Қайталанатын және қайталанбайтын терулер
Видео
https://bilimland.kz/kk/courses/math-kz/algebra/kombinatorika-yqtimaldyqtar-teoriyasynyng-ehlementteri/lesson/ornalastyrular-almastyrular-zhane-teruler
Анықтама: n элементі бар Х жиынының әрбір k элементті ішкі жиыннан n-нен k бойынша алынған қайталанбайтын теру деп атайды. Ал барлық n-нен k бойынша алынған қайталанбайтын терулер санын арқылы белгілейді (k< n).
Мысал 14. Математика үйірмесіне қатысатын 7 оқушының ішінен олимпиадаға қатысатын екі оқушыны неше тәсілмен таңдап алуға болады.
Мысал 15. Араластырылған 36 карта колодасынан кездейсоқ 4 карта таңдап алынды. Таңдап алынған 4 картаның да тұз болып шығу ықтималдығы қандай?
Мысал 16. Екі бірдей жолдаманы 5 адамға неше жолмен беруге болады?
Мысал 17. Бөлімде 5 үздік маман және 8 бас маман жұмыс істейді. Іс-сапарға 2 үздік және 2 бас маманды жіберудің қанша тәсілі бар?
Мысал 18. Бір оқушының 6 математика кітабы, ал екіншісінің 8 кітабы бар. Неше тәсілмен бірінің үш кітабын екіншісінің үш кітабына ауыстыра алады?
Мысал 19. Шахмат үйірмесіне 2 қыз және 7 ұл бала қатысады. Жарысқа қатысу үшін 4 адам тұратын команда құру керек. Команда құрамында жоқ дегенде бір қыз болу керек. Команданы неше тәсілмен құруға болады?
Мысал 20. 10 адамды 5 адамнан тұратын екі баскетбол командасына неше тәсілмен бөлуге болады?
Достарыңызбен бөлісу: |