Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы
Сарышаған кентінің ЖОББмектебі КММ
Бастауыш сынып мұғалімі Балпыкова Раушан Мадесовна
Ана тілі.4-сынып.
(электронды нұсқадағы ашық сабақ)
Тақырыбы: Мағжан Жұмабаев «Түркістан»
Мақсаттары: Мағжан Жұмабаевтың өмірі және шығармашылығымен танысу. "Түркістан"өлеңдегі ақын көтерген тақырыптарды ашу, балаларды ойланып, жауаптарын тиянақты айта білуге дағдыландыру. Оқушының тіл байлығын жетілдіру, тілін, елін, жерін сүйе білуге тәрбиелеу.Патриоттық тәрбие беру.
Міндеттері:
1. Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын ояту.
2. Сабаққа оқушылардың өз білетін білімдері арқылы ену.
3. Сабақ бойынша ой қорытынды жасауға, өзіндік тұжырым айтуға үйрету.
Күтілетін нәтиже:
Оқушылардың өз беттерімен оқып білу мүмкіндігі туады;
Әр оқушының жеке ойын тыңдауға,өзіндік пікірін жеткізуге жетелеу арқылы бірін-бірі тыңдай білуге үйренеді;
Басқа оқушының айтқандарынан ой қорытынды жасауға дағдыланады.
Көрнекілігі: слайд,музыка.
Сабақтың өту барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі.
Сабақ мақсатын хабарлау.Оқушыларды стикер түстерін таңдату арқылы 3топқа бөлу,әр топты орындарына жайғастыру.
ІІ.Өтілген материалды пысықтау:
1)-Өткен сабақта кіммен,кімнің шығармасымен таныстық?
Әр топ М.Жұмабаев туралы білетіндерін қағазға түсіреді.
(Ауызша сұрау,әр топ кезектесіп өз жауаптарын қорғайды)
Қосымша материал:
Мағжан Бекенұлы Жұмабаев(1893-1938) Әкесі-Бекен,анасы-Гүлсім. Алаш қозғалысының қайраткері, ақын, қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі. “Балапан” қолжазба журналын шығаруға қатысқан. Орыс тілі мен әдебиетінен дәріс берді. Аудармашылықпен айналысты.1938ж.жазықсыз жалаға ұшырап, ату жазасына кесілді.(45жасында)
2)ОқулықтанМ.Жұмабаевтың «Өткен күн»өлеңін мәнерлеп оқыту.
Өлең мазмұны бойынша сұрақ қою:
-Ақын көз алдына нелерді елестетеді?
Әр топ өлең мазмұнынан түсінгендерін қағаз бетіне жазады.
(Ауызша сұрау,әр топ кезектесіп өз жауаптарын қорғайды
-Өлеңде аты аталған жер-суларды Қазақстанның физикалық картасынан көрсету.
Еділ-Жайық аттары бірге аталады.Аңыз бойынша бір-бірін түсінде көріп таныған екі батырдың есімдері.
Жетісу-тарихи-географиялық аймақ,жер аты.Оған Іле,Тентек,Қаратал өзенінің аймақтары кіреді.
ІІІ.Жаңа сабақ:
М.Жұмабаев жайлы өлең оқу:
Алты алашқа құрбан болған ақ жаны,
Ақындықтың мұздай мөлдір маржаны.
Ұлы Абайдың ұрпағы деп бас иер
Ол кім десең-Жұмабайдың Мағжаны!
Бүгін біз М.Жұмабаевтың «Түркістан»өлеңімен танысамыз.(1-слайд)
1-слайд
ІҮ.Оқулықпен жұмыс:
М.Жұмабаевтың «Түркістан»өлеңін мәнерлеп оқып беру.
Оқушылардың іштей оқуы.
Оқушылардың дауыстап,тізбектей оқуы.
-Өлеңдегі сөз ішінде кейбір сөздер неліктен бас әріппен жазылған?(қазақ тілімен пәнаралық байланыс)
(жер-су,адам аттары)
Ү.Өлең мазмұнын талдау:
Өлеңнен Түркістан жайлы не білдік?Теңеу сөздерді табу.(Есік,бесік,Арыстан ел,қасқа жол)
Әр топ өлең мазмұнынан түсінгендерін қағаз бетіне жазады.
(Ауызша сұрау,әр топ кезектесіп өз жауаптарын қорғайды)
Қосымша материал: Қасқа жол-ауыспалы мағынада қолданылып тұрған сөз.
Қасым хан-“ Қасым ханның қасқа жолы ” деген атпен халық жадында сақталған қазақтың тұңғыш конституциялық құжатының негізін жасаумен әйгілі болған ұлы хан.Бұл заңда бала,ата-ана,жеке адамның құқықтары айқын көрсетілді. Қасым хан өз тұсында берік және адал,шыншыл хандардың бірі болды.Ол жарлыны,әлсізді алаламады,халқына қолдау көрсетіп отырды.Н.Ә.Назарбаевтың елге сіңірген еңбегі жайлы сұрау.(2-слайд)
2-слайд
Достарыңызбен бөлісу: |