Ұзақ мерзімді жоспар тарауы:
Біздің өміріміздегі алгоритмдер
Күні:5.05.2017ж
Сынып:5
|
Мектеп: №5 А.Байтұрсынов ЖОМ КММ
Мұғалімнің аты-жөні: Қаныбекова Нағима
Халыққызы
Қатысқандар:
Қатыспағандар:
|
Сабақ
тақырыбы:
|
Команда бойынша жұмыс
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
|
5.3.2.3 орындаушыларға және олардың командалар жүйесіне мысал келтіру
|
Сабақтың мақсаты:
|
Барлық оқушылар үшін: Алгоритм түсінігі мен оны орындаушылар туралы негізгі түсініктері қалыптасады.
Көптеген оқушылар :Орындаушылар және олардың командалар жүйесін ажырата алады.
Кейбір оқушылар: Алгоритм құру үшін командаларды қолдана алады.
|
Бағалау критерийі
|
|
Дескриптор
|
Алгоритм анықтамасын тұжырымдайды.
|
|
-Алгоритм ұғымын біледі;
-Алгоритм түрлерін біледі;
-Алгоритмді құру үшін, тиісті команданы орындайды;
|
Орындаушыларды және олардың командалар жүйесін ажыратады.
|
|
-Орындаушыларды және олардың командалар жүйесін ажырата алады
-Алгоритмді сөз түріндегі командаларды пайдаланып құрастыра алады.
-Өмірден мысал келтіре алады.
|
Тілдік мақсаттар
|
Алгоритмге байланысты түйінді сөздерді біледі және үш тілде айта алады.(алгоритм-алгоритм-algoritm, орындаушы-испольнител-peformer, команда-команда-team)
|
Құндылықтарға баулу
|
Қарым-қатынас орнату, уақытты тиімді пайдалануға, тазалыққа, достыққа тәрбиелеу,өмір бойы оқуға дайын болу.
|
Пәнаралық байланыс
|
Қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын, математика
|
Алдынғы білім
|
Алгоритм анықтамасын біледі. Алгоритм түрлерін біледі.
|
Сабақ барысы
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
|
Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері
|
Ресурстар
|
Сабақ басы
3-мин
7-мин
|
Ұйымдастыру: Оқушылармен сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу.Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу. «Көңілді саусақ» тәсілі арқылы оқушылар саусақтарымен көңіл –күйлерін білдіреді.
Оқушыларды топтастыру: стикерлердің артына жазылған тірек сөздер бойынша 2 топқа топтастырамын.(алгоритм,команда) Оқушылар өздері топ басшыларын сайлайды.
1-топ «Алгоритм»
2-топ «Команда»
Үй тапсырмасын тексеру:
«Әрқашан күн сөнбесін» әдісі. Бұлттар артына жасырылған сұрақтарға жауап бере отырып үй тапсырмасын пысықтаймыз
Сұрақтар
Аль -Харазми кім?
Алгоритм қайсы тілден алынған?
Алгоритм дегеніміз не?
Есікті ашу алгоритмінде қанша команда бар? Т.б
Оқушылар бір - бірін , смайліктермен бағалайды.
|
Стикерлер
Презедентация, слайд
|
Сабақ ортасы
7-мин
12-мин
5-мин
3-мин
|
Жаңа сабақты түсіндіру
Жаңа сабақты видео ролик корсету арқылы түсіндіремін.
Постер қорғау.
Орындаушыларға және олардың командалар жүйесіне мысал келтіріңдер және оны постерде қорғаңдар.
Мысалға: «Оқушының күн тәртібі»
Топтар бір - бірлерін бағалайды.
«Адасқан алгоритм»
Қағаз қиындыларынан «Жолдан өту ережесі» алгоритмін рет – ретімен 2топ орындарына қояды. (Партаның үстінде жатқан ережелерді магнит тақтаға жапыстырады, қатесіз, жылдам орындаған топ ескеріледі)
Сергіту сәті
Видео ролик көрсету арқылы балалардың бойын жазу, яғни роликтегі жаттығуларды қайталау
|
Интербелсенді тақта
Видео ролик
Плакат, маркер
А4
Қағаз қиындылары
Интербелсенді тақта, видео ролик
|
Сабақ соңы
6-мин
2-мин
|
Сабақты бекіту
«Серпілген сауал» әдісі.
Тақырыптың түсіну деңгейін арттыруға және талқылау дағдыларын дамытуға қол жеткізу үшін әр топ оқушылардың арасына сұрақтар жазылған парақшалар тарқату
БББ-кестесі
- нені білді, нені үйренді;
- не әлі де түсініксіз;
- қандай бағытта жұмыс жүргізу қажет.
Үйге тапсырма: «Шай демдеу» алгоритмін құрып келу
|
Сұрақтар жазылған парақшалар А4
стикер
|
Саралау – сіз қандай тәсілмен көрсетпексіз? Сіз қабілетті оқушылардың алдына қандай тапсырмалар қоясыз?
|
Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?
|
Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау
|
Қабілеті жоғары оқушыларға білім деңгейлеріне сай, қосымша күрделі тапсырмалар беріп отырамын.
Тақырыпты меңгеруге қиналған оқушыларды үнемі назарымда ұстаймын және диалогті түрде түсініктеме беріп отырамын.
|
Әрбір тапсырма баға кестесі арқылы смайліктермен бағаланады. Оқушылар өзін-өзі, бір - бірлерін, бағалайды. Оқушылар өз жұмысын және сыныптастарының жұмыстарын белгілі бір критерийлер бойынша бағалай алады.
|
Сабақта сергіту жаттығулары мен белсенді жұмыс түрлерін қолданамын.
Информатика кабинетіндегі техника қауіпсіздік ережелерін сақтаймын
|
Сабақ бойынша рефлексия
|
|
|
Жалпы бағалау
Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?
1:
2:
Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?
1:
2:
Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?
1:
2:
|