- Кеңістіктегі перпендикуляр, көлбеу және көлбеу проекциясының анықтамасын білсе;
- Перпендикуляр, көлбеу, көлбеудің проекциясы арасындағы байланысты есеп шығару барысында қолдана алса.
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
Ресурстар
Ұйымдастыру кезеңі
(5-минут)
Ұйымдастыру кезеңі(5 мин)
Амандасу. Сыныпты түгелдеу. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Алдыңғы жоспардағы үй жұмысын тексеру, қиын деңгейін талдау.
Сабақтың сабақ тақырыбы мен мақсатын анықтау, тұжырымдау және жазу
Оқушыларға сұрақ қою: шамнан жер бетіне дейінгі қашықтық ретінде қай кесіндінің ұзындығын алуға болады? Қашықтықты анықтау үшін қай кесіндінің ұзындығын аламыз? Бұл кесінді перпендикуляр деп аталады.
Олай болса сабақтың тақырыбы: «Перпендикуляр және көлбеу, көлбеу проекциясы».
Сабақтың мақсаты: кеңістіктегі перпендикуляр, көлбеу және көлбеу проекциясының анықтамасын білу;
перпендикуляр, көлбеу, көлбеудің проекциясы арасындағы байланысты нақтылап, есеп шығару барысында қолдану; (слайд 1)