Пәнаралық байланыстар
|
-қазақ тілі, лингвистика (әріптердің комбинациясын қарастыру)
-криптография (шифрлаудың әдістерін құру)
- спорттық сайыстары (қатысушылар арасындағы ойындар санын есептеу)
|
АКТ қолдану дағдылары
|
Интербелсенді тақтаны презентацияны, бейне-көрсетілімді көрсету үшін қолдану, тақтаны жазу құралы ретінде қолдану. Калькулятор қолдану.
|
Бастапқы білім
|
Жиындарды қосу және көбейту ережелерін біледі.
|
Сабақ барысы
|
Сабақтың жоспарланғанкезеңдері
|
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
0-3 минут
|
I. Ұйымдастыру кезеңі.
- оқушылардың зейінін шоғырландыру;
- оқушылармен бірге сабақ мақсаттарын/ОМ анықтап алу;
- оқушылардың «жақын даму аймағын» анықтау, сабақ соңында күтілетін нәтижелерді анықтау.
|
Презентация Таратпа материалдар
|
Сабақтың ортасы
4-6 минут
7-12 минут
13-18 минут
19-26 минут
27-32 минут
33-35 минут
36-37 минут
38-39 минут
|
II. Өткен тақырыптарды жандандыру.
Комбинаториканың негізгі ережелері:
Тапсырма 1. Ыдыста 5 алма және 3 алмұрт бар. Осы жемістерді ішінен біреуін неше тәсілмен таңдап алуға болады?
Қосу ережесі
Егер a объектісін n тәсілмен, ал b объектісін m тәсілмен алуға болса және бұл тәсілдер әр түрлі болса, онда " a немесе b " объектісін n+m тәсілмен таңдап алуға болады (a және b объектілерін бір уақытта таңдауға болмайды).
Тапсырма 2. Ыдыста 5 алма және 3 алмұрт бар. 1 алма мен 1 алмұртты неше тәсілмен таңдап алуға болады?
|