Сабақ түрі:аралас Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап.
Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. ІІ. Үй тапсырмасы бойынша сұрақтар: Галилей термоскопы қалай жасалған? Қандай принциппен жұмыс жасайды?
Сұйықтық термометрлердің жұмыс жасау принципі қандай құбылысқа негізделген?
Медициналық термометрдің ерекшелігі неде?
Абсолют температура деген не? Оның бірлігі қандай?
Газ қысымы мен оның абсолют температурасы арасындағы байланыс қандай?
Дененің ішкі энергиясын өзгерту тәсілдері: жұмыс жасау, жылу алмасу.
Ішкі энергия деп денені құрайтын барлық бөлшектердің кинетикалық энергиясы мен осы бөлшектердің өзара әрекеттесуінің потенциалық энергиясының қосындысын айтамыз. Дененің температурасы жоғары болған сайын оның ішкі энергиясы артады.