Сабақ тақырыбы: жылулық қозғалыс. Броундық қозғалыс. Диффузия. Сабақ мақсаты



бет114/139
Дата08.02.2022
өлшемі9,35 Mb.
#120514
түріСабақ
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   139
Байланысты:
00066945-a2bb2d0a

ІІІ. Жаңа сабақ.
Заттың магниттік қасиеттері заттың әр молекуласының ішінде циркуляция жасайтын молекулалық ток есебінен пайда болады.
Магнит өрісі әрекетінен магниттелетін заттар магнетиктер деп аталады.
Сыртқы магнит өрісін әжептәуір күшейтетін заттар ферромагнетиктер деп аталады. (темір, кобальт, болат, никель, шойын, гадолиний)
Парамагнетиктер деп бағыты сыртқы өріспен сәйкес келетін әлсіз магнит өрісін тудыратын заттарды айтады. (платина, сұйық оттегі).
Диамагнетиктер деп сыртқы магнит өрісін әлсірететін өріс тудыратын заттарды айтады. (күміс, кварц, висмут).

Магнитофондағы дыбыс жазу және бейнемагнитофондағы бейнежазу үшін феромагниттік материал ұнтағы қабатымен жабылған магниттік таспа қолданылады. Магнит таспасы электромагнит полюстарының арасындағы саңылаудан өткенде, таспаның әр түрлі бөліктері магниттеледі. Жазуды қайта жаңғырту үшін магниттелген таспа күшейтілгеннен кейін магнитофон динамигіне түсетін электр сигналдары оның магниттік басында қоздырады.



IV. Пысықтау.

  • Заттың магниттік қасиеттері қалай түсіндіріледі?

  • Қандай заттар ферромагнетиктер деп аталады?

  • Ақпараттың магниттік жазылуы қалай жүзеге асырылады?



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   139




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет