Сабақ тақырыбы Кіріспе сабақ : Ежелгі Қазақстанға саяхат



бет105/134
Дата22.11.2019
өлшемі7,85 Mb.
#52279
түріСабақ
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   134
Байланысты:
5 сынып ҚМЖ сатып алынған-2 (3)





САБАҚ:

Ғұн тайпаларының бірігуі




Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің есімі:


СЫНЫП: 5

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар: 0

Сабақ негізделген оқу

мақсаты (мақсаттары)

5.1.1.3 – ғұндардың қоныс аудару бағыттарын тарихи картадан көрсету;

5.3.1.2 – ежелгі мемлекеттік бірлестіктердің құрылуын түсіндіру



Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:

  • Оқулықта берілген тапсырмаларды орындайды. Тақырыпты меңгереді.

Оқушылардың басым бөлігі:

  • Тақырыптың маңызы туралы дәлелдеп айтып бере алады.

Кейбір оқушылар:

  • Білімді сыныптастарына түсіндіріп оқулықтан тыс ресурстар қоса алады.

Бағалау критерийі

Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады.

Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.



Тілдік құзіреттілік

Ғұн тайпаларының бірігуі




Ресурстар

Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар  және  әртүрлі  заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер.

Әдіс-тәсілдер

Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия.

Пәнаралық байланыс

Музыка, қазақ тілі,тарих.

Алдыңғы тақырып

Үйсіндер мен қаңлылардың материалдық және рухани мәдениеті


Жоспарланған

уақыт

Жоспарланған жаттығулар (төменде

жоспарланған жаттығулармен қатар,

ескертпелерді жазыңыз)

Ресурстар

Басталуы 5 минут


Топқа бөлу 2 минут


Психологиялық ахуал қалыптастыру:

«Көрші»

Мақсаты: әрбір қатысушының сол топтың бір мүшесі екендігін сезінуі, бір-біріне жылылық сыйлау.

Нұсқаулық:

Көршіңді оң жақтан құшақта,

Көршіңді сол жақтан құшақта.

Оң жақтағы көршіңе бір жымиып,

Сол жақтағы көршіңе бір жымиып,

Бүгінгі тренинг барысы,

Біз үлкен отбасы.

Жіпте жайылған фотосреттерді алып, түріне сай топтарға бөлінеді.

(Көршілер қимыл – қозғалыстар арқылы жаттығуды жасайды)


Ортасы 20 минут

Білу және түсіну 10 минут

Топтарға тапсырма:

(Мәтін бөліктерін тарату)

Түркі халықтарының арғы тегі саналатын ғұн тайпалары бастапқы кезде Солтүстік Қытайда, Монғолияда, Байкал өңірінде қоныстанған. Ежелгі Қытай жылнамаларында ғұндар «гуй фаң», «гун руң», «хун ю», «шиан ю», «шиұң ну» секілді атаулармен берілген.

Б. з. басында Қазақстан аумағын мекен еткен тайпалардың ең жауынгер халқы ғұндар болды. Ғұндардың жауынгер билеушілерінің бірі Атилланың есімі ерекше. Оның Еуропа халықтарына басқыншылық жорығы бізге белгілі. Тіпті әлемнің сұлу шаһарларының бірі Венецияның салынуына Атилла бастаған ғұндардың шапқыншылық соғысы себеп болған. Сонымен бірге ғұндар Еуразияда б. з. б. болған «халықтардың ұлы қоныс аударуымен» тығыз байланысты. Қазақстан жеріне б. з. I ғ. басында қоныстанды. Ғұндар бірлестігінің негізін салушы Мөде болды. Ол деректер бойынша б. з. б. 230 – 174 жылдары өмір сүрген. Б. з. б. III ғ. Ғұндардың билеушісі Мөде үйсіндерге және Қытай аумағының біраз бөлігіне билік жүргізеді. I ғ. яғни 55 жылы ғұндар екіге бөлінеді:

1. Оңтүстік ғұн мемлекеті қытайлардың қол астына кіреді.

2. Солтүстік ғұн мемлекеті қазіргі солтүстік-батыс Моңғолия жерін мекен еткен.

Билеушілері Чжи-чжи шаньюй болады. Чжи-чжи бастаған ғұндар Ыстықкөл маңында қытай әскерлерінен жеңіліп, қолға түседі (1518). Ғұндар б. з. 93 жылдан бастап екінші рет Мажарстан жеріне (Венгрия) қоныс тебеді.



Шаруашылығы.

Мал шаруашылығы жақсы дамыды. Егін шаруашылығы да маңызды рөл атқарды. Негізінен, дәнді дақылдардың ішінде тарыны көп өсірген. Сонымен қатар ғұндар аң аулаумен айналысқан. Көшпелі шаруашылықпен айналысқан ғұндардың негізгі баспанасы киіз үй болды.

Ғұндарда қолөнер мен бейнелеу өнері жоғары деңгейде болған. Зергерлік өнердегі полихромды стилін дүниеге әкелген.

Соғыс ісінде дамуы шарықтап, әскердің негізі атты жауынгерлерден құрылды. Олардың қаруы садақ және дөңгелек немесе сопақша кескіндегі қалқандары болды.



Мәдениеті.

Ғұндар сақ тайпаларының мәдениетін жалғастырушы, одан әрі дамытушысы болды. Ғұн қоғамында сауда қатынасының, темірден жасалған бұйымдардың, тері өңдеудің кең өріс алуы, қолөнердің пайда болуы өркениеттің қозғаушы күші еді. Ғұндарда жоғары дамыған материалдық мәдениет пен әскери істе қамал бұзудың техникасы мәлім болды. Жойқын соғыстардың кезінде ғұн жауынгерлері ысқырғыш жебелерді қолданды. Олар жауларының үстіне қардай борап үрейін алатын.

Б. з. б. I мыңжылдықта ғұндарда көшпелі мал шаруашылығы үстемдік етті. Ғұндардың тастағы суреттерінде бұқа, бұғы, аққудың бейнелері салынған. Олардың ойынша бұқа күш пен биліктің, бұғы бақыт пен жақсылықтың, ал аққу үй ошағының сақтаушы символдары. Ғұндардың бейнелеу өнері сақтардың көркемдік (аңдық стиль) дәстүрімен байланысты келеді.

Ғұндардың қоғамдық құрылысы.

Мемлекет билеушісінің титулы – шаньюй. Шаньюйге түменбасы, жүзбасы, онбасылар бағынышты болды. Ғұндар 24 рудан құрылды. Әр руды ақсақалдар басқарды. Ақсақалдар мемлекет ісін талқылау үшін бір жылда 3 рет құрылтай өткізіп отырды.Зерттеу сұрағы:Неге Мөде шаньюй «Жер - мемлекеттің негізі» деді?



Қолдану 8 минут Постер жасату.

Жалпыға арналған тапсырма:

Оқушылар жаңа білімге сай оқулықты қолдана отырып өз түсінгендерін постерге түсіреді.






«Әлемді шарлау» әдісі арқылы түсіндіріледі.
Постер жасату.

Оқушылар өз ойларын постерге жазып оқып береді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   134




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет