Сабақ тақырыбы: Көмірсутектердің табиғи шикізаттары



Дата07.04.2020
өлшемі201,5 Kb.
#61856
түріСабақ
Байланысты:
ҚМЖ 123



Сабақ тақырыбы:Көмірсутектердің табиғи шикізаттары.

Химия пәні.

Күні: 10.02.2017ж.

Оқытушы :Омаркулова Б.К.

103топ « Бейнелеу өнері және сызу»

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары)

Қазақстандағы көмірдің,мұнайдың, табиғи газдың кен орындарын атау. Құрамында көміртек бар қосылыстардың отын ретінде пайдалану мүмкін екендігін білу. Мұнай фракцияларын табиғи газ құрамын мұнайды айдау өнімдерінің қолдану аймақтарын білу

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: Көмірсутектің табиғи шикізаттарын ,құрамын ,отын түрлерін,пайдалану жолдарын біледі .

Оқушылардың басым бөлігі: Мұнай құрамын ,қасиетін,фракцияларын біледі .Шығармашыл жұмыс істей алады .

Кейбір оқушылар Генетикалық байланыстарға мысалдар келтіріп, тиісті реакция теңдеулерін жаза біледі.пиролиз, газдандыру, гидрогендеу мағынасын біледі.Өнім шығынын ,масса ;көлемді есептей алады .

Дереккөздер

Химия . Жалпы білім беретін мектептің 11 сыныбына арналған оқулық. Темірболатова Ә, Нұрахметов Н, К. Жексенбина Химия оқыту әдістемесі.

Ә. Темірболатова, Н. Сағымбекова, С. Әлімжанова «Тапсырмалар жинағы Химия - 11»,Ә.Темірболатова, А.Қазымова, Ж.Сағымбекова Химия оқу кітабы, Алматы «Мектеп» 2011ж



Ресурстар

Интерактивті тақта,.презентация ,маркерлер,плакат ,карта

Құндылық мәні


Дұрыс әрекет


Қасиеттері

Мейірімділік.ізденімпаздылық,қамқорлық

Сабақ түрі

Жаңа сабақ

Сабақ әдісі мен технологиялар

СТО,АКТ мүмкіндіктерін пайдалану ,топпен жұмыс,Сократтық семинар ,көшбасшы(мәтінмен жұмыс),Дарынды балаларды оқыту (,білім кілті)

Сабақ кезеңдері

Оқытушының іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

«Ұйымдастыру»

(2 мин)


Амандасу.5Тны сақтауды еске салу, Сыныпта ынтымақтастық ахуал туғызу. «Мандарин»сергіту сәті .

Сергіту сәтіне қатысады.



Топқа бөлу

(3 мин)


«Метан»гомологтары бойынша топқа бөлу ,топ ережесін құрастыруды ұйымдастыру .



Топқа бөлінеді,қанатты сөздер таңдау арқылы топ ережесін құрастырады .



Үй тапсырмасын

тексеру

(10 мин)


Сұрақ-жауап түрінде үй тапсырмасын тексеру. «Білім кілті» әдісімен жұмыс .Білім кілтін жеңімпазға табыстау .

Сұрақтарға жауап береді ,деңгейлік сұрақтар жазылған әр түсті алма жемісін алу арқылы.

Өз ара бағалау.



Баланс дөңгелегі

(15 мин)


Жаңа сабақ жоспарын «Баланс дөңгелегі»арқылы таныстырады.Тақырыпты білу деңгейін сызу арқылы белгілеу .

«Баланс деңгейіне »сұрақ бойынша білім деңгейін сызып көрсетеді .

Тусіну .Блум таксономиясы

20мин


«Сократ семинары» әдісі бойынша студенттердің ойын тыңдайды,дайындығын тексереді.Толықтырады .

Өздеріне жұп таңдау арқылы , бірін -,бірі тыңдайды , қорытындылайды, бағалайды .

Қорыту .Блум таксономиясы

20мин


«5.5.1» әдісі бойынша мәтінмен жұмыс. әртүрлі мамандыққа бағыттау. «экономист», «әдебиетші», «тарихшы», «дәрігер» деген жазулары бар бүктеме қағаздар қояды.

.Бар материалдарын пайдаланып өз таңдаған мамандықтарын қорғап шығады.



Рефлексия

(Кері байланыс)

3мин


«Бір ауыз сөз» арқылы кері байланыс жасау

Стикерлерге сабақ туралы бір ғана сөз жазып, оны тақтаға жапсырады

«Баланс дөңгелегіне» білім деңгейінің өзгеруін сызып көрсету.



Бағалау

(5 мин)


Топтардың бағаларын есепке ала отырып, қорытынды жасайды Суммативті бағалау, жиынтық бағаны есептейді

Формативтік бағалау, топ спикері, өзін-өзі бағалау, жұппен бағалау жүріледі.

Үйге тапсырма

5мин




IIIтарау,Оттекті органикалық қосылыстар,(оқу .қосымша материалдар жинақтау)

75-89 бетке дейін .




Үй тапсырманы жазып алу. сұрақтармен жұмыс жасау.

Есік гуманитарлық-экономикалық колледжі



Қысқа мерзімдік жоспар


САБАҚ: Рационал өрнектерді тепе-тең түрлендіру

Мектеп: №54 жалпы орта мектеп

Күні: 11.05.2016 жыл

Мұғалімнің есімі: Абдираманова Акмарал

СЫНЫП: 9«Ә»

Қатысқандар саны:16

Қатыспағандар саны:

Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары)

Рационал бөлшектер және оларға амалдар қолдануды еске түсіру;

Рационал өрнектерді тепе-тең түрлендіруде қысқаша көбейту формулаларын тиімді қолдануға дағдыландыру;



Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: Рационал өрнектерді түрлендіруде қысқаша көбейту формулаларын пайдалана алады, А деңгейіндегі есептерді шығара алады

Оқушылардың басым бөлігі: Рационал өрнектерді ықшамдауда қысқаша көбейту формулаларын қолданады,тепе-теңдікті дәлелдей алады

Кейбір оқушылар: С деңгейіндегі тапсырмаларды толық меңгереді

Іс-әрекет

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

«Австралиядағы жабыр»

(1 мин)


Сергіту сәтінің шартымен түсіндіремін

Берілген тапсырманы ереже бойынша орындап шығады.

Топқа бөлу

(2 мин)


«Реттік санау» арқылы топқа бөлемін

Сурет сәйкестігіне қарай

топтасып отырады.



Үй тапсырмасын

тексеру

(7 мин)


Сұрақ-жауап түрінде үй тапсырмасын тексеру. Семантикалық картамен жұмыс істету

Сұрақтарға жауап береді. Топтасының картасын тексеріп, бағалайды

«Ойлан.Жұптас.

Пікірлес» әдісі (15 мин)

Тақырыпты жұпта, топта талқылау

Топтасын бағалау

Тест тапсырмалары

(15 мин)


Тақырыпқа қатысты тест тапсырмаларын беру

Тапсырмаларды орындап, жұптасын бағалайды

Кері байланыс

(3 мин)


«Плюс.Минус.Қызығамын. »

Сұрақтарға жауап береді

Бағалау

(2 мин)


Топтардың бағаларын есепке ала отырып, қорытынды жасайды

Жиынтық бағаны есептейді

Рефлексия. Сабақ/оқу мақсаттары шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?

Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтаға жауап беріңіз.




Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?







Қысқа мерзімдік жоспар


САБАҚ: Интервалдар әдісі

Мектеп: №54 жалпы орта мектеп

Күні: 13.05.2016 жыл

Мұғалімнің есімі: Абдираманова Акмарал

СЫНЫП: 9 «Ә»

Қатысқандар саны: 16

Қатыспағандар саны:

Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары)

Теңсіздіктерді интервалдар әдісімен шешу алгоритмін еске түсіру;

Теңсіздіктерді шешуде интервалдар әдісін тиімді қолдана білуге үйрету;



Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: Сызықтық теңсіздіктерді шеше алады, интервалдар әдісімен шешу алгоритмін біледі

Оқушылардың басым бөлігі: Интервалдар әдісімен есеп шығара алады

Кейбір оқушылар: С деңгейіндегі тапсырмаларды шеше алады

Іс-әрекет

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

«Ішкі шеңбер,сыртқы шеңбер»

(2 мин)


Шартымен түсіндіру, бір- біріне тамаша тілектер айту

Берілген тапсырманы ереже бойынша орындап шығады.

Топқа бөлу

(1 мин)


Суреттерді таңдап алады

Сурет сәйкестігіне қарай

топтасып отырады.



«Айналма бекет» әдісі

(12 мин)


Квадраттық теңсіздік

Теңсіздіктер жүйесі

Интервалдар әдісі


Сұрақтарға жауап береді. Топтарды тексеріп, бағалайды

Математикалық диктант (8 мин)

Қарапайым теңсіздіктерден математикалық диктант алу

Оқушылар тыңдап отырып, есептерді орындайды,бірін-бірі бағалайды

Деңгейлік тапсырмалар

(7 мин)


Оқушылардың білім деңгейлеріне қарай тапсырмалар беру

Тапсырмаларды орындайды,өзін-өзі бағалайды

«Мозайка» әдісі

(10 мин)


Интервалдар әдісімен берілген есептерден құралған пазлдар тарату

Тапсырмаларды орындап, жұптасын бағалайды

Кері байланыс

(3 мин)


«Менің сабақтан кейінгі әсерім»

Сабақтан алған әсерлерін параққа түсіреді

Бағалау

(2 мин)


Топтардың бағаларын есепке ала отырып, қорытынды жасайды

Жиынтық бағаны есептейді

Рефлексия. Сабақ/оқу мақсаттары шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?

Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтаға жауап беріңіз.




Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?





Қысқа мерзімдік жоспар


САБАҚ: Мәтіндік есептерді шешу

Мектеп: №54 жалпы орта мектеп

Күні: 16.05.2016 жыл

Мұғалімнің есімі: Абдираманова Акмарал

СЫНЫП: 9 «Ә»

Қатысқандар саны: 16

Қатыспағандар саны:

Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары)

Мәтіндік есептерді шешуде есептің толық мазмұнын түсіне білуге үйрету;

Мәтіндік есептерді шешуде теңдеу құрастыруға дағдыланадыру;



Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: Мәтіндік есептің мазмұнын түсінеді,белгісіз элементтерді анықтай алады

Оқушылардың басым бөлігі: Мәтіндік есептердің шартын құрастырады,белгісіз мәндерді анықтай алады

Кейбір оқушылар: Мәтіндік есептерге теңдеу және теңдеулер жүйесін құрай алады, белгісізді анықтайды

Іс-әрекет

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

«Күн сәулесі түседі»

(3 мин)


Сергіту сәтінің шартымен түсіндіру

Берілген тапсырманы ереже бойынша орындап шығады.

Топқа бөлу

(2 мин)


Түстерді таңдап алады

Сурет сәйкестігіне қарай

топтасып отырады.



«Миға шабуыл»

(10 мин)


Логикалық тапсырмалар беру

Сұрақтарға жауап береді. Топтасының жұмысын тексеріп, бағалайды

«Үйрете отырып, үйренемін»

(10 мин)


Мәтіндік есептер шығарту

Оқушылар әр түрлі жолдарды жазады, топтасын бағалайды

«Табақ тарту» (15 мин)

Топ мүшелерін толық қамтитын тапсырмалар беру

Теңсіздіктерді шешеді және бір-бірін бағалау

Кері байланыс

(3 мин)


«Екі жұлдыз,бір тілек»

Кері байланыс жасайды

Бағалау

(2 мин)


Топтардың бағаларын есепке ала отырып, қорытынды жасайды

Жиынтық бағаны есептейді

Рефлексия. Сабақ/оқу мақсаттары шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?

Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтаға жауап беріңіз.




Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?




Бекітемін:

Мектеп директоры: Ұ.Д.Мамешова



Орта мерзімдік жоспар

9 сынып


Мақсаты: Оқушылардың қайталау негізінде есеп шығару дағдысын қалыптастыру

Тараудың жалпы оқу мақсаты: Қайталау барысында өткен материалдарды толық меңгерту




Сабақтың тақырыбы

Оқудың негізгі мақсаты

Оқу нәтижелері

Белсенді оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер

Бағалау, соның ішінде оқыту үшін бағалау

Барлық оқу шылармен

жұмыс тап сырмалар

Негізгі дерек көздер,

ресурстар

1

Бүтін көрсеткішті дәреже және оның қасиеттері

Бүтін көрсеткішті дәреже және оның қасиеттерін еске түсіру;

Дәреже қасиеттерін есептер шығаруда тиімді қолдана білуге үйрету;




Бүтін көрсеткіш ті дәреже қасиеттерін толық біледі;

Дәреже қасиет терін пайдаланып есептер шығара алады;




«Көршіге көмектесу»

«Сап түзеу»

«Сыңарын тап»

Постермен жұмыс

Деңгейлік тапсырма

«Бір ауыз сөз»





Критериалды бағалау

Өзара бағалау

Кері байланыс


«Көршіге көмектесу»

Деңгейлік тапсырма




7 сынып алгебра

Стикер,флипчарт,маркер,парақшалар



2

Рационал өрнектерді тепе-тең түрлендіру

Рационал бөлшектер және оларға амалдар қолдануды еске түсіру;
Рационал өрнектерді тепе-тең түрлендіру

де қысқаша көбейту формулаларын тиімді қолдануға дағдыландыру;



Рационал бөлшектерге амалдар қолданады; Рационал өрнектерді тепе-тең түрлендіру

де қысқаша көбейту форму лаларын тиімді қолдануға дағдыланады;




«Австралиядағы жаңбыр»

«Реттік санау»

«Ойлан.жұптас.пікірлес.»

Тест тапсырмалары

Кері байланыс «Плюс.минус.қызығамын.»


Критериалды бағалау

Өзін-өзі бағалау



«Ойлан.жұптас.пікірлес.»

Тест тапсырмалары




9 сынып алгебра, тест тапсырмалары,маркер


3

Интервалдар әдісі

Теңсіздіктерді интервалдар әдісімен шешу алгоритмін еске түсіру;
Теңсіздіктерді шешуде интервалдар әдісін тиімді қолдана білуге үйрету;

Теңсіздіктерді интервалдар әдісімен шешу алгоритмін еске түсіреді;
Теңсіздіктерді шешуде интервалдар әдісін тиімді қолдана білуге үйренеді;

«Ішкі шеңбер,сыртқы шеңбер»

«Суреттерді таңдау»

«Айналма бекет»

Деңгейлік тапсырма

«Мозайка» әдісі

«Менің сабақтан кейінгі әсерім...»



Критериалды бағалау

Өзара бағалау

«Бағдаршам» әдісі


«Ішкі шеңбер,сыртқы шеңбер»

Деңгейлік тапсырма




8 сынып алгебра

4

Мәтінді есептерді шешу

Мәтіндік есептерді шешуде есептің толық мазмұнын түсіне білуге үйрету;

Мәтіндік есептерді шешуде теңдеу құрастыруға дағдыланадыру;



Мәтіндік есептерді шешуде есептің толық мазмұнын түсіне білуге үйренеді; Мәтіндік есептерді шешуде теңдеу құрастыруға дағдыланады;


«Күн сәулесі түседі»

«Түстерді таңдау»

«Миға шабуыл»

«Үйрете отырып, үйренемін»

«Табақ тарту»

«Екі жұлдыз,бір тілек»



Критериалды бағалау

Өзін-өзі бағалау



«Үйрете отырып, үйренемін»

«Табақ тарту»




8 сынып алгебра


Орта мерзімді жоспарлауға түсініктеме

Мектепте тәжірибеден өту кезінде орта мерзімді жоспарлауды 9 «Ә» сыныбына алгебра пәнінен тізбектелген төрт сабаққа жоспар түзілді. Сабақтар тақырыбы күнтізбелік жоспарға сәйкес тәжірибе кезеңіне сәйкестендірілді. Бұл сыныпты таңдап алу себебім, математика пәнін 5 сыныптан бері әрі сабақ беріп, әрі сынып жетекші болғандықтан, сыныптың жалпы үлгерімі, оқушылардың мінез-құлқы етене таныс. Сыныпты таңдауда оның сапалық құрамына баса назар аударылды. Жоспар түзуде 7 модульдің кіріктірілуіне көңіл бөлінді. Жоспарланған әрбір сабақтың мақсатын қоюда оқудағы нәтижеге қол жеткізу үшін шынайылыққа, қолжетімділікке, нақтылыққа басымдылық берілді. Әрбір сабақты жоспарлау барысында ынтымақтастық атмосферасын орнату мақсатында түрлі сергіту жаттығулары, яғни «Күн сәулесі түседі», «Австралиядағы жаңбыр», «Көршіге көмектесу», «Ішкі шеңбер,сыртқы шеңбер» жоспарланды. Оқушылардың бір-біріне деген достық қарым-қатынасын нығайту, ауызбіршілігін қалыптастыруда «Сап түзеу», «Суреттер», «Реттік санау», «Түстерді таңдау» әдістері бойынша сынып топтарға бөлінеді. Сонымен қатар сабақтың өткенді қайталау кезеңіне «Мозайка», «Айналма бекет», «Табақ тарту», «Сыңарын тап» секілді интербелсенді әдістер таңдап алынды. Бұл әдістер арқылы оқушылардың барлығы сабақта қамтылып, өз білімдеріне талдау жасай алады. Тәжірибе кезеңіндегі тақырыптар қайталау тақырыптары болғандықтан математикалық диктант, тест түрлерін және «сыңарыңды тап» әдісін пайдаланамын. Математикалық диктант, «сыңарыңды тап» әдістерін қолдану арқылы формулаларды қалай меңгергенін және қолдану аясын білуге болады. Тест түрлерін қолдану барысында оқушылардың есеп шығару дағдысы қалыптасады. «Екі жұлдыз, бір тілек», «Менің сабақтан кейінгі әсерім...», «Бір ауыз сөз», «Плюс.Минус.Қызығамын.» тәсілдерін қолданып, кері байланыс жасау арқылы оқушылардың өз біліміне түзетулер мен толықтырулар енгізуіне мүмкіндік жасалады. «Мозайка», «Айналма бекет», «Табақ тарту», «Сыңарын тап» әдістерін қолдану арқылы оқушылардың өзін-өзі бағалау, топтық бағалау, жұптық бағалау жүзеге асырылады. Бағалау барысында мұғалім тарапынан да марапаттаулар жасалады. Қорыта айтқанда, осы жоспар негізінде жасалған тәжірибе оқушы әлеуетін көтереді деген сенімдемін.



Орта мерзімді жоспарға негіздеме

Оқу бағдарламасын әдетте білім саласындағы саясатты қалыптастыратын адамдар мен мектеп әкімшілігі жоспарлайды. Орта мерзімді жоспарлау дегеніміз - мұғалімдер тобының оқу бағдарламасын тізбектелген сабақтар топтамасына айналдыруы. Өз кезегінде әрбір жеке мұғалім-орта мерзімдік жоспарды әрбір жеке сыныпқа арналған егжей-тегжейлі сабақ жоспарын жасау үшін пайдаланады. (МАН, 101бет) Орта мерзімді жоспарлау немесе тізбектелген сабақтар топтамасын жоспарлауда сабақтардың тізбектеліп ұйымдастырылуы, оқыту тәжірибесіне жеті модульді ықпалдастыру, оқу нәтижелерін өлшеу әдістерін ендіру, әрбір сабақ үшін оқу мақсаттарын белгілеу, тапсырмалардың жеңілден күрделіге қарай берілуі және барлық оқушыларды қамтуға бағытталған стратегиялардың қамтылуына басымдылық беремін. Мектептегі тәжірибеден өту кезінде орта мерзімді жоспарлауды 9 «Ә» сыныбына алгебра пәнінен тізбектелген төрт сабаққа жоспар түздім. Жоспардағы сабақтарға қойылатын мақсаттардың нақтылығына, қолжетімділігіне және шынайылығына көңіл бөлдім. Әрбір сабақта қойылатын мақсатқа сәйкес күтілетін нәтижені нақты қоюға тырыстым. Сабақтар тақырыбын күнтізбелік жоспарға сәйкес тәжірибе кезеңіне сәйкестендірдім. «Оқытудағы жаңа тәсілдер» модуліндегі тиімді әдістердің бірі–топқа бөліп оқыту. Топқа бөліп оқыту барысында оқушылардың ұжымдық қарым-қатынасы нығаяды, өзара сенімділік орнайды, әр оқушының пікірі құнды екеніне көз жеткізеді және өз пікірін дәлелдей білуге мүмкіндік береді. Қайталау негізінде берілген тақырыптар болғандықтан топпен және жұппен жұмыс жасау, оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін қолдану қолайлы деп есептедім. «Мозайка», «Айналма бекет», «Табақ тарту», «Сыңарын тап» әдістерін қолдануда оқушылар өз бетінше ізденіп, өткен тақырыптарды қайталайды. Осы әдістерді қолдану оқушылардың есте сақтау дағдыларының дамуына ықпал жасайды және топ мүшелерінің толықтай сабаққа қамтылуын қамтамасыз етеді. Деңгейлік тапсырмалар, математикалық диктант, тест түрлері және «Сыңарын тап» ойынын пайдалану оқушыларды жеке өзі есеп шығаруға итермелейді немесе өз бетінше жұмыс істеу дағдыларының қалыптасуына әсерін тигізеді. Математикалық диктант, «Сыңарыңды тап» әдістерін қолдану арқылы формулаларды қалай меңгергенін және қолдану аясын біле аламын. Тест түрлерін қолдану барысында оқушылардың есеп шығару дағдысы қалыптасады. Бұл тапсырмаларды беруде оқушылардың жас ерекшеліктерін және сыныптың стандартқа сай білімдерін ескеремін. «Ойлан. Жұптас. Бөліс.», «Үйрете отырып, үйренемін», «Миға шабуыл» және деңгейлік тапсырмалар беруді оқушылардың жұппен, топпен бірлесе жұмыс істеу үрдісіне негіздедім. Көрсетілген әдістерді пайдалануда диалогтік оқыту көрініс табады және оқушылар арасында көшбасшылық қалыптасады. Диалогтік оқыту білім сапасына әсерін тигізе отырып, оқушыны өзгенің пікірін тыңдай білуге,ойын еркін жеткізуге және өз ойларының дұрыстығын дәлелдеуге ықпалын тигізеді. Деңгейлік тапсырмаларды орындауда дарынды және талантты балаларды оқыту жүзеге асады. Осылайша оқушыларға тапсырма беру Блум таксономиясы негізінде жеңілден күрделіге қарай беріледі. Барлық оқушыларды сабаққа толықтай қамтуда «Мозайка», «Табақ тарту» интербелсенді әдістері мен тест түрлерін пайдалануды қарастырдым. Бұл жағдайда оқушылар сабаққа түгел қатысумен қатар өз білімдеріне талдау жасай алады. Жеке, жұптық және топтық жұмыстарды ұйымдастыруда оқушылар өзін-өзі, өзара бағалауды және топтарды бағалауды да үйренеді деп есептеймін. Оқу үшін бағалау және оқуды бағалау модулі негізінде критериалды бағалау, топтық бағалау, өзін-өзі бағалау және өзара бағалау түрлерін қолданамын. Бағалау барысында мұғалім тарапынан да марапаттаулар жасалады. Оқушылардың алға қойған мақсатына жету үшін кері байланыс әдісі оқушының өз білімін қадағалауға және бағалауға көмектеседі. Осы кері байланыс арқылы оқушыларға ненің қиындық тудырғанын, нені әлі де ескеру керек екенін, не нәрсенің ұнайтындығын, ненің оқуға кедергі келтіретінін білемін. Оқыту мен оқуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану және интербелсенді әдістерді тиімді пайдалану оқушылардың пәнге қызығушылығын арттырумен бірге тақырыпты меңгеруін қолжетімді етеді деп ойлаймын. Қорыта айтқанда, осы жоспар негізінде жасалған тәжірибе оқушы әлеуетін арттырады және білім сапасын көтеруге ықпалын тигізеді деген сенімдемін.

Қысқа мерзімді жоспарға түсініктеме

Мектептегі тәжірибеден өту кезеңіндегі жоспарланған сабақтарымның бірі 9 «Ә» сыныбына алгебра пәнінен «Интервалдар әдісі» тақырыбы. Тақырып қайталау негізінде берілген және тәжірибе кезеңіне сәйкестендірілген. Сабаққа қойылған мақсат оқушылар теңсіздіктерді интервалдар әдісімен шешу алгоритмін еске түсіреді, теңсіздіктерді шешуде интервалдар әдісін тиімді қолдана білуге үйренеді. Жекелеген қойылған мақсаттар бойынша барлық оқушы сызықтық теңсіздіктерді шеше алады, интервалдар әдісімен шешу алгоритмін біледі. Оқушылардың басым бөлігіне тән мақсат интервалдар әдісімен теңсіздіктерді шеше алады. Жекелеген яғни, үлгерім деңгейі жоғары оқушыларға кеңейтілген тапсырмалар беру логикалық ойлау қабілеттерін қалыптастыруда нәтижесін береді және С деңгейіндегі тапсырмаларды шеше алады. Сыныпта ынтымақтастық орта қалыптастыру үшін ұйымдастыру кезеңінен кейін, «Ішкі шеңбер, сыртқы шеңбер» әдісі пайдаланылады. «Суреттерді таңдап алу» бойынша сынып үш топқа бөлінеді. Сабақтың негізгі бөлімінде «Айналма бекет» тәсілі бойынша тақырыпты еске түсіреді, талдайды. Квадраттық теңсіздік, теңсіздіктер жүйесі және интервалдар әдісі бойынша үш топ бірін-бірі толықтырады, топтық бағалау жүргізіледі. Осы тәсілді пайдалану оқушылардың өз бетінше іздену, есте сақтау дағдыларының қалыптасуына ықпал етеді және топ мүшелерінің барлығының қамтылуына септігін тигізеді. Математикалық диктант алу оқушылардың тыңдалым дағдысына оң әсерін тигізеді және зейінін шоғырландыруға ықпал етеді. Тапсырмадан соң бірі бірінің жұмысын тексереді. «Мозайка» әдісі арқылы интервалдар әдісімен берілген есептерді құрастырады. Тақырып бойынша деңгейлік тапсырмалар беріліп, оқушылардың есеп шығару дағдысы бақыланады. Сабақ барысында «бағдаршам» әдісі, өзара бағалау және өзін-өзі бағалау жүргізіледі. Бағалау жүргізуде өзін – өзі бағалау, өзара бағалауға үйренеді. Сабақ соңында «Менің сабақтан кейінгі әсерім...» тәсілімен кері байланыс алынады. Кері байланыс жасау арқылы оқушылардың өз біліміне түзетулер мен толықтырулар енгізуіне мүмкіндік жасалады. Қорыта айтқанда, осы жасалған сабақ жоспары оқушының есеп шығару дағдысын қалыптастыруда оң нәтиже беруге негізделген.

Қысқа мерзімді жоспарға негіздеме



Қазіргі кезде білім беру саласында оқушылар үшін терең білімнің де, соған сәйкес тәжірибелік дағдылардың да тең дәрежеде маңызды екендігі туралы тұжырым қалыптасты. Заманауи оқыту тәсілдерінің негізгі ерекшелігі оқушылардың білімді тек меңгеріп қана қоймай, оны іс жүзінде орынды қолдана білуіне басты назар аударуы ХХІ ғасырда талап етілетін дағдылардың мән-маңызына барынша сәйкес келеді. (МАН, 4 бет) Мектептегі тәжірибеден өту кезеңіндегі жоспарланған тізбектелген сабақтар топтамасындағы сабақтарымның бірі 9 «Ә» сыныбына алгебра пәнінен «Интервалдар әдісі» тақырыбы қайталау негізінде берілген. Аталған тақырып бойынша берілген сабаққа қысқа мерзімді жоспар жасаймын. Жоспар бойынша сабаққа қойылған мақсат: оқушыларға теңсіздіктерді интервалдар әдісімен шешу алгоритмін еске түсіреді және теңсіздіктерді шешуде интервалдар әдісін тиімді қолдана біледі. Сыныптағы барлық оқушыларға қойылатын мақсат сызықтық теңсіздіктерді шеше алады, интервалдар әдісімен шешу алгоритмін біледі. Оқушылардың басым бөлігіне тән мақсат интервалдар әдісімен теңсіздіктерді шеше алады. Жекелеген яғни, үлгерім деңгейі жоғары оқушыларға С деңгейіндегі есептерді шығара білу және кеңейтілген тапсырмалар беру логикалық ойлау қабілеттерін қалыптастыруда нәтижесін береді. Қойылған мақсаттарды барынша шынайылыққа, нақтылыққа және қолжетімділікке негіздедім. «Оқытудағы жаңа тәсілдер» модуліндегі тиімді әдістердің бірі - топқа бөліп оқыту. Тақырып қайталау негізінде берілгендіктен сыныппен топтық жұмыс жүргізу, барлық оқушыларды қамтитындай түрлі әдіс тәсілдер қолдану тиімді деп есептедім. Критериий бойынша бағалай білуге дағдыланады, оқушының танымдық қабілеті және бір-біріне деген достық қарым-қатынасы қалыптасады. Сабақтың негізгі бөлімінде оқушылар «Айналма бекет» тәсілі бойынша тақырыпты еске түсіреді, талдайды. Осы тәсілді пайдалану оқушылардың өз бетінше іздену, есте сақтау дағдыларының қалыптасуына және өз бетінше жұмыс істеу дағдыларының дамуына ықпал жасайды. Бұл әдіс топтық жұмыс негізінде жүргізілетіндіктен оқушылар арасындағы көшбасшылық көрініс тауып, топ мүшелерінің арасында диалогтік оқыту орын алады. Осылайша, теңсіздікті интервалдар әдісімен шешу алгоритмін еске түсіріп, тиянақтайды. Оқушылар жұпта немесе топтарда жұмыс істегенде, олар «мұғалім-оқушы» сұхбаты түріндегі өзара іс-қимылға қарағанда мейлінше «симметриялы» болып табылатын өзара іс-қимылға тартылады, осылайша, негізделген дәлелдер ұсынып, қадағаланатын оқиғаларды сипаттауда түрлі мүмкіндіктерге ие болады. (МАН, 83 бет) Тақырыпты негіздеуде сынып оқушыларынан математикалық диктант аламын. Диктантты тыңдай отырып, тапсырманы орындау оқушылардың тыңдалым дағдысының қалыптасуына ықпал жасайды. Әр оқушы өз бетінше жұмыс жасау барысында өз біліміне талдау жасай алады. Деңгейлік тапсырмаларды орындау оқушылардың жеке өзі есеп шығаруына итермелейді және өз бетінше жұмыс істеу дағдысының дамуына көмегін тигізеді. Берілген есептерді жеке шығару кезінде, оқушы өз деңгейін өзі бағалауды да үйренеді деп есептеймін. Осы деңгейлік тапсырмаларды орындауда дарынды және талантты балаларды оқыту көрініс табады. Семантикалық картаны пайдалана отырып, оқушыларға тақырыптың тиімді тұстарын есте сақтауларына ықпал етемін. Тақырыптық тест беру арқылы теңсіздіктерді шешудің интервалдар әдісін қандай дәрежеде меңгергенін анықтаймын және жазба дағдысының қалыптасуына мүмкіндік жасаймын. «Мозайка» әдісі, деңгейлік тапсырма, математикалық диктантты қолдану арқылы сыныптағы барлық оқушылардың сабаққа тартылуын қарастырамын. Сабақ барысында берілетін тапсырмалардың барлығын жеңілден күрделіге қарай жоспарлаймын және ол тапсырмалар оқушылардың міндетті білім стандартына сай болуына көңіл бөлемін. Оқу үшін бағалау және оқуды бағалау модулі негізінде критериалды бағалау, өзін-өзі бағалау және өзара бағалау түрлерін қолданамын. Бағалау барысында мұғалім тарапынан да марапаттаулар жасалады. Оқыту мен оқуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану, интербелсенді тақта, түрлі слайдтар және оқытудың түрлі әдіс-тәсілдерін қолдану оқушылардың математика пәніне деген қызығушылығын арттырумен қатар, тақырыпты меңгеруін оңтайландырады деген ойдамын. Қазіргі заман талабына сай, білімді бәсекелестікке қабілетті тұлға тәрбиелеу үшін, мұғалімнің өзі ізденімпаз, жаңашыл және кәсіби дамыған білікті маман болуы тиіс.

Орта мерзімді жоспарлауға С есеп



Мектептегі іс-тәжірибе кезеңіндегі тізбектелген сабақтар топтамасын өзім сынып жетекшілік ететін 9 «Ә» сыныбында өткізуді жөн санадым. Себебі, сыныптың психологиялық және әлеуметтік жағдайы етене таныс, білім сапасы мен оқу үлгеріміне қанық едім. Тізбектелген сабақтар топтамасын күнтізбелік жоспардағы тақырыптармен сәйкестендіріп алдым. Тізбектелген сабақтар топтамасы немесе орта мерзімді жоспарды мектеп басшысына бекіттіріп, жоспар бойынша тәжірибемді бастадым. Мақсатым - өз тәжірибеме өзгеріс енгізу болатын. Орта мерзімді жоспар негізінде жасалған қысқа мерзімді сабақ жоспары бойынша сабақтарымды өз кезегінде өтіп отырдым. Жоспардағы сабақтарымды «Оқытудағы жаңа тәсілдер» модуліндегі тиімді әдістердің бірі –топқа бөліп оқыту бойынша өттім. Әлеуметтік - мәдени теорияны зерттеген Лев Выготский айтқандай, топтық жұмыстарда оқушылар «Жақын арада даму аймағына» кіреді. Сол арқылы оқушылардың сабаққа деген қызығушылығы мен ынтасы артып, білім алуына қолайлы жағдай жасалады. Топқа бөліп оқытуды дәстүрлі оқытуда яғни, өз тәжірибемде қолданып, шығармашылық жұмыс жүргізгенмін. Қорытындысында, осы тақырыппен жұмыс жүргізген сыныбым өз еңбек өтілімдегі үздік сыныптың бірі болды. Қазір ой жіберіп қарасам, дәстүрлі оқытудағы топтық жүйеде көбінесе бәсекелестік орын алып, қолданатын әдіс-тәсілдер кемшін тартып тұрса, бағалауда тиімді тәсілдер қолданбаған екенмін. Іс-тәжірибе барысында орын алған кедергілердің бірі тәжірибе мерзімі оқу жылының соңына тура келгендіктен, тоқсандық бақылау жұмыстарын алу және оқу жылының соңындағы қарбалас тіршілікке тап болдым. Дегенмен, көшбасшы мұғалім кез-келген тығырықтан шығатын жол таба білу керек. «Мектептегі мұғалім көшбасшылығы» бағдарламасының бірінші «Бетпе-бет» кезеңінде бағдарламада қарастырылатын жеті модульдің негізгі идеяларын түсініп, теориялық білімімді толықтырып, оқудағы жаңа әдіс-тәсілдерді үйрендім. Осы алған теориялық білімімді бағдарламаның екінші «Бетпе-бет» кезеңі «Мектептегі тәжірибе» кезеңімен ұштастырдым. Тәжірибе кезіндегі әрбір сабағымда топқа бөлуді «Реттік санау», «Сап түзеу», «Суреттерді таңдау» және «Түстерді таңдау» сияқты әдістері арқылы түрлендіріп отырдым. Әртүрлі әдіс-тәсілдер арқылы топқа бөлу, тапсырмалар түрін өзгертіп отырудағы мақсатым - оқушылардың қабілетін, дарындылығын және талантын байқау болатын. Сыныпта жағымды атмосфералық ахуал орнату үшін «Көршіге көмектесу», «Австралиядағы жаңбыр», «Ішкі шеңбер, сыртқы шеңбер» және «Күн сәулесі түседі» интербелсенді әдістерін пайдаландым. Топқа бөлуде байқағаным, үнемі бірге отыратын парталас құрдасынан гөрі әртүрлі сыныптасымен жұмыс жасау оқушыға тиімдірек болды. Оқушылар бір-бірімен емін - еркін, ашық қарым-қатынасқа түсті. Әр топта өзінің білімімен, қабілеттілігімен ерешеленетін көшбасшылар анықталып отырды. Көшбасшылар топтық тапсырмалардың толық және дұрыс орындалуын бақылап, топтың ынтымақтастығына көңіл бөліп, уақыттың тиімділігін қадағалауды өздері ескертусіз-ақ орындап отырды. Топ мүшелері бірін-бірі тыңдап қана қоймай, бір-бірінің пікір айтуына ықпал етіп отырғандары сыныпта біртұтас ұжым болып жұмыс жасауымызға үлкен көмек болды. Оқушылар тек мұғалімнің жетегін күтіп отырмастан, өздерінше сабаққа талдау жасауға, бағалауға үйренеді екен. Алдағы уақытта жеті модульді ықпалдастыра отырып, интербелсенді әдістерді кеңінен қолдану арқылы оқушыларды одан әрі көшбасшылыққа дамытамын деген мақсат пайда болды. Тізбектелген сабақтар топтамасындағы әрбір сабағымда мүмкіндігінше интербелсенді әдістерді түрлендіріп отыруға тырыстым. Себебі, жоспарланған алғашқы сабағым «Бүтін көрсеткішті дәреже және оның қасиеттері» тақырыбын қайталауда постермен жұмыс жасау барысында оқушылардың белсенділігі төмен болды. Бұлай болуы заңдылық деп білдім. Келесі сабақтарда «Мозайка», «Айналма бекет», «Табақ тарту», «Сыңарын тап» әдістерін қолдануда оқушылар өз бетінше ізденіп, өткен тақырыптарды қайталады. Аталған әдістерді пайдалануда сыныптағы оқушылардың түгел қамтылуымен қатар, сабаққа деген ерекше ынталарын, қызығушылықтарын, белсенділіктерін байқадым. «Айналма бекет» әдісінде оқушылар топпен теңсіздіктер жүйесі, квадраттық теңсіздік және интевалдар әдісін кезектесе отырып, білімдеріне толықтырулар жасады. Ал, «Табақ тарту» әдісі қазақтың тамаша үрдісін сипаттай келе, мәтіндік есептерді топтың барлық мүшесінің орындауына әсерін тигізді. Топтық тапсырмаларды орындау барысын аралап жүріп қадағалағанда үлгерімі төмен оқушыларға көбірек көңіл бөлуге тырыстым. Топ мүшелері жұмысты орындағанда өзара қабілет қарымдарына қарай бөлісіп, құрдастар ынтымақтастығы байқалды. Бұл Мерсер (2005) өз еңбегінде дәлелдеген құрдастар тобындағы өзара қарым-қатынас оқуда маңызды роль атқаратынының тағы да бір дәлелі. Оқушым Рахымжанова Мадинаның пікірінше, «сабақта түрлі интербелсенді әдістерді қолдану барысында үлгерімі төмен оқушылардың да сабаққа тартылғанын, қызығушылықтары мен ынтасы артқанын атап көрсетті». Топтық жұмысты қорғауда топ мүшелері түгел қамтылуын яғни, тақтаға шығуын қамтамасыз етуге және орындаған тапсырманы қорғауға толық қатыстыруға тырыстым. Осы арқылы оқушыларды сынып алдында, жалпы көпшілік алдында өз ойын еркін қысылмай жеткізуге дағдыландыру еді. Математикалық диктант, «Сыңарыңды тап» әдістерін қолдану арқылы формулаларды қалай меңгергенін және қолдану аясын білуіме мүмкіндік туды. Бұл әдістердің тағы бір тиімділігі, оқушылардың зейінін шоғырландыруға оң ықпалын тигізетіндігі. «Ойлан. Жұптас. Пікірлес.», «Үйрете отырып, үйренемін.» әдістерін іске асыруда жұптық жұмыс өз нәтижесін берді. Жұптық жұмыс барысында, оқушылардың бір-біріне сенімділігі артып, өз білімдерін толықтыруға және өз ойын еркін жеткізуге мүмкіндік жасалды. Тест тапсырмалары мен деңгейлік тапсырмаларды орындауда дарынды және талантты балалармен жұмыс жүргізу көрініс тапса, кейбір оқушылардың ынтасын арттыруға және қызығушылығын оятуға ықпалым тиді. Берілген тапсырмалар мен тиімді әдіс-тәсілдерді қолдануда оқушылардың жас ерекшеліктеріне көңіл бөлдім. Оқытудағы тағы бір байқаған өзгеріс, оқушылардың бағалау әрекетіне өздерінің қатынасуы дер едім. Бағалаудың түрлі әдістерін енгізуде оқушылар әділ бағаға және шынайылыққа жаны құмар болады екен. Дәстүрлі оқытудағы бағалаумен салыстырғанда оқушының өзіне деген сенімділігін нығайтып, өз іс-әрекетіне жауапкершілігін күшейтеді екен. Оқушым Акрамов Аянның бағалау туралы «берілген тапсырмаларға критерий қойғаныңыз және математикалық диктант, тест тапсырмаларын өз жұптасымызға бағалатқаныңыз біздің бағаға деген наразылығымызды жояды екен. Топтар бір-бірімізді «бағдаршам» әдісімен бағалағанымыз қызық әрі тиімді болды». Оқушыларға тапсырмаларды орындауы барысында көбірек көңіл бөле отырып, «жарайсың», «керемет», «тамаша» және «өте жақсы» деген ауызша бағалармен қолдау көрсетіп, олардың көбірек сабаққа араласуына, жауаптарын толықтыруына ықпал жасап отырдым. Осындай мадақтау, мақтау сөздерді қолдану кезінде оқушылардың бойынан еркіндікті байқадым. Кері байланыс арқылы алынатын мәліметтер әсіресе өз біліміне түзету мен өзгертулер енгізу ісінде өте құнды болып табылатындықтан, «Бір ауыз сөз», «Плюс.Минус.Қызығамын.», «Менің сабақтан кейінгі әсерім...», «Екі жұлдыз, бір тілек» интербелсенді әдістерін пайдаландым. Оқушылардан кері байланыс алған кезде оқушылардың ішінде дәстүрлі оқытудан осы сындарлы оқыту теориясы жақсы екендігін жазып өткен пікірлер де болды. Өзімдегі өзгерісті байқау үшін де, оқушылардың сабақ туралы пікірлеріне талдау жасай отырып, олқылықтардың орнын толтыруға жұмыс жасаймын. Дәстүрлі оқытуда мен өзімнен кемшілік іздемейтін болсам, бұдан кейінгі уақытта сабағыма талдау жасай аламын және әрбір келесі сабағымды ешқандай қиындықсыз түрлендіріп отырамын. Жаңа оқу жылында топтық жұмыс формасын, жаңаша оқытудың интербелсенді әдістерін басқа сыныптарымда да күнделікті сабақта қолданамын деп мақсат қойып отырмын. Осы негізде әрбір оқушының бойындағы қабілеттерін ашып, білім сапаларының артуына ықпал етемін. Өзімнің іс-тәжірибеме өзгеріс енгізген, қайта даярлауға мүмкіндік берген курсқа келгеніме қуаныштымын. Бағдарлама негізіндегі жеті модульді ықпалдастыра отырып, орта мерзімді жоспар түзу барысында өткізген әрбір сабағымды нәтижелі өтетініме сенімдімін. Елбасымыз «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер - бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстаздарға жүктелген міндет ауыр», - деп атап көрсеткендей, біздің яғни ұстаздар қауымының алдында жауапты да қызықты міндет тұр. Ал, мен үшін Елбасының көрсеткен сара жолын ұстана отырып, өскелең ұрпағымызды білім шыңына бағыттау үлкен мақтаныш.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет