткерлердің сатқындығы ретінде сипаттайды.


«Сұрақ-жауап» ойыны:

  1. Пара беру дегеніміз не?

  2. Пара мен сыйлықтың айырмашылығы қандай?

  3. Сыбайлас жемқорлық дегенімізді қалай түсінесіңдер?

  4. Сыбайлас жемқорлық жайлы мәліметтерді қайдан білесіңдер?


2-жүргізуші: ҚР “Сыбайлас-жемқорлықпен күрес туралы” Заңы сыбайлас-жемқорлыққа келесідей анықтама береді. Ол: “...мемлекеттік міндеттерді орындайтын адамдар, сондай-ақ соларға теңелген адамдар, тікелей өзі немесе делдал арқылы өздерінің лауазымды құзыреттерін және онымен байланысты мүмкіншілікті немесе өз құзыреттерін басқаша пайдаланып мүліктік пайда алу үшін заңмен қарастырылмаған мүліктік жайлылықты және артықшылықты қабылдау, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалармен аталмыш жайлылықты және артықшылықты оларға заңсыз беруге осы адамдарды парамен сатып алу”.


1-жүргізуші:


Сыбайлас жемқорлықтың зардаптары:
- қоғамның бақытты болашағын тежейді;
- елдің халықаралық беделіне көлеңке түсіреді;
- жұртшылықтың заң мен әділдікке, билікке деген сеніміне сызат түсіреді.

2-жүргізуші: СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ЗАҢДАР:


ҚР 37 мемлекет қабылдаған конвенцияға қосыла отырып, 1998 жылы 2 шілдеде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заң қабылдады. Қазақстанда сондай-ақ сыбайлас жемқорлық үшін қылмыстық, тәртіптік, әкімшілік жауапкершілікті реттейтін арнайы нормативтік –құқықтық актілерде қабылданды.

1-жүргізуші:


2001 жылы Мексикада БҰҰ - ның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенциясына қол қоюға арналған. Дүниежүзілік конференция ашылды БҰҰ. 2003 ж 9 желтоқсан күнін халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күн деп жариялады.


ВИКТОРИНА

  • «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заң қашан қабылданды?

1998 жылы 2 шілдеде

  • “Сыбайлас-жемқорлық” деген не?

(“Сыбайлас - жемқорлық” деген “параға сатып алу”, “пара” ретінде, "corruptio" деген латын сөзін алып, анықтауға мүмкіндік береді.)

  • ҚҰҚЫҚ деген не ? (мемлекет орнатқан және оның күшiмен қорғалатын, жалпыға бiрдей қоғамдық қатынастарды реттейтiн тәртiп ережелерiнiң (нормалардың) жиынтығы.)

  • Заң деген не? (мемлекеттiң ең жоғарғы басқарушы органының шығарған, қабылдаған ең жоғары күшi бар нормативтiк кесiм. Барлық заңдар және заңға тәуелдi нормативтiк кесiмдердiң Конституцияға сәйкес болуын Заңның үстемдiгi дейдi.)

  • Пара беру дегеніміз не? (қандай да бір коммерциялық келісімге келу үшін немесе жеке пайдасы үшін жасалған ынталандыру немесе марапаттау.)

  • Сыбайлас жемқорлық қылмыстарды жасағаны үшін қандай жауапкершілік көзделген? (Сыбайлас жемқорлық қылмыстар жасағаны үшін жазаның түрі мен мөлшері жасалған қылмыстық әрекеттің қауіптілік деңгейі мен келтірілген залалына байланысты болады. Мәселен, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексі)

  • Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күн қашан жарияланды? (2003 ж 9 желтоқсан)



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет