Сабақ тақырыбы: Кездейсоқ шаманың сандық сипаттамаларын таңдамалар бойынша бағалау



бет2/2
Дата24.03.2022
өлшемі359,6 Kb.
#136661
түріСабақ
1   2
Байланысты:
Ñàáà? òà?ûðûáû Êåçäåéñî? øàìàíû? ñàíäû? ñèïàòòàìàëàðûí òà?äàìàë

Құндылықтарды дарыту



Құндылықтар:
Сыныппен талқылауға коммуникативтік дағдыларын дамытып, қатысады.
Жұптық жұмыста оқушылар әріптесіне қарап, идеяларымен бөлісіп және талқылауға қатысып, жауапты болуға үйренді. Тапсырмаларды орындағанда академиялық әділдік принциптеріне сүйенеді. Экономия мен ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыстар

Сызу

АКТ қолдану дағдылары

Интерактивті тақтаны қолдану.

Бастапқы білім

Ықтималдықтың классикалық анықтамасын, ықтималдықтар теориясының негізгі ұғымдарын біледі(математикалық күтім, дисперсия, кездейсоқ шаманың стандартты ауытқуы).






Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет



ресурстар



Сабақтың басы
2 минут

5 минут


1 минут



Ұйымдастыру кезеңі:
1 Оқушылармен амандасу. «Бағдаршам» стратегиясын қолданып, жағымды психологиялық ахуал туғызу.
Жасыл түс – көңіл-күйім керемет
Сары түс – көңіл-күйім жақсы
Қызыл түс – көңіл-күйім онша емес.
2.Стартер: «Миға шабуыл»
Мақсаты: Оқушылардың өткен тақырыптар бойынша білімдерін тексеру және қателерін түзету жұмысын өткізу.
Ықтималдықтар теориясының негізгі ұғымдарын қайталау.
Қосымша №1.
3. Сабақ тақырыбымен таныстыру (Сабақ тақырыбымен байланыстыра отырып, оқушыларға бүгінгі сабақтың мақсатының қандай болатыны туралы ойлауды ұсыну және оны жалпы сыныппен бекіту.)

Слайд 1
Слайд 2

Сабақтың ортасы
27 минут


Сабаққа кіріспе:

  1. «Мұртты жәшік» диаграммасын қайталау.

Мақсаты: Оқушылардың білімдеріне сүйене отырып, бір кездейсоқ шаманы бақылайтын болсақ, оның үлестірімін әртүрлі тәжірибелер жасай отырып дәл қорытындысын қалай алуға болатынын сипаттап айту.
Мысал 1.Кэтрин –жас репортер. Тұтынушылар ісі бойынша зерттеу жұмысы кезінде 12 дүкен мен әмбебап дүкендерден 0,5кг тауық етінен сатып алған. Алынған мәлеметтер келесі:

  • $1.39 $1.39 $1.46 $1.48 $1.48 $1.50 $1.52 $1.54 $1.60 $1.65 $1.68 $1.72

  • Q1, Q2,Q3 табыңыздар. Алынған мәліметтерді «Мұртты жәшік» деп аталатын диаграммада көрсетуге болады.

  • Q1=(1.46+1.48)/2=1.47

  • Q2=(1.50+1.52)/2=1.51

  • Q3=(1.60+1.65)/2=1.625≈1.63





  1. Сыныппен жұмыс.

Мақсаты: Топпен тақырыптың қорытындысына сүйене отырып, берілген мәліметтер бойынша кесте сызу, оны гистограммада, полигонда көрсету.
Есеп.Қайталанбайтын таңдау арқылы 20000 халқы бар қаладан бірнеше тұрғындардың айлық кірістерін зерттеу үшін, төмендегі кестеге қарап:




  1. Салыстырмалы жиілік гистограммасын салу.

  2. Салыстырмалы жиілік полигоны.

  3. кездейсоқ шаманың математикалық күтімнің дәл бағасын табу керек, мұндағы – қаланың кездейсоқ алынған тұрғыны.

Шешуі:Салыстырмалы жиілікті есептеп, жиіліктер тығыздығының гистограммасын салу
4. Полигон салу.
3. Жұппен жұмыс.
Мақсаты: мәліметтерді талдап, кесте құрастырып, қорытынды жасай білу және бірлесе салу гистограмма, полтгон салу. (Бірінің түсінбегенін екіншісі түсіндіре алатындай жұптар құрастыру яғни білім деңгейлеріне қарай.)
Өзара бағалау: Жұптар арасында салыстыра отырып, тексеру және қателерін таба білу.



4. Қалыптастырушы бағалау.
Мақсаты: Оқушылардың тақырыпты қаншалықты меңгергенін тексеру.
Бағалау: Өзін-өзі бағалау.




Слайд 3-11



Сабақтың соңы
5 минут

Үйге тапсырма:
1) Өткен тақырыптарды қайталау
2) Қосымшада берілген есептерді шығару.
Рефлексия: «ББҮ» стратегиясы бойынша, оқушылар өз ой толғаныстарын жазады.
- нені білдім, нені үйрендім?
- нені толық түсінбедім?
- немен жұмысты жалғастыру қажет?

12-13 слайд

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?



Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Тапсырмаларды орындау барысында саралау жүзеге асырылады. Тапсырмалар оқушылардың қабылдау ерекшеліктеріне, дайындық деңгейіне байланысты таңдалып алынды.Оқушының іс-әрекетін ұйымдастыру формалары: топпен, жұппен жұмыс түрлеріне сай ұсынылды. Қабілеті жоғары оқушылар консультант ролін атқарады.




Қауіпсіздік техникасының ережелерінің тармақтары сақталады. Сабақта барлық оқушыларға жағымды әсер ету үшін жағдай жасалады. Оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастырудың әртүрлі формалары қарастырылады

Сабақ бойынша рефлексия
Сабақ мақсаттары/ оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?
Жеткізбесе, неліктен?
Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?
Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?
Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.




Жалпы баға:
Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?


Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?
1:


Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?





Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет