Облыстық «Шыңдалу» мектебінің
«Оқушылардың лингвомәдени құзырлылықтарын арттыру жолдары»
тақырыбындағы семинар-кеңесіне дайындалған
І деңгейлі қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Қ. Нукенованың
ашық сабақ жоспары
30.10.2015 .
30.10.2015.
|
Қазақ тілі
|
10- сынып
|
Сабақ тақырыбы
|
Ұлттық үрдіс және сөз мәдениеті
|
Сілтеме
|
Жаратылыстану – математика бағыты.10-сыныпқа арналған қазақ тілі оқулығы. Сөз мәдениеті. «Мектеп» 2014 жыл. Н.Оразақынова және басқалар.
Салт-дәстүр сөйлейді. Отбасы хрестоматиясы.С.Керімбай Алматы 2014. «Орхон» Баспа үйі
|
Сабақтың жабдығы
|
Қазақ тілі-ана тілі тақырыбына арналған материалдар:
1. Оқулық
2. Қазақ тілінен жұмыс дәптері
|
Жалпы мақсат
|
Ұлттық үрдіспен байланысты сөйлеу мәдениетіміздің қалыптасатынын түсінеді; әр ұлтқа тән өзіндік сөйлеу стилі, этнолингвистикасы болатынын, оның халықтың сат-дәстүрімен, тұрмыс-кәсібімен байланысты сараланатынын білетін болады. Халқын сүюге, салт-дәстүрін, тілін құрметтеуге тәрбиеленеді.
|
Міндеттері
|
Ұлттық үрдіс пен сөз мәдениетімізді бірлікте қарастырады.
Халқының салт-дәстүрімен қатысты даналық сөздерінің шығу тарихы барын түсінеді.
Өз тілін құрметтейді, тереңіне бойлауға ұмтылады.
|
Күтілетін нәтиже
|
Туған халқының әр сөзінде өзі білуге тиісті даналық ой барын, тылсым сыр барын түсінуге тиіс
|
Сабақтың түрі
|
Жаңа сабақ өту. Танымдық-зерделеу сабағы
|
Оқыту әдістері
|
Жұмыс түрлері: топтық, жеке, жалпысыныптық;
СТО. «Миға шабуыл» . «ҮББ» . Бағалау. Постер.
|
Сабақтың көрнекіліктері
|
Оқулық материалдары, жаттығулары
А-4 қағаздары, кеңсе заттары.
|
Топқа бөлу
|
4 топқа бөліну: тұрмыс, дәстүр, шешендік, даналық сөздерімен бөлінеді
|
Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу
|
Кішкентай кездеріңде : «Олай істеме, жаман болады!»- деген тыйым сөздерді естідіңдер ме , балалар? Оның сырын сұрадыңдар ма?
Қазір ше? Қазір де ондай сөзді естисіңдер ме? Мысалы? Сырын білдіңдер ме соның? Қыз баланы ұруға тебуге бола ма? Неге болмайды? (қарындасын ұрған жігіттің өкініші туралы айтып беру. Көкекке айналған қыз, шашы ағарған аға)
|
Қызығушылықты ояту
|
2-слайд. Ұлттық мәдениеті жоғары дамыған ел кез келген өркениетті деген елден оқ бойы озық тұрады.
Түріктер қағидасы
Келісеміз бе? Қалай түсіндірер едіңдер?- 1 минут
3-слайд. Алты жыл аш болсаң да, атаңның салтын ұмытпа.
Қазақ мақалы
Қазақтың мақалы алдыңғы айтылған оймен үйлесе ме, қалай ойлайсыңдар? – 1 минут
|
Мағынаны тану
|
18 минут
Ендеше , сендермен бүгінгі өтетін сабағымыз да осы ата-баба дәстүрімен байланысты. Ұлттық үрдіс және сөз мәдениеті
Тісінік беріледі.
4-слайд.
Салт-дәстүр
← ↓ →
Бала тәрбиесі Тұрмыс-салт Әлеуметтік-мәдени
Әдет-ғұрыптар: Киіз үй, қазақ жиһаздары, Қазақ ауылдары
Шілдехана, сүйінші- ұлттық киімдер- туыстық қатынас, шешендік,
...еңбекке баулу кәсіпке баулу қонақ күту...- ұлттық мәдениет
1-жұмыс. Салт-дәстүр сөйлейді.
Топтарға тапсырма: топтарға 4 түрлі мәтін беріледі, түсініп оқып, мазмұндау керек, қорытынды жасайды.
1-топқа – Асты «бісімілдә» деп баста;
2-топқа - Көк шөпті жұлма;
3- топқа – Табалдырықты баспа;
4 –топқа – Бүйіріңді таянба
Оқу, түсіну, дайындалуға, суретпен бейнелеуге – 5 минут.
Топтарды тыңдау -8 минут.
2-жұмыс. 64-жаттығу.
Берілген 8 мақалды 4 топқа 2-ден бөліп беру. Олардың адам мәдениетіне қатысты өз ойларын ортаға салады. – 8 минут
|
Сергіту сәті
|
Өздеріне құрмет: «От шашу»
|
Ой толғаныс
|
23минут
1-жұмыс. 63-жаттығу. Даналық ойдан дән ізде – ауызша жүреді.
8 сөзді 2-ден бөліп беру. Оқып, мазмұнын ашады. Қорытынды жасайды.
2-жұмыс. Шешендік сөздерді түсіну, рольмен шығару -
Өздеріне берілген мәтінді оқып , көрініске айналдырады немесе рольмен оқиды – 13 минут
1-топ – Автор сөзі. Мәтіні:
Автор сөзі
Ұлы жүздің тізгіні де, қамшысы да Үйсін Төле бидің қолына көшті. Орта жүздің тізгіні де , қамшысы да Арғын Қазыбектің қолына көшті. Кіші жүздің тізгіні де, қамшысы да Әлім Әйтекенің қолына көшті. Қандай қиын түйінді де Әйтеке бауыздап, Қазыбек ұшалап, Төле мүшелеп берер еді. Қандай қиқар дәукесің де Әйтеке айтқанда, құлақ аспасқа, Қазыбек айтқанда құптамасқа, Төле айтқанда , «төресі осы » деп жығыла кетпеске жағдайы жоқ-ты. Әйтеке жарып айтады, Қазыбек қазып айтады, Төле тауып айтады деген де содан қалған.
Әз Тәукені күллі қазаққа хан сайлап, Сұпы Әжіні күллі қазаққа пір сайлап, «Жеті жарғының» жосығын қабылдаған ұлы жиын аяқталғасын, жиылған жұрт «ертең елге барғанда айта барамыз, үш би бізге не дейді екен? Соны алып кеткіміз келеді» дейді.
2-топ – Кәрілік пен жастық туралы. Мәтіні:
Кәрілік пен жастық туралы
Үй сыртында төбең болса, ерттеулі тұрған атың ғой; ел ішінде қарияң болса – жазулы тұрған хатың ғой,- дейді Төле.
Жалтылдайды екен деп жастықты сөкпе – бәріңнің шыққан тегің сол; қалжаңдайды екен деп қарттықты сөкпе, ертеңгі жетер шегің сол,- депті Қазыбек.
Ар сатып алған атақтан тер сатып алған мал артық; сақалын сатқан кәріден еңбегін сатқан бала артық,- дейді Әйтеке.
3-топ - Ең жақсы сараңдық туралы. Мәтіні:
Сараңдықтың қандайы жақсы?
Ең жақсы сараңдық –қасың сұрағанда , барға сараңдық; досың сұрағанда – жоққа сараңдық,- деді Төле қамшысын қайтып алып.
Көрсе қызар алдында жарыңа сараңдық,; айналдырған аурудың алдында жаныңа сараңдық лазым,- деді Қазыбек.
Тамыр мен тамырдың арасында боқшаға сараңдық; дос пен достың арасында бопсаға сараңдық,- деді Әйтеке.
3-топ - Ұл мен қыз хақында. Мәтіні:
Ұл мен қыз хақында
Ұл өссе- ұрпақ; қыз өссе – өріс,- деді Төле би.
Ұл бала аптыққаннан өлсін; қыз бала тұншыққаннан өлсін,- деді Қазыбек.
Дәулетіңнің қадірін ұлың өскенде білерсің; абыройыңның қадірін қызың өскенде білерсің,- деді Әйтеке.
3-жұмыс. “Соңғы сөзді мен айтайын...”
Бүгінгі тақырып және қазіргі ғаламдастыру заманы туралы ой –
4 минут
|
Үй тапсырмасы
|
Тақырыппен танысу. Өз ізденістері
|
Кері байланыс
|
«ҮББ» стратегиясы бойынша- 3 минут
Бүгінгі сабақта үйрендім
|
Бұрыннан білемін
|
Тағы да білгім келеді
|
|
|
|
|
Бағалау
|
Өз топтарында өзін-өзі және бірін-бірі бағалау.
|
Рефлексивтік есеп
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |