Басталуы 5 минут
|
Топқа бөлу 2 минут
Психологиялық ахуал қалыптастыру:
«Көрші»
Мақсаты: әрбір қатысушының сол топтың бір мүшесі екендігін сезінуі, бір-біріне жылылық сыйлау.
Нұсқаулық:
Көршіңді оң жақтан құшақта,
Көршіңді сол жақтан құшақта.
Оң жақтағы көршіңе бір жымиып,
Сол жақтағы көршіңе бір жымиып,
Бүгінгі тренинг барысы,
Біз үлкен отбасы.
|
Жіпте жайылған фотосреттерді алып, түріне сай топтарға бөлінеді.
(Көршілер қимыл – қозғалыстар арқылы жаттығуды жасайды)
|
Ортасы 20 минут
|
Білу және түсіну 10 минут
Топтарға тапсырма:
1. Сақтар кімдермен шайқасқан екен?
2. Парсылар сақтарды алдаса; сақтар парсылардан қалай қарымта қайтарды?
3. Македонскийді жеңудің қандай мақсаты болды?
4. Қандай тарихи тұлғалармен кездестік?
Тұмар [Томирис] бұл шайқастың шешуші болатынын білген. Ол салқынқандылықпен ұрыс тактикасының егжей-тегжейлерін жоспарлап отыр. Өзінің әскери киімін киіп, қолына қару алып, қанатты қар барысының рухын шақырып, екпіндеп басып, киіз үйден тысқа шықты. Сыртта оны қалың әскері күтіп отырған. Соғыс жүргізуге қабілетті барлық тайпаластары бұл шешуші айқасқа аттанғалы отыр. Бәрі де жеңіске жеткеніне сенімді... Үш мың жыл бұрын Қазақ даласында атақты арғы аталарымыз – қуатты сақ тайпалары өмір сүрген. Гректер оларды кентаврлар (ежелгі Грекия мифінде ат басты адам) деп атап, оларды аңыз қылған. Көне грек тарихшысы Геродоттың дерегіне сүйенсек, әйгілі Геракл да сақ халқынан шыққан. Сақтардың жерлерін ешкім жаулап ала алмаған. Дұшпандар сақ әйелдерінен өлердей қорқатын, өйткені олар ер азаматтармен тең дәрежеде соғыс өнерін көрсете білген. Сонымен бірге, батырларды ерлікке жігерлендірген.
Қолдану 8 минут Постер жасату.
Зерттеу сұрағы: Тарихи деректерде Томиристің бейнесі қалай сипатталған?
Сақ патшайымы Тұмардың есімі ежелгі жазбаларда Томирис деп көрсетілген. Тұмар – массагеттердің патшайымы, скиф халқының көсемі Ишпақайдың ұрпағы, скифтердің патшасы Мадийдің шөбересі, массагеттердің патшасы Сыпырдың қызы немесе немере қызы. Ол бала кезінен әскери іс-қимылдар мен қару-жарақ пайдаланылатын ортада өскен. Әкесімен бірге қуғыншылардан көп рет қашып құтылған. Ал бес жасынан бері асау атқа мініп жүрген. Алты жасында қолына ақинақ – қысқа семсерді ұстап, жаттыға бастаған. Патшайымның анасы Томиристің сәби шағында бақилыққа болған. Кішкентай қызды әкесі тәрбиеледі. Томирис бой жеткен соң тиграхаудтардың билеушісі Рустамға тұрмысқа шықты. Ханша ұзақ уақыт бойы үйлену тойының дұрыстығына көп шүбә келтіріп жүрген. Алайда, бір күні Рустамның жадыраған күлкісін көріп, отау құруға келісті. Үйлену тойынан кейін көп ұзамай Томиристің әкесі дүниеден озды. Осыдан соң өкімет Томиристің қолына көшті. Әкесі өлгеннен кейінгі жалғыздығы жанына қатты батты. Ал күйеуі бар уақытын той-томалаққа арнап, аң аулаған. Жұбайлардың арасы салқындай түседі. Бұл кезде Тұмар және сақшы Бақтиярдың арасында махаббат сезімі оянды. Томирис Бақтиярды қатты жақсы көргеніне қарамастан, ол опасыздық жасады... Б.з.д. 530-529 жылдары Мидия елінің патшасы Кир көптеген елдерді өзіне бағындырып, «Азия әміршісі» атағына ие болып, Ұлы Далаға қарсы жорыққа шықты. Шайқастардың бірінде Кир патшасы Томиристің жұбайы Рустамды өлтіріп, Тұмардың баласы Сыпырды қолға түсірген. Тұтқында Томиристің ұлы да мерт болды. Ал Кир көшпенділер еліне елші аттандырып, олардың ханшасына өзіне тұрмысқа шығуын сұрады. Сонымен бірге, бір халыққа бейбіт жолмен бірігу туралы ұсыныс жасады. Тұмар Кир патшасының ұсынысын қабылдамай, оның қанға тоймас басын қанға тұншықтыруды уәде етеді. Ақыры, сөзіне тұрған патшайым парсыларға қарсы ұрыс жүргізеді. Осылай массагеттер жеңіске жетеді. Шешуші айқасқа сақ әйелдері қатысқан. Бұл оқиғаны грек тарихшысы Геродот «ең кескілескен және ұлы шайқас» деп суреттеген
Жалпыға арналған тапсырма:
Оқушылар жаңа білімге сай оқулықты қолдана отырып өз түсінгендерін постерге түсіреді.
|
«Әлемді шарлау» әдісі арқылы түсіндіріледі.
Постер жасату.
Оқушылар өз ойларын постерге жазып оқып береді.
|