-оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу;
-жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру;
-ОБЪЕКТ, ПРОЕКТ топ атаулары бойынша суреттелген мозайканы құрастыру арқылы оқушыларды екі топқа бөліп отырғызу («мозайка»әдісі).
(Ү/ж) «Миға шабуыл » әдісін пайдаланып, сұрақ қою арқылы үй тапсырмасын сұрау:
Сызықтық алгоритм дегеніміз не? Күнделікті өмірден мысалдар келтір.
Тармақталу алгоритм дегенді қалай түсінесің? Мысалдар келтір.
Шартты тексеру операторларын ата?
Күнделікті тұрмыста әртүрлі кедергілер арқылы туындайтын шарттарды қалай шешеміз?
Визуалды ортада шартты тексеру және тармақталу алгоритмдерін қалай жобалауға болады?
Шарт қою және шарт тексеру мүмкіндігі болмаса біздің өміріміз қалай өзгерген болар еді?
(С) «Серпілген сауал»әдісін пайдаланып, операторларының жазылу нұсқалары көрсетілген плакаттар, слайдтар көрсетіп, топтар арасында біріне-бірі сұрақтарды «лақтыру» арқылы жаңа тақырыпты ашу.