Уақыт
8
3
5
32
3
6
23
5
2
3
|
Мұғалімнің іс-әрекеті: не істеймін?
Кіріспе 8-мин
Сыныпты ұйымдастыру . Топқа бөлу.
Білімдерін тексеру. Өткен сабаққа шолу жасау.
«Ой қозғау» Тест сұрақтарына жауап беру.
1. Көркемшығарма бөліктерінің орналасуы және олардың және олардың бірлігін атаңыз
А. Пропорция В. Перспектива С. Композиция
2. Пропорция дегеніміз -...
А. Картинадағы айырмашылық В. Картинадағы тепе - теңдік
С. Түстердің теңдігі
3. Композициялық орталық картинада қай жерде орналасады?
А. Ортасында В. Кез – келген жерінде С. жақ төменгі бұрышында
4. Композиция деген нені білдіреді?
А. Орналастыру В. Көрінбейтін сызық С. Картина
5. Ғимараттың ішкі көрінісі
А. Экстерьер В. Интерьер С. Композиция
Топтар бір-бірінің үй жұмыстарын бағалайды. Бағалау кезінде белгілі бір критерийлерді құрып алады:
Негізгі бөлім-32 мин. Жаңа білім беру. Оқулықпен жұмыс. «Мозайка»; «Стоп кадр» тәсілдері.
Перспектива – бір шаршы кенепте немесе қағаздың бетіне КЕҢІСТІКТІ қалай бейнелеу туралы ілім.
Перспектива латынның «perspicere» - «тасадағыны көре білу» деген сөзінен шыққан. Перспективаның заңдары өте көп, соның ең басты екеуін суретшілер қалайда білуге тиісті.
1. Зат бізден неғұрлым алыс тұрса, ол соғұрлым кішкентай болып көрінеді.
2. Параллель сызықтар бізден алыстаған сайын арасы жақындап, көкжиекте бір нүктеге тоғысып тынады.
Перспектива заңдылығын алғаш ашқандардың бірі – Қайта өрлеу дәуіріндегі атақты итальян сәулетшісі және суретшісі Брунеллески.
Біз бүгін перспективаның орындалу тәсілдері туралы ережемен танысамыз. Егер суреттегі заттар бір - бірінен әр түрлі қашықтықта орналасып, қағаз бетінде кеңістік пен тереңдік пайда болса, онда ол перспективалық бейнелеу деп аталады.
Перспективалық бейнелеудің өз ережелері бар. Перспектива сызықтық және ауалық деп бөлінеді: Сызықтық перспектива деп – белгілі бір бұрышпен көкжиек сызығына қарай бағытталған параллель сызықтар бір нүктеде барып қосылады. Мысалы, жол фонарлары, көше бойындағы телеграф бағандары, көше бойындағы жарық фонарлары, көше бойындағы үйлер т.б. Олар алыстаған сайын кішірейе береді. Белгілі бір қашықтықта қосылады.
Ауалық перспектива деген не? Көрушіге жақын орналасқан заттардың түстері ашық, айқын, ал алыстағылардың тұстері солғын түрінде қабылданады.
Көкжиек сызығы көзіміздің деңгейіне дейін көрінетін жердің жиегін горизонт сызығы дейді.
Сарамандық жұмыс
Графикалық жұмыс:
" Сиқырлы қыс " тақырыбына сурет салу. Бұл тақырыпты салған кезде перспектива заңдылықтарын орындай отырып бейнелердің қағаз бетіне қалай орналасатынын еске түсіріп, оны қалай бейнелеуге болатынын талқылау. Нобайын түсіріп болған соң, бояу түстерін қолдану жолдарын үйрету. Оқушылардан жеке кейіпкерлер, олардың қимыл қозғалыстарын айқындап өздеріне ұнаған бір көріністі таңдап сурет салуға тапсырма беріледі. Перспектива заңдылықтарын орындай отырып, композициясының әсерлі шығуына назар аударамыз.
Қорытынды-5 мин
1. Перспектива деген не?
2. Перспективаның қандай түрлерін білесіңдер?
Рефлексия жасау."Екі жұлдыз, бір тілек" Оқушыларға үйге тапсырма беріледі: " Сиқырлы қыс " тақырыбын аяқтап келу.
|
Оқушылардың
іс-әрекеті
Оқушының бойында болатын үш асыл қасиет арқылы топтарға бөлу. (3 топ)
Тәртіп– 1 топ. Білім– 2 топ. Ақыл– 3 топ «
Әр топ келесі топтың жұмысын бағалайды.
Оқушылар мәтінмен танысады.
Қажет жерлерін дәптерге түртіп алады.
Оқушылар мәтінмен танысып «Мозайка»; «Стоп кадр» тәсілдерімен кезекпен жауап беріп, түсінгендерін, басты түйін сөздерді айтады.
Цирктегі сюжеттік көріністерді композициялық құрылымын айқындап барып әр оқушы қағаз бетіне түсіреді.
Оқушылар альбомдарына сурет салады.
Не білдім?
Не білгім келеді?
Менің ұсынысым
Тақтаға ілу
|
Ресурстар
Бейнелеу өнері кітабы
Кеспе қағаздар
Бейнелеу өнері кітабы
Альбом, дәптер, бояу түрлері,
қарындаш,
Бейнелеу кітабы
59-60 - бет
стикер
|