Сабақ Тақырыбы: Логарифмдік теңдеулерге есептер шығару Пән мұғалімі: Полатбаева А



бет7/13
Дата08.09.2017
өлшемі2,63 Mb.
#31316
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13

ІV Тарихи анықтама

Логарифмді ойлап тапқан және логарифмдік кесте құрастырған ғалым Джон Непер Шотландияда дүниеге келген. 16 жасында континентке кетіп, 5 жыл Европаның әртүрлі университетінде оқып, математиканы игерген. Кейін астрономия және математикамен терең айналысқан. Логарифмдік есептеулер идеясына Непер 16- ғасырдың 80- жылдарында келген, дегенмен өзінің кестесін 25 жыл есептеулерден кейін 1614 жылы ғана жариялаған. Ол «Логарифмдік керемет кестелер сипаты» деген атпен шыққан. «Логарифм» деген терминнің өзін де Непер ұсынған, ол оны «қолдан жасалған сан» деп аударған. Непердің кестелері мен идеялары тез таралып, қолданысқа түскен. «Непер ережесін» және «Непер аналогияларын» сфералық тригонометрияда кездестіруге болады.

«Екі нәрсе ғана өмірдің сәнін келтіреді: Бірі-математикамен шұғылдану,екіншісі-одан сабақ беру» кімнің сөзі?

(Пуассон С.Д)

«Ақыл-ойды тәртіпке келтіретін математика,-сондықтан да оны оқу керек»

(М.В.Ломоносов)

«Білімді болу деген-жаңалық ашуға қабілетті болу»

(Әл-Фараби)

Фалестің айтуынша:«Дүниедегі ең үлкен нәрсе-кеңістік.Бәрінен жүйрік-ой.Бәрінен дана-уақыт.Бәрінен жеңіл-басқаға ақыл айту. Бәрінен қиыны өзіңді-өзің тану». Иә шынында да, біз мектептің негізін қалаушылары мұғалімдер өзімізді-өзіміз танып алуымыз қажет деп ойлаймын.

Арифметика математиканың, ал математика ғылымдарының патшасы

(К.Гаус)

Математика – барлық ғылымдары тұңғышы және оларға пайдалы да қажет (Р.Бекон)

Логарифмді ойлап табу-есептеу техникасының үлкен жетістігі.1614 жылы шотландық лорд Джон непер «Логрифм канонын суреттеу» деп аталатын еңбегін жарыққа шығарды. Д.Непер қайтыс болғаннан кейін, Бригге 1-ден 2000 және 90000,100000-ға дейінгі он төрт таңбалы бүтін санды қамтыған «Логарифмдік арифметика» атты еңбегін 1624 жылы басып шығарды.

«Адамның денесі ғана емес, сонымен қатар миы да жаттығуыды талап етеді. Математика ми гимнастикасы»,-А.В.Суворов






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет