Диффузия құбылысынан мынадай қорытынды туады: денелерді құрайтын бөлшектер бір-бірінен белгілі бір қашықтықта орналасады және үздіксіз қозғалыста болады. Сөйтіп, дене көлемінің үлкен бөлігін бос кеңістік алып тұрады.
Броундық қозғалыс – сұйықта немесе газда қалқып жүрген қандай да бір қатты заттың өте ұсақ бөлшектерінің сұйық немесе газ молекулаларының соққыларының әрекетінен бейберекет қозғалуы.
ІІІ. Эксперименттік тапсырма. Сұйықтағы броундық қозғалысты бақылау. Микроскопты жұмысқа дайындаңдар.
Шыныны үстелшеге орналастырыңдар.
Шыныға су тамызыңдар.
Осы су тамшысына аз мөлшерде графит ұнтағын себіңдер. Шыныдағы араласқан қоспаның бетін арнаулы әйнекпен жабыңдар.
Броундық қозғалысты бақылау нәтижесі бойынша қалықтаған графит бөлшегінің әрбір 30 секундтағы қозғалысының орнын белгілей отырып, сызба нұсқасын салыңдар.
Графит бөлшектерімен не болатынын сипаттап айтып беріңдер.