Сабақ тақырыбы Көпмүшелерді көбейткіштерге жіктеу



бет1/3
Дата21.07.2017
өлшемі237,88 Kb.
#21737
түріСабақ
  1   2   3
Еркін Нұрсәуле
Химия-биология бағытындағы
Назарбаев Зияткерлік Мектебі
Қарағанды қаласы



Көпмүшелерді көбейткіштерге жіктеу


Күні:17.02.2017

Мұғалімнің аты-жөні: Еркін Нұрсәуле




Сынып: 7

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Көпмүшелерді көбейткіштерге жіктеу.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

7.2.1.14 алгебралық өрнектерді ортақ көбейткішті жақша сыртына шығару арқылы көбейткіштерге жіктей алады ( ;

7.2.1.15 топтау тәсілімен көпмүшелерді көбейткiштерге жiктей алады;

7.2.1.16 қысқаша көбейту формулалары көмегімен көпмүшелерді көбейткіштерге жіктей алады;


Сабақ мақсаты

Көпмүшелерді ортақ көбейткішті жақша сыртына шығару, топтау, қысқаша көбейту формулаларын қолдану арқылы көбейткіштерге жіктеу дағдыларын жетілдіреді.

Бағалау критерийлері

  • Ортақ көбейткішті жақша сыртына шығарады;

  • Көпмүшелерді топтап көбейткіштерге жіктейді;

  • Қысқаша көбейту формулаларын біледі;

  • Қысқаша көбейті формулаларын қолданып көпмүшелерді көбейткіштерге жіктейді;

Тілдік мақсаттар

Көпмүшелерді көбейткіштерге жіктеу қадамдарының тәртібі мен түйінді элементтерін анықтайды.

Пәнге қатысты лексика мен терминологиялар: бірмүше, көпмүше, дәреже көрсеткіші, теңдік, коэффициент, көбейткіш, көбейткіштерге жіктеу, ортақ көбейткіш, ең үлкен ортақ көбейткіш.



Құндылықтарды дарыту



Назарбаев Зияткерлік мектептері «қалай білім алу керектігін білетін», дербес, ынталы, қызығушылығы жоғары, сенімді, жауапты, ой-өрісі дамыған жеке тұлғаны қалыптастыруға бағытталған қағиданы ұстанады.

оқу, өз бетімен ақпаратты табу, жағдайды талдау, жаңа жағдайларға икемделу, мәселелерді қою және шешім қабылдау, жұпта жұмыс істеу, өз жұмысының сапасына жауап беру, өз уақытын ұйымдастыра білу;



Пәнаралық байланыстар

Бөлім алгебраны әрі қарай зерттеуге және математика формулаларын геометрияда пайдалануға көмектеседі.

АКТ қолдану дағдылары

Өз жұмысының сапасына жауап беру үшін өз жұмысын өзі тексеруде АКТ мүмкіншілігін қолдану.

Бастапқы білім


алгебралық өрнектерді; айнымалының мүмкін мәндерін; қосу мен көбейтудің ауыстырымдылық және үлестірімділік қасиеттерін пайдаланып, өрнектерді ықшамдауды; ұқсас қосылғыштарды біріктіруді, егер олардың алдында минус (плюс) белгісі тұрса жақшаларды ашуды біледі.







Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

3 мин


І. Ұйымдастыру кезеңі.

а) Топқа бөлу. Сын тұрғысынан ойлау арқылы топқа бөлу.

- Сіздер топқа ортақ көбейткішті шығару, топтау әдісі, қысқаша көбейту формулалары деген ұғымдармен бөліндіңіздер.




Осы үш ұғымды біз қайда қолданамыз?

- Ендеше, бүгінгі сабақтың тақырыбын анықтап көріңіздер?



б) Сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру.


Оқушылар түстер бойынша емес сөздер бойынша топтасу керек екендігін тауып, өздері топтасады.

Өздерінің пікірлерін айтады.



Жақсы!

Мұғалім бағалау парағына әр оқушыны бағалап отырады.


Карточкалар

Презентация

1-4 слайдтар



Каталог: wp-content -> uploads -> 2017
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Аңыз әңгімелер «Асан қайғының жерұйықты іздеуі»
2017 -> Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин әңгімелері
2017 -> Сабақтың тақырыбы Мен не үйрендім? Сабақ негізделген оқу мақсаты
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Жылқы. С. Мұқанов
2017 -> Сабақтарында «мнемотехника»әдісін пайдалану. №48 «Ақ көгершін»
2017 -> Оқушыны іздендіру жолы – шығармашылық
2017 -> Сабақтың тақырыбы Менің отбасым. І дыбысы мен әрпі
2017 -> Әңгіме шебері Ы. Алтынсарин
2017 -> Б.Қ. Абдыкаимова №56 «Береке» балабақшасы тәрбиеші Астана қаласы
2017 -> Қысқа мерзімді жоспары: Мұғалімнің аты-жөні


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет