8-сынап
Зертханалық жұмыс 4
Тақырыбы: Тізбек бөлігіне арналған Ом заңын зерделеу.
Мақсаты: Оқушыларды электр өлшеуіш аспаптарды дұрыс қоса білу, әрі олардың көрсетуін мұқият жаза білуге үйрету.
Приборлар мен материалдар: амперметр, вольтметр, ток көзі, қосу сымдары, кілт, резисторлар, реостат.
Жұмыс барысы:
1. Амперметр мен вольтметр шкалаларын қараңдар және бір бөлік құнын есептеңдер.
2. Сұлба бойынша элетр тізбегін жинаңдар.
3. Тізбекті тұйықтаңдар.
4. Тізбектегі кернеу мен ток күшін біртіндеп ұлғайтамыз.
Құралдардың көрсетулерін кестеге жазыңдар.
5. Ом заңын пайдаланып, қыздыру шамының кедергісін есептеңдер.
6. Есептеу нәтижелерін кестеге түсіріңдер.
7. Тәжірибе нәтижесін қорытындылаңдар.
Тапсырма. Ток күшінің кернеуге тәуелділік графигін салу.
8.Бағалау.
БЕКІТЕМІН:
Оқу ісінің меңгерушісі ____________________
«__________» ____________________
Достарыңызбен бөлісу: |