Ұзақ мерзімді жоспар тарауы: Аспан әлемінің құпиялары
Мұғалімнің аты-жөні: Қалибекова Гүлнұр Қаниятқызы
Мектеп: «Зияткер ММИ» КММ
Күні: Сынып: 5
Қатысқандар: Қатыспағандар:
|
Сабақ тақырыбы
|
Жұлдыздар. Аспан әлемі
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары
|
05.ӘТН1. Қазақ тілінің дыбыстар жүйесін, үндестік заңын, емлелік ерекшеліктерін ескере отырып, орфографиялық нормаға сай жазу.
05.ӘТН2. Сөз ішіндегі және сөз аралығындағы ілгерінді, кейінді және тоғыспалы ықпал заңдылықтарына сәйкес айта білу.
|
Сабақ мақсаты
|
Тақырыпқа сай ұсынылған мәтінді орфографиялық нормаға сай жазу.
Мәтіндегі ілгерінді, кейінді және тоғыспалы ықпал заңдылықтарына сәйкес сөз тіркестерін ажырату.
|
Бағалау критерийі
|
- дыбыстар жүйесін орфографиялық нормаға сай, үндестік заңына сәйкес қолданады;
- сөз ішіндегі және сөз аралығындағы ілгерінді, кейінді және тоғыспалы ықпал заңдылықтарына сәйкес айта біледі.
|
Тілдік мақсаттар
|
Пәнге қатысты сөздік қор мен термин: үндестік заңы, ілгерінді, кейінді, тоғыспалы ықпалдар, орфографиялық норма;
Диалог пен жазу үшін қолданылатын тіркестер:«Меніңше, ... тапсырманы толық орындады/орындай алмады, себебі ол ... жасады/жасамады»
|
Құндылықтарға баулу
|
Құндылықтарға баулу топтық, жұптық жұмыстарға бағытталаған тапсырмалар арқылы іске асырылады
|
Пәнаралық байланыс
|
Сабақта АКТ пайдалану арқылы информатика, түнгі аспан суреті арқылы бейнелеу өнері, аспан денелері туралы ақпараттармен танысу арқылы жаратылыстану пәнімен байланыс орнатылады
|
Алдыңғы білім
|
Оқушылар бұған дейін аспан денелері - Күн мен Ай туралы ақпаратпен танысып, сюжетті суреттердің желісі бойынша орфографиялық нормаларды сақтай отырып әңгіме құрастыруға дағдыланды
|
Сабақ барысы
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
|
Сабақта жоспарланған жаттығу түрлері
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы-
15 минут
|
Ширату. Жұмбақ шешу
Әйнектей көгілдір,
Теңіздей тым мөлдір. (Аспан)
Үлкен алтын табақтан,
Әлемге нұр таратқан. (Күн)
Күндіз білінбейді,
Түнде күлімдейді. (Жұлдыз)
Айсыз түнде қараңғы,
Түнекте де боранды.
Бір орнынан жылжымай,
Бағыт берер бұлжымай,
Қандай жұлдыз шырағы,
Жол көрсетіп тұрады? (Темірқазық)
Дұрыстап аңғарсаң,
Көктегі бағдаршам. (Үркер)
Жұмбақтарды шешіп, олардың мазмұнына талдау жасалады.
Жұмбақтар қандай тақырыптарда болды?
Олардың жауаптарын қалай топтастыруға болады?
Жауаптарына байланысты қандай ортақ тақырып ойластыруға болады? деген сауалдар арқылы тақырыпты болжау, жаңа сабақ тақырыбын хабарлау, сабақ мақсатын анықтау.
ТЖ. «Венн диаграммасы»
Оқушылар орфографиялық және орфоэпиялық норманың ережесі, айырмашылықтары туралы зерттеу жүргізіп, «Венн диаграммасына түсіреді.
:Б
ҚБ. «Жұлдызшалар»
|
Флипчарт, маркерлер
|
Сабақтың ортасы –
20 минут
|
Ж. Мәтіндегі ілгерінді ықпалға негізделген сөздерді бір бағанға, кейінді ықпалды екінші бағанға, тоғыспалы ықпалды үшінші бағанға жазыңдар.
Үлгі: ілгерінді ықпал: ай+лы;
кейінді ықпал: ағ жолақ;
тоғыспалы ықпал: құш шолы;
Аспан сүті
Айлы түнде бұлтсыз аспанда солтүстіктен оңтүстікке қарай созылып жатқан ақ жолақ көрініп тұрады. Ол Құс жолы деп аталады. Оған Күн жүйесі және тағы осындай бірнеше жұлдыздар жүйесі кіреді. Құс жолы күз айларында жақсы көрінеді. Жыл құстары көктемде келгенде және күзде жылы өлкеге қайтқанда осы жолдың бағытымен ұшады екен. Қазақтар, қырғыздар, түрікмендер бұл жолақты Құс жолы деп атайды. Құс жолы – әлемдегі миллиондаған галактикалардың біреуі. «Галактика» сөзі ежелгі мысырлық «гала» – «сүт» деген сөзден шыққан. Бұл галактика «Сүт жолы» немесе «Құс жолы» ретінде әйгілі.
(«Менің алғашқы энциклопедиям» жинағынан)
Кесте
Ілгерінді ықпал
|
Кейінді ықпал
|
Тоғыспалы ықпал
|
|
|
|
Дескриптор:
мәтіндегі ілгерінді, кейінді, тоғыспалы ықпалдары бар сөздерді тиісті бағандарға жазады;
жұмыстарын келесі жұпқа ұсынып, салыстырады;
қажеттілігіне қарай кестелерге толықтырулар енгізеді.
ЖЖ. Топта дескрипторға сүйеніп, «Біздіңше, ... тапсырманы толық орындады, себебі олар ... жасады» деген үлгіде кері байланыс береді.
Сергіту сәті «Артығын алып таста»
Таныстырылым арқылы оқушыларға суреттер жинағы көрсетіледі. Олар қай сөз немесе сурет қалғандарына қатысты емес екенін анықтау керек.
ҰЖ. «Біз құрастырған ертегі»
Мұғалім ертегінің басын бастайды.
Ерте, ерте, ертеде Аспан деген кісінің көп балалары болыпты. Әр балаға өздерінің ерекшеліктеріне сәйкес Таразы, Арыстан, Шолпан деген есімдер беріпті...
Оқушылар сағат тілімен бір сөйлемнен ертегіні жалғастырады. Ертегіні жалғастыруда оның құрылымын сақтайды. Алдыңғы айтылған ойды дамытуға тырысады. Өз сөйлемдерін қосу кезінде орфоэпиялық нормаға сай айтады.
Ж. Ұжымда құрастырылған ертегі сюжетін жекелей орфографиялық нормаға сай жазып алады
Кесте
Мәтіндегі қате кеткен сөз/сөз тіркесі/сөйлем
|
Дұрысы
|
Дәлелдеме ереже
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Дескриптор:
ертегі сюжетін алдыңғы оймен байланыстырып жалғастырады;
жалғастырып айту кезінде орфоэпиялық нормамен сөйлейді;
сыныппен құрастырған ертегінің мазмұнын орфографиялық норманы сақтай отырып, қағазға түсіреді;
мәтінді түзету, редакциялау кестесін пайдаланып, жұппен тексеру жүргізеді;
ҚБ. Оқушылар жұпта кері байланыс береді.
|
кесте
кесте
Интербелсенді тақта, суреттер
кесте
|
Сабақтың соңы –
10 минут
|
Оқушылар рефлексиясы: «Құс жолы»
«Құс жолына түрлі түсті жұлдызшаларды жабыстыру арқылы жүргізіледі. Жұлдыздардың қай түсі басым болуына қарай, мұғалім келесі сабағына жоспарлау жүргізе алады.
Сары түсті жұлдыздар – «маған барлығы түсінікті»
Көк түсті жұлдыздар – «әлі де жеткіліксіз»
Сұр түсті жұлдыздар – «мен қанағаттанбаймын»
|
Флипчарт, жұлдызшалар
|
|
Саралау: Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырма бересіз?
|
Бағалау: Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?
|
Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау
|
Барынша қолдау: «Венн» диаграммасын, ілгерінді, кейінді және тоғыспалы ықпалдарды теріп жазатын кестені толтыру кезінде ережелері жазылған парақшалар беріледі; мәтінді түзету, редакциялау кестесін толтыру кезінде С деңгейіндегі оқушыларды қолдау мақсатында оқу деңгейі жоғары оқушылармен жұптастырып отырғызу.
|
Оқушылардың нені үйренгендерін бағалауда дескриптор негізге алынып, кері байланыс беріледі. Рефлексия барысында «Құс жолы» әдісі қолданылады. С деңгейлі оқушыларды қолдау мақсатында сабақ барысында ынталандырушы сөздер айтылады.
|
Оқушылардың сабақта өздерін жайлы сезінулері үшін сабақ барысы оқытудың интербелсенді тәсілдемесіне құрылған. Топтық, жұптық жұмыс формалары олардың өзара пікір алмасып, ойларын еркін жеткізулеріне жағдай жасайды. «Артығын алып таста» сергіту сәті,
«Біз құрастырған ертегі», «Венн» диаграммасы, мәтінді түзету, редакциялау белсенді оқу әдістерінің мысалдары болып табылады
|
Сабақ бойынша рефлексия
|
Бұл тарауды сабақ туралы рефлексия жасау үшін пайдаланаңыз. Төменде өзіңіз маңызды деп санайтын сұрақтарға жауап беріңіз
|
Сабақ мақсаты қолжетімді болды ма?
Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме?
Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз?
Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?
Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба?
Сабақ жоспарынан ауытқу болды ма және неліктен?
|
Жалпы бағалау
Сабақта ең жақсы өткен 2 нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?
1.
2.
Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?
1.
2.
Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы нені анықтадым,келесі сабақта не нәрсеге назар аудару керек?
|