Сабақ тақырыбы: Компьютерлік желілер және олардың жіктелуі



бет2/5
Дата13.10.2023
өлшемі11,94 Mb.
#185279
түріСабақ
1   2   3   4   5
Байланысты:
7 сынып ҚМЖ Сабақ тақырыбы Компьютерлік желілер және олардың жіктелуі
І тарау «Молекулалы биология негіздері» Тест Молекулярная биол, радиация, 9
Сабақтың басы
Ұйымдастыру кезеңі
3 мин



Топтастыру
2 мин

«Жұмыс үстелі» әдісі
5 мин


«Миға шабуыл»
2 мин

Сабақтың ортасы
Білу, Түсіну

Оқулықпен топтық жұмыс. «Ойлан, жұптас, бөліс» әдісі
10мин



«Пайыз» әдісі
Қалыптастырушы бағалау

Жұптық жұмыс
Қолдану
5 мин.

Жеке жұмыс
«Детальдарын қосу» әдісі.
8 мин.




Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушыларды жылы жүзбен қарсы алу, амандасу.
«Өзіңе тілегенді - басқаларға тіле!» тренингін ұйымдастыру. (Әр оқушы 10-15 секунд уақыт аралығында ішінен өзіне бір немесе бірнеше ізгі тілек тілеу тапсырылады. Содан кейін қатысушылар жұпқа бөлініп, бір-бірінің қолынан алып, жаңағы өзіне тілегенді жұптасына айту керек).

«Жұптасқан жұбың». Ұйымдастыру кезеңіндегі жұптасқан жұптарымен екі топқа бөлемін.
1-ші топтың аты: Жергілікті желі .
2-ші топтың аты: Жаһандық желі
Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

Оқушылардың өткен тақырып бойынша алған білімдерін «Жұмыс үстелі» әдісі арқылы пысықтау.


(Топта отырған оқушылар өтілген тақырып бойынша сұрақтар құрастырып, басқа топтардың жұмыс столына жапсырады. Топ мүшелері қойылған сұрақтардың жауабын бірлесе жауап береді. Барлық топ қойылған сұрақтарға жауаптарын түсіндіреді. Егер тақырыптан қалып қойған маңызды жерлері болса, мұғалім өзі сұрақ дайындауына болады.)
Сұрақтары:
1. Мұрағаттау дегеніміз не және оны тұрмыста не үшін қолданады?
2. Компьютерде мұрағаттаудың қажеттілігі неде деп ойлайсың?
3. Қандай мұрағаттау бағдарламаларын пайдаланғансыңдар?
4. Желі арқылы үлкен көлемдегі ақпараттарды тасымалдауда уақыт пен қаражатты үнемдеу жолдары қалай шешіледі?
5. WinRar бағдарламасының мүмкіндіктерін сипаттап бер?
6. Көптомдық мұрағаттар дегеніміз не?
7. Мұрағаттаушы бағдарлама көмегімен файлды құпиялауды қалай жүзеге асыруға болады?

«Миға шабуыл».
Компьютерлік желілер дегенді қалай түсінесіздер?
Оқушы білгендерін тыңдай отырып, жаңа сабақ тақырыбымен және мақсатымен таныстыру.
Ендеше, бүгінгі жаңа сабағымыз


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет