Сабақ тақырыбы Жүздік-жаңа санау бірлігі Шамаларды қосу және азайту



Дата07.02.2022
өлшемі199,9 Kb.
#89998
түріСабақ
Байланысты:
docx1555051284
зерттеу жумысы

Тексерілді:



Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:
2.А.Бөлім Екі таңбалы сандарды қосу және азайту. Жүздіктер. Есеп.

Мұғалімнің аты-жөні: Надирова Галия

Сынып:2 «З»

Қатысқандар:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Жүздік-жаңа санау бірлігі Шамаларды қосу және азайту

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1-ден 100-ге дейінгі сандардың реттіліктерін білу.
Екі таңбалы сандардың орнын сандық түзуде және олардың арасындағы интервалды анықтау.

Сабақ мақсаттары

2.1.1.4 санаудың ірі бірлігі – жүздікті құрастыру; 1000- ға дейін жүздіктермен санау, жазу, салыстыру

Бағалау критерийлері

Санау бірлігі жүздікті білетін боламын және оларды салыстыруды білемін.

Тілдік мақсаттар



Оқушылардың 100-ге дейінгі санау дағдыларын қалыптастыру, Сандық кесінді, сандық түзу, бірлік, ондық, жүздік, мыңдық терминдерін қолдана отырып математикалық тілін дамыту.

Құндылықтарды дарыту

Оқушылар топпен, жұппен жұмыс кезінде өзара көмек беруге, қолдау көсетуге ұмтылады. Математика пәніне деген қызығушылықтары артады.

Пәнаралық байланыстар

Жұптарға жануарларды сандық түзуде дұрыс орналастырып шығу тапсырмасы кезінде дүниетану пәнімен байланысады, оқушылар жануарлардың мекендейтін жері туралы өз білетіндерін айтады.
1000-ға дейін әндетіп санау кезінде музыка пәнімен байланысады.

Алдыңғы меңгерілген білім

Оқушылар бірінші сыныпта алған санау дағдыларын еске түсіреді.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет



Ресурстар

Сабақтың басы
10 минут

(Ұ) Оқушылар шеңберге жиналып отырып, сыныптағы оқушылар санын бірліктермен, екіліктермен, бестіктермен, ондықтармен санайды.
(Т) (Қ) Сынып ондықтармен санап, екі топқа бөлінеді. Әр топқа 100-ге дейінгі сандар қатары жазылған кесте беріледі. 15 секунд уақыт белгіленеді. 100-ге дейін қалай тез санауға болады?-деген сұраққа әр топ оқушылары өз ұсыныстарын айтады.
1-топ. 100-ге дейін бірліктермен санайды.
Мысалы, А – 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10; Б – 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20; С – 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30...
2-топ. 100-ге дейін ондықтармен санайды.
Мысалы, А – 10; Б – 20; С – 30... .
(ОТ) Ондықпен санау оңай әрі тез деген қорытындыға келеді.
Математикалық диктант

  • 4 ондық 6 бірлік

  • 7 ондық

  • 8 ондық, 9 бірлік

  • 10 ондық

  • ондығы мен бірлігінің саны адамның көзінің анына тең сан;

3 ондық, 6 бірлік.

1-100-ге дейінгі жазылған сандар қатары жазылған кесте

Сабақ ортасы
25 минут

(МТ) Оқушыларға 1000 саны мен цифры таныстырылады. Төрт таңбалы сан екені түсіндіріледі.
(Ұ) Оқушылар 100-ден 1000-ға дейін елуліктермен және жүздіктермен санайды.
50 10 15 200 20 30 30 40 ...
10 20 30 40 50 60 70 ...
(Т) Ойын «Қалташада не бар?» Топ басшылары тақтадағы екі таңбалы сандар салынған қалташаны таңдап алады. Өз топтарында екі таңбалы сандардың орнын сандық түзуде көрсетеді және олардың арасындағы интервалды анықтайды. Өзара талдау жасайды.

(Ж) (Қ) Әр жұпқа 100-ден 1000-ға дейінгі жүздіктер қатары беріледі. Жұптарға жануарларды сандық түзуде дұрыс орналастырып шығу тапсырмасы ұсынылады.






Ә ндете отырып 100-ден 200-ге, 200-ден 300-ге т.с.с. санауға рұқсат беріледі.


(МТ) (Ж) Оқушылардың санау жүйесін түсіну деңгейін қалыптастыру үшін
1.
100ге дейін бірліктермен және ондықтармен сана.
10 қарандашты қалай атауға болады?

10

10

10

10

10

10

10

10

10

10


Заттар көп болғанда, оларды жүздіктермен санауға болады.Жүздікті алу үшін неше ондықты біріктіріп буу қажет? Жүздіктермен сана.
1 жүзд=10онд=100бірл
Дескриптор
жүздіктерді, ондықтарды, бірліктерді ажырата алады.

2.Көрсетілген өлшем бірлікпен салыстыр


9 онд * 7жүзд 8*5онд 6жүзд*8онд
100 * 200 700*80 900*5 жүзд


Дескриптор
Жүздіктерді салыстыра алады.

3.Жүздіктерді өсу ретімен ата. Қандай жүздік жетіспейді?


900 300 200 400 100 600 700 500
(Д) /Қабілеті жоғары оқушыларға/ 1000-ға дейін жүздіктермен санай алсақ, ондықтармен 1000-ға дейін санау үшін неше санды атауымыз керек болады?-деген тапсырма ұсынылады. /Ауызша айта алмаған жағдайда ондықтарды қосып, жұмыс парағына жазып көрсетулеріне болады/
4.
Кітапханада бір күнде жануарлар туралы 17 кітапқа, ал одан 9-ы артық ертегілер кітабына тапсырыс берілді. Неше ертегілер кітабына тапсырыс берілді?
Ш: Жануарлар туралы-17кітап
9-ы артық ертілер кітабы
С: Ертегілер кітабы нешеу?
Ш: 17+9=26
Ж:26 ертегілер кітабына тапсырыс берілді.
Дескриптор
Берілген есептің шартын, сұрағын, шешуін, жауабын құрай алады.

http://www.sparklebox.co.uk/maths/counting/counting-in-100s.html#.UWxmN6K-1I4


https://www.youtube.com/watch?v=atfuwTwxyGk
(Материал орысша болғандықтан визуалды түрде көрсетіледі)
https://www.youtube.com/watch?v=A1mxje7cmnk
10 20 50 100 номиналды теңгелер



Сабақтың соңы
5 минут

Рефлексия
Оқушылар екі қатарға сандық түзу құрып тұрады.
1-қатарға мыңға дейінгі сандар реттілін білемін, білімімді сенімді көрсете аламын деген оқушылар тұрады.
2-қатарға мыңға дейінгі сандар қатарын әлі де үйренемін, достарымнан көмек сұраймын деген оқушылар тұрады.

Екі қатарға екі түрлі лента қоюға болады.



Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы




Қабілеті жоғары оқушыларға ондықтармен 1000-ға дейін санау үшін неше санды атауымыз керек болады?-деген тапсырма ұсынылады.

Әр оқушының іс-әрекеті сырттай бақылауға алынады.
Жетістік критерийі бойынша әр жұпқа 100-ден 1000-ға дейінгі жүздіктер қатары беріледі. Жұптарға сандарды сандық түзуде дұрыс орналастырып шығу тапсырмасы ұсынылады.



Сабақ оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып жоспарланды. Партада отыру кезінде денені тік ұстап, арқасын орындықтың жақтауына тигізіп отыру ескертілді.
Теңгемен санау кезінде қауіпсіздік ережелері айтылды.




Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет