Сабақ Тақырыбы: Мақал-мәтелдер Өткізген: қазақ тілі мен әдебиеті



Дата07.07.2017
өлшемі143,22 Kb.
#20708

114 «Сайрам» жалпы орта мектебі
5 «В» сынып

Ашық сабақ

Тақырыбы:



Мақал-мәтелдер

Өткізген: қазақ тілі мен әдебиеті

пәні мұғалімі Махмудова Ш.Б.



Шымкент 2016



Қазақ әдебиеті

Күні: 07.10.2016 жыл сыныбы: 5-«В»

Сабақтың тақырыбы:

Мақал-мәтелдер.

Сабақтың мақсаты: мақал-мәтелдер халықтың рухани қазынасы екендігі,

олардың өзара ұқсастығы мен ерекшеліктерін, мақалдың

ғибраттық, өсиеттік мәні, мәтелдің ишара, меңзеу

тұрғысында қолданылатындығын ұғындыру.



Оқу нәтижесі: тіл байлықтары, ойлау қабілеттері, өз беттерінше салыстыру,

қорытынды жасау және таным белсенділіктері дамиды;



Қолданылған әдіс-тәсілдер: Іздендіру, түсіндіру, сұрақ-жауап, даралық және топтық жұмыс, шығармашылық жұмыс.

Сабақтың көрнекілігі: Кесте, сызбалар, үлестірмелі парақшалар

Техникалық құралдар: Интерактивті тақта, слайдтар

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңдері

Жоспарланған жұмыс

Ресурстар

Сабақтың басы



Ұйымдастыру.Оқушыларды түгендеу.

Оқушыларды сабаққа психологиялық дайындау

«Жүректен - жүрекке» (тренинг)

Оқушыларға жүрекшелер таратылып, сабақ барысында білім шыңына жету үшін керекті қасиеттерді бір-біріне тілейді.



Жүрекше стикерлер



Ізденіс кезеңі

Үй тапсырмасын сұрау

Үйден оқушыларға өз беттерімен ізденіп, мақал-мәтелдерді жазып, жаттап келуге берілген болатын. Оқушылар мақал-мәтелдер айтады.


Дәптер


Ұжымдық жұмыс

Жаңа сабақтың тақырыбын ашу:

Сөзжұмбақ.

  1. Жазылуы бірдей, мағыналары әр түрлі.

  2. Заттың атын білдіретін сөз табы.

  3. Жылқы пірі.

  4. Адамның түрлі көңіл-күйін білдіретін сөздер.

  5. Жеке заттарға қойылатын атау.

  6. Балаға ең қымбат.

  7. Білім беретін мекеме.

  8. Бірнеше сөйлемнен құралып негізгі ойды білдіреді.

  9. Көркемдеп суреттеуде затты немесе құбылысты екінші затпен не құбылыстармен салыстырып бейнелеу.

  10. Сиыр пірі.

  11. Сөздер мен сөйлемдерді байланыстыратын сөз табы.

Сұрақтарға жауап беру арқылы жаңа сабақтың тақырыбы ашылды. «Мақал-мәтелдер»

Сөзжұмбақ


кесте

Даралық жұмыс

Мақал-мәтелдің мағынасын ашып, өмірде тиімді қолдана білудің ерекшелігін дәлелдейді.

Жаңа сабаққа өздіктерінен ізденіп, қол жеткізуге бағыттау үшін кестеге назар аударады.


Оқулық





Мақал-мәтелдер

Сұрақтар

Болжамдарын растау

Еңбек түбі - береке

Құрамындағы сөздердің орны тұрақты ма?

Сөздердің орны тұрақты

Ақ жүрген азбас

Аз сөзбен көп мағына беріліп тұр ма?

Аз сөзбен көп мағына береді

Жақсыдан үйрен,

Жаманнан жирен.



Ақыл-өсиет айтылған ба?

Үлкенді сыйлауға өсиет айтып тұр




Кесте

Сабақтың ортасы



Мақал мен мәтелдердің айырмашылығы мынада:

Мақалдың мазмұнында себебі мен салдары қатар айтылып, себебі айтылмай қалып қояды.

Мақал көбінесе құрмалас сөйлем күйінде келеді. Ал мәтел жай сөйлем күйінде келеді. Кейде баяндауышы айтылмаған толымсыз сөйлем күйінде келеді.

Мақал-мәтелдердің негізгі белгілері



Қалыптасқан дайын сөйлемдер қалпында жұмсалады

Белгілі бір тұжырым, түйінді береді

Ақыл, өсиет айтылып, адамгерші-

лікке үндейді



Мақал-мәтелдердіңерекшеліктері


Р/с

Мақал

Мәтел

1

Құрылысы жағынан екі, үш бөлімді

Көбіне бір бөлімді болып келеді




Әке – асқар тау, шеше – қайнар бұлақ, бала – жағасындағы құрақ

Кәрі түлкі қақпанға түспес

2

Ой неғұрлым ашық айтылады

Батыр туса – ел ырысы, жаңбыр жауса – жер ырысы.

Ой-пікір ишара, тұспал түрінде беріледі.

Көп түкірсе – көл.

3

Ақыл, өсиет түрінде келеді

Бірлігі күшті ел озады, бірлігі жоқ ел тозады.

Көбіне эмоциялық реңк басым.

Қызым, саған айтам, келін, сен тыңда.

Мақал-мәтелдердің тақырыптары әр алуан болып келеді.

Мысалы: Отан, еңбек, батырлық, достық, адамгершілік, оқу-білім т.б.



ІІІ Практикалық дағды кезеңі

Балалар, сабақ барысында білімімізді ең биік шыңға көтеруге ұмтыламыз. Сіздер бағындыратын білімнің биік шыңы Білім пирамидасымен өлшенеді.



І саты (Оқушылық деңгей)

  1. Бірнеше сөздер беріледі: Білім, еңбек,сөз, тіл, өнер. Мақал-мәтелдер құрап, оларды қатыстырып бір-екі сөйлеммен өз сезімдерін білдіреді.

Бағалау критерийі арқылы өз-өзін бағалайды.

ІІ саты (Алгоритмдік деңгей)

Мақал-мәтелдерді аяқтау. Бағалау критерийі арқылы өз-өзін бағалайды.

ІІІ саты (Ізденімдік деңгей)

Мақалды бөлек, мәтелді бөлек жазу.

Мақалдар

  1. Біреу күн нұрына малынса, біреу ай сіулесіне зәру.

  2. Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей.

  3. Айдағаны бес ешкі, ысқырығы жер қарады.

  4. Өсер елдің ақыны көп, өшер елдің әкімі көп.

  5. Ең әдемі сөз – ең ақылды сөз.

Мәтелдер

  1. Жақсы адамға жау жоқ.

  2. Кәрі түлкі қақпанға түспес.

  3. Екі қораз ен қорағасыймас.

  4. Ауыртпалық ақыл қосар.

  5. Ұжданы ақтың жүзі ақ.

  6. Қыздың көзі қысылды.

Интерактив тақтада слайд арқылы


Кеспе қағазды

толықтыру

Үлестірме

дәптер

қалам


слайд арқылы
парақшалар
Бағалау критерийі арқылы өз-өзін бағалайды.


Сергіту сәті

Интерактив тақтада ролік «қара жорға» биі

Интерактив тақта

Сабақтың соңы



Ә) «Жылдам жауап» ойыны. Сәйкестендіру тесті.

Еңбек түбі - Зейнет

Бейнет түбі - Береке

Ұрлық түбі - Қорлық

Сөз анасы - Құлақ

Су анасы - Бұлақ



IV саты (Шығармашылық деңгей)

Оқушыларға сол 4 топқа бойынша тапсырмалар беріледі.

Әр топқа тақырып беріледі.

І топ – Ата-ана ІІ топ – Отан ІІІ топ – Еңбек ІV топ - Оқу

Шығармашылық жұмыс. Тірек сөздер мен сөз тіркестерін пайдалана отырып, шағын эссе жазу. Топтық жұмыстың көрініс табуы)
Қорытындылау, сұрақ-жауап:


  1. Мақал-мәтелдер әдебиеттің қай түріне жатады?

  2. Мақал-мәтелдердің айырмашылығы неде?

  3. Мақал мен мәтелдердің авторы кім?

үлестірме

қағазда
Бағалау критерийі арқылы өз-өзін бағалайды.

Эссе


дәптер

қалам

Рефлекция


Бағалау критерийі арқылы өз-өзін бағалайды. Жинаған ұпай сандарын шығарады .Сабақтар алған білімдерін, әсерлерін, қиыншылықтарын «Бес саусақ» әдісі арқылы бағалап, жазып береді.


«Бес саусақ» әдісі арқылы бағалау

Үйге тапсырма беру

Мақал-мателдер тақырыбын оқып, мақал-мәтел жаттап келу.

Дәптер, күнделік





Ата-ана


Отан


Еңбек


Оқу-білім


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет