ІІІ. Жаңа сабақ. Тұрақты магниттер деп магниттелуін ұзақ уақыт сақтайтын денелерді айтады. Мұндай денелерге табиғи магниттік теміртас жатады.
Магниттің әр түрлі бөліктері әр түрлі магниттеледі. Ең көп магниттік тартылыу күші магниттік полюстер деп аталатын магниттің ұштарында болады. Магниттің солтүстік және оңтүстік деп аталатын екі полюсі болады. Тұрақыт магниттердің магниттік әрекеті кез келген магниттің айналасында магнит өрісінің бар болуымен түсіндіріледі.
Жердің магнит өрісі бар.
Магнит темір рудасының орасан зор кені бар жер қойнауында жергілікті магнит өрістері пайда болады. Мұндай өрістер магниттік аномалиялар деп аталады.
IV. Пысықтау.
Тұрақты магниттер дегеніміз не?
Болаттан шарды магниттеуге бола ма?
Магнитті қыздырғанда ол неліктен магнитсізденеді?
Магниттердің полюстері өзара қалай әрекеттеседі?
Жердің магнит өрісі бар екендігі немен дәлелденді?