Ең күшті дамыған ел -АҚШ
аман: Әуе көлігі ең жас, ең қымбат көлік.
Тілші.Менің сұрағым Байланыс жүйесі маманына. Қазақстанда және Дүниежүзінде байланыс жүйесінің қызметі қандай?
Маман : Байланыс құралдары қазіргі кездегі ең басты қажеттіліктің бірі.
Екі жақты қызмет атқарады:
1.Экономикалық.
2.Әлеуметтік.
Дүние жүзіндегі халықтың тең жартысы телефон дегенді білмейді.
1-орын -АҚШ Байланыс жүйесінің 2/5, жаңа байланыс жүйесінің 9/10.
4 кезең. Мағынаны ашу. Білімді меңгертуге арналған тапсырмалар.
Картамен жұмыс.
1. Көлік кешенінің негізгі жүк тасымалдау бағыттарын картадан табу.
2. Карта бойынша ірі теңіз проттарын анықтау.
3. Ірі теңіз каналдары мен бұғаздарды көрсетіп олардың жүк тасымалдаудағы маңызын сипаттау.
5 кезең . Географиялық есеп.
1.екі автомобильге бірдей мөлшерде 5 тонна жүк тиелді. Біріншісі 10 км қашықтыққа, екіншісі 100 км – ге тасып апарды, олардың қайсысы көп жұмыс атқарды?
Шешуі: Жүк айналымы дегеніміз уақыт бірлігі ішінде белгілі қашықтыққа тасымалданған жүк мөлшері.
1.автомобиль: 5 тонна* 10 км = 50 тонна км.
2.автомобиль: 5 тонна * 100 км = 500 тонна км.
Жауабы: 2-ші автомобиль көп жұмыс атқарды.
6 кезең. Ой – толғаныс.
Биылғы 2012 жылғы Елбасы жолдауында инфрақұрылымды дамыту үшін қандай маңызды істер жоспарлануда.
Жауап: Батыс – Еуропа – Батыс – Қытай халықаралық автомобиль дәлізінің қазақстандақ учаскесінің құрылысын анықтау.
2.1200 шақырымға созылатын Жезқазған - Бейнеу және Арқалық – Шұбаркөл екі темір жол желісі құрлысына кірісудің маңызы үлкен. Бұл жобалар Жезқазған – Арқалық өңірінің дамуына қуатты серпім беретін болады.
7 кезең. «Пікір талас».
«Көлік кешенінің пайдасы мен зияны». Оқушылардың ой – пікірі.
8 кезең. Білімді бекіту сұрақтары:
1. Көліктің ең жылдам түрі - Ұшақ
2. Таситын жүк көлемі жағынан ірі көлік - Теңіз
3. Ең қымбат көлік - Ұшақ
4. Таситын жолаушылар саны жағынан ірі көлік - Автомобиль
5. Жүк айналымы бойынша ірі көлік – Теңіз.
6. Экологиялық лас көлік - Автомобиль.
7. Ең арзан көлік - Құбыр.
8. Қақпадан қақпаға жеткізетін көлік – Автомобиль.
9. Басқа көлік түрлеріне ұқсамайтын көлік – Электронды.
8 Кезең. Сабақты қорыту.
Кезең. Білімді бағалау.
Кезең. Үйге тапсырма.40 кескін картаға көлік кешенін түсіру.
Достарыңызбен бөлісу: |