ІІ. Өткен тақырып бойынша сұрақтар: Дененің электрленгенін қалай анықтаймыз?
«Электр» атауы қайдан шыққан?
Қандай жағдайда электрлену өтеді?
Электрленген дене деп қандай денені айтады?
Электрлік бір аттас және әр аттас зарядтар қалай өзара әрекеттеседі?
Электр зарядының сақталу заңы қалай тұжырымдалады?
Электроскопты не үшін пайдаланады?
Заттар электр зарядын өткізу қабілетіне қарай нешеге бөлінеді?
ІІІ. Жаңа сабақ.
Барлық денелер молекулалардан тұрады.
Молекулалар атомдарға бөлінеді.
Тұтас алғанда, атомдар мен молекулалар электрлік бейтарап болады.
Электр заряды –физикалық шама.
Электрометр арқылы зарядтарлың бөлінетіндігі туралы тәжірибе көрсету.
Электр зарядының бөліну шегі бар. Әрі қарай бөлінбейтін ең аз теріс заряды бар бөлшек электрон деп аталады.
Электронның электр заряды элементар заряд деп аталады.
е=-1,6ּ10-19Кл.
Электрон заряды qe≈-1,6▪10-19Кл.
Электрон массасы me≈9,1▪10-31кг.
Кез келген бөлшектің не дененің зарядтарының модулі электрон зарядының модуліне тең:
|q|=Ne
N – бүтін сан.
е-электрон заряды.