Сабақ тақырыбы Жүніс Сахиевтің «Айдағы жасырынбақ»


Талқылауға арналған сұрақтар



бет2/2
Дата27.04.2022
өлшемі26,87 Kb.
#141039
түріСабақ
1   2
Байланысты:
Жүніс Сахиевтің «Айдағы жасырынбақ» әңгімесінен оқығаннан кейін туған ойлар...

Талқылауға арналған сұрақтар:

  • Әңгіменің көтерген жүгі ауыр ма, жеңіл ме?

  • Әңгімеге байланысты қандай тақырыпқа эссе жазар едіңдер?

Құндылықтарды
игерту

Мәңгілік Ел стратегиясындағы жалпыға бірдей еңбек қоғамы құндылығын білім берудің еңбек және шығармашылық,ынтымақтастық, өмір бойы білім алу құндылықтарымен ұштастыру

Пәнаралық байланыс

Тарих, қазақ тілі, астрономия.

Бағалау критерийі

Шығарманың көркемдік-идеялық құндылығын гуманистік тұрғыдан талдап, әдеби эссе жазады.

Алдыңғы білім

Жүніс Сахиевтің «Айдағы жасырынбақ» әңгімесінің заманауилығы жайлы біледі.

Сабақ барысы

Сабақтың
кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу

Ресурс

Сабақтың басы

Сабақтың ортасы


1. Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу.
2. Психологиялық ахуал. Оқушыларды ішкі және сыртқы шеңберге тұрғызып, «Дыбыстау» ойынын ойнату.Сыртқы шеңбердегі оқушыларға тақырыптан алынған үзінділер салынған конверт ұсынылады. Олар үзіндіні дыбыссыз, қимылмен бейнелейді.Ішкі шеңбердегілер дыбыстау арқылы өз ойын жеткізеді. Оны айтпай шатасып қалған жағдайда сыртқы шеңбердегі оқушы жабық сұрақ арқылы көмек көрсетеді.
Оқушылар пазл әдісі бойынша топқа бөлінеді (пазлдағы суреттер: ағаш, су, күн, тау).
Үй тапсырмасы. «Сұрақ -жауап» әдісі
Дескриптор:
Сұрақтарға жауап береді. КБ
1-тапсырма. Т Топтық жұмыс
Оқушылар топта ақылдаса отырып, жұмыс жасайды.
Оқушыларды 4-тен 4 топқа бөлінеді. Әр топтағы 1-бала шығарма туралы өзіндік пікір білдіреді, 2-бала автордың экологиялық мәселені көтеру себебін анықтайды, 3-бала мәселеге қатысты шығармадан дәлел келтіреді 4-бала шығармадан өзіне үлгі алатын қасиеттерін айтып, ойын тұжырымдайды.
Топтардың қорғауы. Өзара бағалау «Екі жұлдыз бір тілек» тәсілімен жүргізіледі.
Дескриптор:
- шығарма туралы өзіндік пікір білдіреді,
- автордың экологиялық мәселені көтеру себебін анықтайды
- шығармадан дәлел келтіреді
- ойын тұжырымдайды . КБ


2-тапсырма.Жұппен жұмыс. Берілген кестені экология ұғымымен байланысты жұбымен бірге толтырады.
SWOT талдауы



Күшті жақтары

Әлсіз жақтары

Мүмкіндіктер

Қауіптер

Дескриптор:
- берілген кестені экология ұғымымен байланысты жұбымен бірге толтырады.
- шығарма туралы өзіндік пікір білдіреді, КБ


Жеке жұмыс
Шығарманың бүгінгі заманның өзекті бір мәселесін қозғағанын түсіндіңіз. Сондықтан «Қиялдан туған шығармадағы бүгінгі заман бейнесі» деген тақырыпта эссе жазыңыз. Ойыңызға нақты дәлелдер келтіріңіз. Эссенің сөз саны – 150сөз.
Дескриптор:

  • шығарманы заманауи құндылық тұрғысынан

талдайды.

  • кіріспе бөлімде шығарма туралы өзіндік пікір

білдіреді. (20-25 сөз)

  • негізгі бөлімде автордың экологиялық

мәселені көтеру себебін анықтайды (50 сөз)

  • мәселеге қатысты шығармадан дәлел келтіреді

(50сөз)

  • қорытынды бөлімде шығармадан өзіне үлгі

алатын қасиеттерін айтып, ойын тұжырымдайды (20-25 сөз). КБ

8-сынып «Қазақ әдебиеті» оқулығы

8-сынып «Қазақ әдебиеті» оқулығы





Сабақтың соңы



Рефлексия «Аяқталмаған сөйлем»
Мен.......түсіндім.
Мен......үйрендім.
Мені....... таң қалдырды.
Сабақтағы.....маған өмірде қажет. Үйге тапсырма.Қайталау.




Қосымша ақпарат

Саралау-оқушыға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілетті оқушыға тапсырманы түрлендіресіз?

Бағалау .Топтық
бағалау,қалыптастырушы бағалау.

АКТ пайдалану
Өмірмен байланыстыр






Рефлексия
Сабақтың мақсаты мен оқу міндеттері орындалды ма?
Бүгін оқушылар не үйренді? Сабақ қалай өтті, қандай деңгейде өтті? Жоспарланған саралау жақсы іске асты ма? (тапсырмалар сәйкес болды ма?) Уақытты қалай пайдаландым? Жоспарыма қандай өзгеріс енгіздім және неге?

Өз сабағыңызды талдау үшін осы бос орынды пайдаланыңыз. Сол жақта берілген сұрақтарға жауап беріңіз.




Қорытынды бағалау
Ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)
1.
2..
Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?
1.
2.
Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар жөнінде келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпарат білдім?
1.
2.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет